— 1 — dauletten қосымшасындағы баспанаға бағыт ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін



Pdf көрінісі
бет14/114
Дата22.11.2022
өлшемі4,12 Mb.
#51783
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   114
Байланысты:
«Бизнеске бағыт» кітабы.

8-747-942-18-76
 (WhatsApp)
жесем, ұйықтасам. «Алма піс, аузыма түс» деген 
арам ойдың айналасы. Жалқаулық пен еріншектік 
ар деген асыл қасиеттен айырады. Арлы адам деген 
ешкімнен қол жайып ештеңені сұрамайтын, өзге 
біреудің көлеңкесінде өмір сүруді қаламайтын жан. 
Жалқаулық кедейліктің көктейтін мекені. «Жұмысы 
жоқтық, қарыны тоқтық, аздырар адам баласын»
дегендей, бұл өмірге тек ішіп-жеу үшін ғана келген 
жоқсыз. 
Мен көрмегенді — балаларым көрсін деп жататын 
адамдар болады. Алайда балаңыздың табысты 
болып өсуі сіздің тәрбиеңізге байланысты екендігін 
ұмытпағайсыз. Әрдайым балаңызға табысты болу 
адамға қандай мүмкіндіктер беретіндігі жайлы 
айтып жүріңіз. Мысалы: «миллионер болсаң — өзің 
сүйіп ойнайтын футбол мектебін аша аласың» немесе 
«ақшаң көп болса — қалаған мемлекетті аралауға 
мүмкіндік аласың». Балаңызға кішкентай күнінен 
адамдарды жақсы көруді үйретіңіз. Табыстың 
кілті — өзгелердің қиындықтарын шешуде екенін 
түсіндіріңіз. Балаңызға ақшаны күнделікті емес, 
айына немесе аптасы бір рет беріңіз. Келесі рет берерде 
алдыңғы ақшасын қалай және неге жұмсағандығы 
жайлы есеп алыңыз. Егер алдыңғы ақшадан үнемдеген 
болса, ынталандыру ретінде үнемдеген соммасына 
тағы да қосып беріңіз. Бұл арқылы балаңызды жас 
күнінен ақша ұстауды, оны дұрыс жұмсай білуді 
және үнемдеуді үйретесіз. Осылайша сіз болашақ 
миллионерді тәрбилейсіз.
Адам баласының барлығы да жетістікке жетуді 
қалайды. Ойлайды, армандайды, мақсат қояды. 
Ойлаған нәрсені іске асыру ләзім. Мақсат – арманға 


 — 24 —
Б
аспана жайлы 
Ұ
ланнан жеке ақылы консультация үшін: 
8-700-298-72-83 (W
hats
A
pp
)
жету жолындағы баспалдақтар деп алайық. Әр сатыны 
басқан сайын арманыңызға жақындайсыз. Кез келген 
істі ең әуелі бастау керек. Адал, әділ болыңыз. Жұмыс, 
табыс – тіршіліктің құралы. Тек қана ақша, мансап, 
атақ қуалап кету дұрыс 
емес. Осы аталғандар 
үшін материалдық 
және рухани 
құндылықтарды сарп 
етушілерден болмау керек. Қай істе, қай жағдайда 
болмасын, көшеде, жұмыс орнында не істесеңіз 
де осы қағида бойынша әрекет етсеңіз, өзіңізге де, 
отбасыңызға да, қоғамға да пайдаңыз тиері ақиқат.
Еврейлерде «Егер сен сондай ақылды болсаң
неге кедейсің?» деген сөз бар. Әрине, ақша деген 
қолдың кірі. Бірақ оның болмағанынан болғаны 
жақсы дегенге келісетін шығарсыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет