көптік жалғау сол заттардың (қүдай, Әбдірахман) көптігін
білдіріп түрған жоқ, бірінші сөйлемде қаратылып айтылған
адамдардың көп (біреу ғана емес) екендігін, екінші сөйлемде
Әбдірахман жалғыз емес, қасында тағы басқа адамдар бар
екендігін білдіреді. Сондықтан да сан-мөлшер категориясына
байланысты жекелік және көптік мән туралы, әсіресе олардың
грамматикалық сипаты туралы мәселе болғанда мағыналық
жағынан осындай шарттылықтарды ескермей болмайды.
Сүрақ.
Көптік үғымды білдірудің тәсілдері қандай?
Жауап.
Көптік
үғымның
бірден-бір
грамматикалық
көрсеткіші - көптік жалғау. Ал жекелік үғымның оған қарама-
қайшы грамматикалық арнайы формасы болмайды. Бірақ
көптік үғым тек көптік жалғау арқылы ғана беріліп қоймайды.
Жоғарыда көрсеткеніміздей, бір тектес заттардың жалпыла-
ма атауында, абстракт үғымдағы сөздерде де, жеке-даралап
санауға келмейтін немесе дерексіз зат атаулары сияқты сөздерде
коптік, жалпылық мән болады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: