ф
Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік
қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі
грамматикалық мағына үстеп,
сөз бен сөзді байланыстыру-
да үлкен орын алатын зат есімнің парадигмалық түрлену
жүйесінің бірі — септік жүйесі. Әдетте септік жалғау кейде
тікелей өзі, кейде басқа түлғалармен қабаттасып (мысалы, жіктік
жалғаумен, тәуелдік жалғаумен қоса), зат пен қимыл, я зат пен
(сын) арасындағы субъектілік (субъектілік—предикаттық), тура
және жанама объектілік,
меншіктілік-қатынастық, мекендік-
мезгілдік, көлемдік, амалдық-қүралдық сияқты
қатынастарды
бі л діреді.
Сұрақ. Жоғарыдағы айтылған көптік (немесе сан-мөлшер),
тәуелдік жалғауларына (категорияларына) берілгендей, септік
жалғаудың (категорияның) мәнін ашатындай түжырымды бір
анықтама беруге болмай ма?
Жауап. Көптік (сан-мөлшер),
тәуелдік жалғауларының
(категорияларының) әрқайсысы өз ішінде бір-біріне қайшы
мәндес мағьшалардың жиынтығынан түратын (мысалы, сан-
§ 5.С Е П Т ІК К А ТЕГО РИ Я С Ы
мөлшер категориясында жекелік-жекеше және көпше, тәуелдік
категориясында үш түрлі жақ:
бірінші айтушы жақ, екінші
тыңдаушы жақ, үшінші бөгде жақ және жекеше-көпше неме-
се оңаша-ортақ мәндер) бір ортақ категориялық мағынаны біл-
дірсе, септік жалғауы (категориясы) ондай ортақ категориялық
мағынаны білдіре алмайды. Септік жалғау түрлерінің ба-
сын
біріктіріп, зат есімнің түрлену парадигмасының бір
категориялық түрі етіп отырған — септік жалғауларының
мағыналық ортақтығынан гөрі қызметтік (сөз бен сөзді байла-
ныстыру сипаты), магьшалық-қызметтік (тек зат есім сөздерге
жалгануы немесе басқа сөз табына жалғанса, оны заттандырып
түруы) қызметі. Сондықтан да септік жалғауды (категориясын)
анықтағанда, көбіне оны (септік қосымшаларын) «сөйлемдегі
сөздерді
бір-бірімен
Достарыңызбен бөлісу: