И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет46/99
Дата22.11.2022
өлшемі10,59 Mb.
#51665
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

үй, ағаш, 
сәуле, 
ой, 
қарсылық 
дегендер - бір ғана жеке заттың атауы емес, бір тек- 
тес заттардың бәрін қамтитын жалпылама атау. Солай бола 
түрса да, бүл сөздердің семантикасынан тікелей көптік үғым 
туа ма? Бүларды «көптік үғымды осылайша сөздің тікелей өз 
лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп 
аталады» 
(Ы. 
А. — ҚҚТ, 
41), 
немесе «Көптік мағына тудырудың 
лексикалық тәсілі деп отырғанымыз -зат есімнің жекеше, көпше 
болып бөлінуінің белгілі бір жалғаудың қызметіне байланысты 
болмай, сөздің өз ішкі лексикалық мағынасына (дүрысында жал- 
пы грамматикалық мағынасына, ойткені лексикалық мағына 
жекелік-көптік мән жағынан бейтарап -
И. 
С) байланысты бо- 
лып келуі» (ҚТГ, 53) сияқты қорытынды жасауға, ол сияқты 
сөздерді көптік үғымды білдіретін сөздер деп бірден-бір тануға 
толық негіз бар ма? Шындығында бүл сияқты сөздер көптік 
мәнде ғана қолданылып, жекелік мағынаға қарама-қайшы 
болса ғана, яғни үй деген үйлер үғымында ғана, сәуле деген 
сәулелер үғымында ғана, т. б. түсінікте ғана, көптік үғымның
77


(мағынаның) толық мәнде лексикалық тәсіл арқылы берілуі бо- 
лып танылар еді, дұрысында бұл сөздер көптік мағынадан гөрі 
жалпылық, дерексіз абстрактылық мәнді білдіреді.
Көптік ұғым аналитикалық тәсілмен де беріледі. Сан есімдер, 
сандық мәні бар сөздер, қайталама қос сөздер, т. б. зат атауының 
алдынан келіп, оны анықтап тұрса, ол зат біреу емес, бірнешеу 
(көп) екенін тұсінеміз. Әдетте ондайда зат атауын білдіретін сөз
көптік жалғауынсыз қолданылды: талаи жыл өтті, коп адам жи- 
налды, жүздеген тонна жүк жіберілді, мыңдаған машина жүк 
тасып жүр, мая-мая шөп үйген, тау-тау астық үйіліп жатыр, 
т. б. Көптік жалғаудың бірден-бір грамматикалық көрсеткіші 
-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Бұлар - бөлек-бөлек жалғаулар 
емес, өзі жалғанатын сөздің соңғы дыбысы мен буынына бай- 
ланысты түрленетін бір жалғаудың варианттары. Дауысты 
дыбысқа немесе р, й, у үнді (сонар) дауыссыздардың біріне 
біткен сөздерге жуан буыннан кейін -лар, жіңішке буыннан 
кейін -лер, қалған үнді дауыссыздардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет