сөзді, сөздік, сөздіктер, сөздікпен, сөздікте, сөйле, сойледі,
сөйлесе, сөйлеген, сөйлепті, сөйлем, сөйлемнің, сөйлемді де-
гендерге назар аударайық.
Ең алдымен, осылардың әрқайсысы
жеке-жеке соз бе? Әрине жоқ. Соз түрғысынан келсек, бүл топ-
тан
соз, сөздік, сейле, сөйлем деген торт созді боліп көрсетуге
болады, ал қалғандары осы төрт сөздің бірінің түрлі формалары.
Басқаша айтқанда,
сөз, сөздер, сөзді дегендер бір ғана соз -
сөз,
сөздік, сөздіктер, сөздікпен, сөздікте дегендер де бір ғана сөз -
сөздік; сөйле, сөйледі, сөйлесе, сөйлеген, сөйлепті дегендер
де бір ғана сөз —
сөйле; сөйлем, сөйлемнің, сөйлемді деген-
дер де бір ғана сөз —
сөйлем, өйткені осы топтың әрқайсысы
бір ғана лексикалық мағьшаны білдіреді:
сөз болса,
ауыздан
шығатын, белгілі үғымды білдіретін дыбыстар жиынтығы, ол
мағына
сөз десек те,
сөздер десек те,
сөзді десек те өзгермейді;
сөздік - белгілі мақсатпен (мағынасын түсіндіріп, жазылуын
көрсететін,
басқа тілге аудармасын беретін, т. б.) жасалған,
тілдегі сөздерді жинақтап берілетін қүрал, ол мағына
сөздік
десек те,
сөздіктер десек те,
сөздікпен десек те,
сөздікте де-
сек те өзгеріссіз беріліп отырады.
Сөйле мен
сөйлем дегендер
жайында да осыны айтуға болады. Ал бүлардың өз ішінде бір-
бірінен айырмашылығы сол — негізгі
лексикалық мағынасы
біреу болса да, демек, лексика ретінде бір сөз болса да,
сөз де-
геннен
сөздер дегеннің айырмашылығы сол сөздің біреу емес
көп екендігін білдіріп, ол қосымша грамматикалық мағына —
Достарыңызбен бөлісу: