1.
Семантикалық тәсіл. Лексикалық мағынаның жал-
пыланып, абстракңиялануы арқылы жалпы грамматикалық
мағынаның пайда болуы. Мысалы, белгілі бір топ сөздердің
29
жалпы зат атауын немесе заттың сынын я санын, немесе жал-
пы қимыл, іс-әрекетті білдіру, сөйтіп, белгілі бір топтарға (сөз
таптарына) жіктелуі.
2.
С интетикалы қ тәсілдің қазақ тілінде ең жиі кездесе-
тіні — қосымша арқылы грамматикалық мағынаның берілуі.
Әсіресе форма тудыратын қосымшалар арқылы неше ал-
уан грамматикалық магына беріледі: көптік, тәуелдік, жақтық
мағыналар, жіктік жалғау арқылы жақтық, жекешелік-
көпшілік мағыналар, септік жалғаулары арқылы қимыл, іс-
әрекеттің иесі, меншіктілік, тура және жанама объектілік,
мезгілдік, мекендік-бағыттық, қүралдық-амалдық сияқты
мағыналар, шырай жүрнақтары арқылы бір тектес сынның са-
лыстырмалы я күшеитпелі сипаты, етіс жүрнақтары арқылы
қимыл, іс-әрекеттің субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі
қатынастарды білдіру, болымсыз етістік жүрнағы арқылы сол
қимылдың болмауы, шақ жүрнақтары арқылы сөйлеп түрған
сәтпен байланысты қимылдың болып кеткенін, я болып
жатқанын, я әлі болмағанын (шақтық мағыналарды) білдіруі,
рай түлғалары арқылы қимылдың болу-болмау шартын, тілек-
ниетін, біреуге бүйыруын, т. б. білдіруін көрсетуге болады.
Ал қазақ тілінде грамматикалық мағынаны префикс арқылы
білдіру жолы жоқ. Мысалы, орыс тілінде при-шел (келді),
у-чил (оқытты, үйретті), за-шел (келіп кетті), про-читал (оқып
шықты), пере-шел (өтіп кетті), т. б. сөздердегі при, у, за, про,
пере приставкалары белгілі грамматикалық мағына тудырып
түр. Қазақ тіліндегі бірді-екілі сөздің қүрамындағы бей (би) -
бейшара, беймаза, бейуақ, на - наразы, т. б. префикс емес,
олар кірме түбірдің қүрамына еніп кетеді. Сондай-ақ ішкі
флексия жолы да қазақ тілінде жоқ. Мысалы, араб тілінде
сөздің қүрамындағы ішкі дыбыстардың өзгеруі арқылы жаңа
грамматикалық мағына туады: катаба -жазу, жазды етістігі
болса, китаабун - кітап та, кутбун - кітаптар деген көптік
мәнді білдіреді. Ішкі флексияның элементтері орыс тілінде
30
де кездесіп отырады: собирать (жинау) - собрать (жинап алу),
бегать (жүгіру) - бежать (жүгіріп кету), т. б. сияқты етістіктің
видтік мағыналары, сөздің қүрамындағы дыбыс өзгерістері
флексия)
Қазақ
болымсыз етістік пен етістік түбірден зат есім тудыратын -ма,
Достарыңызбен бөлісу: |