Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның



Pdf көрінісі
бет31/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

2.4. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның 
экономикалық мәні
Экономикалық таңдау кезінде баламалы шығындарды есептеу 
экономикалық талдаудың маңызды принциптерінің бірі болып 
есептелетіндігі бізге белгілі.
Енді баламалы (баламалы) шығындарды график арқылы, яғни 
өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл 
қисық – екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік 
ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, 
осы ресурстан дайын өнім өндіргенде бір ғана баламалы игіліктің 
өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игіліктің өндірісі 
азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының 
баламалы мүмкіндіктері өте көп болады.
Өндірістік мүмкіндіктер – технологиялық дамудың белгілі бір 
деңгейінде қолдағы бар ресурстардың барлығын аса толық және 
тиімді пайдалана отырып экономикалық игіліктерді өндірудегі 
қоғамның мүмкіндіктері. Жоғарыда атап өткеніміздей, өнімнің 
мүмкін шығарылымын өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды. 
Мысалы, қоғамда тек қана екі игілік өндіріледі: тұтыну заттары 
және инвестициялық тауарлар. Оны 2.1-суретінен көруге болады. 


40
Осы суретке сәйкес, А нүктесінде – ресурстардың барлығы тұтыну 
заттарын өндіруге жұмсалады. Е нүктесінде – ресурстардың барлығы 
инвестициялық тауарларды өндіруге жұмсалады. D нүктесі – тиімсіз 
өндірісті білдіреді. N нүктесі – мүмкін емес өндірісті сипаттайды. А, 
В, С, Е нүктелерінен өтетін қисықты біз өндірістік мүмкіндіктер 
қисығы – ресурстарды толық пайдалану кезіндегі баламалы 
нұсқаларды сипаттайтын қисық деп атаймыз.
тұтыну
заттары
Инвестициялық тауарлар
2.1-сурет. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы оңға (мәселен, N нүктесіне) 
немесе солға (D нүктесіне) жылжиды. Егер қоғамда тұтыну 
заттарына және инвестициялық тауарларға сұраныс өссе онда 
өндірістік мүмкіндік ұлғайып қисық оңға (параллельді түрде) 
жылжиды, яғни бұл экономиканың дамығандығын білдіреді немесе 
керісінше, экономикалық дағдарыс жағдайында екі тауарға сұраныс 
бірдей төмендесе, онда фирманың (немесе мемлекеттің) өндірістік 
мүмкіндіктері тарылып қисық параллельді түрде солға жылжиды.
а)
тұтыну 
заттары 
тұтыну 
заттары 
ә)
инвестициялық тауарлар
инвестициялық тауарлар
2.2 сурет. Өндірістік мүмкіндіктер қисығының жылжуы
Алайда, өндірістік мүмкіндіктер қисығының параллельді түрде 
жылжуы міндетті емес. Екі тауарға сұраныс бір уақытта төмендеуі 
немесе өсуі мүмкін емес. Мәселен, инвестициялық тауарларға сұра ныс 
төмендеп (немесе артып), тұтыну заттарына сұраныс көлемі өзгермей 
сол күйінде қалуы мүмкін (2.2 а-сурет). Немесе керісінше, тұтыну 


41
заттарына төмендеп (немесе артып), инвестициялық тауарларға 
сұраныс көлемі өзгермей сол күйінде қалуы мүмкін (2.2 ә-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет