— 1 — dauletten қосымшасындағы баспанаға бағыт ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін



Pdf көрінісі
бет102/114
Дата22.11.2022
өлшемі4,12 Mb.
#51783
түріСабақ
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   114
Байланысты:
«Бизнеске бағыт» кітабы.

 «Кәсіпкер» бағдарламасы
«Кәсіпкер» бағдарламасы – ауылды жерлерде 
ауылшаруашылығына жатпайтын бизнес түрлерін 
қаржыландыруға бағытталған. Қарыз сомасы – 3-6 
млн теңге, сыйақы үстемесі - 6%, несиелеу мерзімі – 
4,5 жылға дейін. Жеңілдетілген мерзім – 6 айға дейін.
Ауыл шаруашылығы техникасы мен 
жабдығының лизингі
Қарапайым тілмен айтқанда лизинг термині 
сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу деген 
мағынаны білдіреді. Лизинг ретінде қажеттті құрал-
жабдықтар, техникалар, ғимараттар алуға болады. 
Мысал келтіре кетейін. Асхаттың кішігірім мал 
шаруашылығы бар делік, сонымен қатар ол егін 
өсірсін. Күзде сол егінді жинап алу үшін оның комбайн 
сатып алатын қаражаты жеткіліксіз не мүлдем жоқ 
болса комбайнды лизингке сатып ала алады. Комбайн 
8 миллион теңге тұрады деп есептесек, Асхат ай 
сайын банкке 450 000 теңге төлеп отыруы керек 
болады, оның ішінде 350 000 теңгесі комбайн үшін, ал 
қалған 100 000 теңгесі сол комбайнның жалдау құны. 
2 жылдан кейін банкке 10 800 000 теңге (он миллион 
сегіз жүз мың) береді, ал комбайн болса Асхаттың жеке 
меншігінде қалады. Түсінікті болса, бағдарламаларға 
көшейік:


 — 183 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы 
видео-сабақтарына жазылу үшін: 
8-747-942-18-76
 (WhatsApp)
«Егінжай» бағдарламасы
Аталған бағдарлама атауы айтып тұрғандай 
егінмен айналысатын жандарға. Лизинг ұзақтттығы 
– 7 жылға дейін. Сыйақы мөлшерлемесі – 17% (соның 
ішінде субсидия 7 пайыз), 9% (субсидия қарастырыл-
маған). Аванс техника бағасының 10%. Бағдарламада 
авансты егін жинап болғаннан кейін де енгізу мүмкін-
дігі бар. Лизинг құралы – комбайн.
«Сенімді фермер»
«Егінжай» бағдарламасынан айырмашылығы 
бұл бағдарлама бойынша лизинг ұзақтығы – 10 жыл, 
ешқандай авансты қажет етпейді. Сыйақы мөлшер-
лемесі – 17% (соның ішінде субсидия 7 пайыз), 9% 
(субсидия қарастырылмаған). Аванссыз лизингке қол 
жеткізу үшін клиенттің үздіксіз және сапалы кредиттік 
«тарихы» болуы керек. Демек, «ҚазАгроҚаржыдан» 
алынған қаражаттарды мақсатсыз пайдалану 
фактілері болмауға тиіс. Лизинг құралы – 100 миллион 
теңгеден аспайтын ауыл-шаруашылық техникасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет