40
1.23.23.
Академиялық айырмашылықтарды жою мемлекеттік білім беру грантын
сақтай отырып басқа университеттен ауысу жағдайларын қоспағанда, ақылы негізде жүзеге
асырылады. Бұл жағдайда білім алушыларға академиялық айырмашылықтар пәндерін
ауысқаннан кейінгі алғашқы оқу жылында тегін оқып-үйренуге бір реттік мүмкіндік
беріледі.
1.23.24.
Білім алушыға мемлекеттік стипендия академиялық айырмашылықтар
толығымен жойылғаннан кейін ғана тағайындалады. ҚазҰУ-ға ауысқаннан кейінгі алғашқы
оқу жылында жойылмаған академиялық айырмашылық ақылы негізде академиялық
қарызға ауыстырылады.
1.23.25.
Оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім
алушы осы пәндерге жазылады, академиялық кезең ішінде барлық оқу сабақтарына
қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, қорытынды бақылауға
рұқсат алады.
1.23.26.
Магистранттар мен докторанттарды ауыстыру кезінде басқа ЖОО-да оқыған
элективті пәндерді қайта есепке алу үшін олардың дайындық мазмұны әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-дың оқу бағдарламаларына сәйкес болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда белгіленген
тәртіппен жойылуға жататын оқу жоспарларындағы айырмашылық рәсімделеді.
1.23.27.
Білім беру гранты бойынша оқитын Студент қалауы бойынша білім беру
грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауыстырылады. Жекелеген жоғары оқу орындары
үшін бекітілген Білім беру гранты бойынша, сондай-ақ бөлінген квота шегінде
педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа жоғары оқу орнына ақылы негізде
ғана ауыстырылады.
1.23.28.
Білім алушыны ауыстыру кезінде қабылдаушы ЖОО білім беру
бағдарламасының дайындық бағыты мен бейінін, сондай-ақ білім алушының оқу
жетістіктерін ескереді
1.23.29.
ҚазҰУ-дан басқа университетке немесе басқа университеттен ҚазҰУ-ге
ауысу үшін білім алушы «Керемет» Студенттерге қызмет көрсету орталығындағы
студенттік кеңсеге өтініш береді. Білім алушылар күзгі семестрден кейін - күнтізбелік
жылдың 10 қаңтарына дейін, оқу жылынан кейін - күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін
ауыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: