Неден бастау керек? Фотостудия ашу үшін
сізге тіркелу керек. Салық қызметінде тіркелу үлгісі
– жеңілдетілген режим бойынша жеке кәсіпкер
боласыз. Сонымен қатар, кассалық аппарат алу қа-
жет, аппаратты қызметті жүзеге асыру орны бойын-
ша салық органдарында тіркеу керек.
Ғимарат. Әдетте фотостудияға арнайы бір
орынжайды жалға алады. Ол орынды клиенттерге
ыңғайлы жерден, қала орталығынан таңдаған дұрыс.
Ал егер негізгі жұмыс – тез жасалатын фото, жеке
куәлікке арналған фото болса, фотостудияны шағын
ауданнан да ашуға болады.
Құрал-жабдықтар. Фотостудия үшін сізге
керегі: фотоаппарат, жарықтар мен оларға қажетті
аксессуарлар - софтбокстар, тіреулер, фондар,
компьютер, принтер және басқа да қосымша
жабдықтар.
— 32 —
Б
аспана жайлы
Ұ
ланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (W
hats
A
pp
)
Қызмет түрлері. Алдымен бизнесіңіздің
мақсаты мен бағыттарын анықтап алу керек. Содан
кейін қандай қызмет түрлерін (портфолио үшін
фото, имидждік жарнама, қойылымдық түсірілім,
архитектуралық түсірілім және т.б.) көрсететініңізді
нақтылау қажет. Және де бәсекелестерге қарағанда
ерекшеліктеріңізді (жоғары сапа, көрсетілетін қызмет
түрлерінің сан алуандығы, арзанырақ бағалар және
т.б.) ойластырыңыз.
Фотоқызмет көрсету бизнесі – бұл кәсіби
фотопортреттер, паспортқа арналған суреттер,
маңызды шаралардың түсірілімдері, портфолио
үшін фото жасау, жарнамалық өнімдердің түр-түрі
(буклеттер, каталогтар). Тағы бір пайда табудың көзі
– фотоларды, күнтізбелер мен ашық хаттарды шыға-
ру қызметі.
Фотожарнамалық қызметтер үлкен табыс әкеледі.
Жұмыс күні барысында портфолиоға арналған
суреттер мен каталогтар бойынша тапсырыстарды
орындап, ал кешке және демалыс күндері – жұмыс
орны мен құрал - жабдықтарды фрилансерлерге
жалға беруіңізге болады.
Қызметкерлер. Алдымен бір фотограф пен
әкімші жұмыс істейтін кішігірім студия ашуға бола-
ды, ал болашақта сіз өзіңіздің бизнесіңізді кеңейтемін
десеңіз, тағы бірнеше кәсіби фотограф, стилист пен
дизайнер жалдауға тура келеді.
Өнімді өткізу. Фотостудия үшін жарнаманың
алатын орны ерекше. Ол үшін өзіңіздің жеке
сайтыңызды ашып, онда жұмыс үлгілері мен қызмет
түрлерін, бағаларды, координаттарыңызды енгізіп
қоюыңызға болады.
|