— 1 — dauletten қосымшасындағы баспанаға бағыт ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін


— 69 — dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы



Pdf көрінісі
бет40/114
Дата22.11.2022
өлшемі4,12 Mb.
#51783
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114
Байланысты:
«Бизнеске бағыт» кітабы.

 — 69 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы 
видео-сабақтарына жазылу үшін: 
8-747-942-18-76
 (WhatsApp)
Гүл сату дүкені
Гүл бизнесі әрқашан үлкен сұранысқа ие. 
• үйлену тойы;
• туған күндер; 
• мерейтойлар;
• мерекелер; 
• тіпті жерлеу рәсімдері – флористтің қызметін 
талап етеді. 
Негізінен Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 
раушангүл мен қызғалдақтарға сұраныс үш есе өсіп 
кетеді. Ішкі нарықтың қажеттілігінің жартысын
импорттан келген өнімдер қанағаттандырып 
отырғанын ашып айта аламыз. Ал қалған бөлігі 
отандық өнімнің үлесінде. Отандық үлестің 30 пайызы 
ішкі сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған 
Алматы мен Шымкент қалаларындағы 5 ірі 
жылыжайдың еншісінде. Қалған 20 пайыз өнім ішкі 
нарықта ұсақ партиялармен жұмыс істейтін шағын 
және орта бизнестің үлесінде. Байқағаныңыздай ішкі 
нарыққа кіру үшін сізге гүлді сату ғана емес, оны 
жылыжайда өсіру арқылы кәсіп аша аласыз.
Гүл – қымбат бизнес, тәуекелі де тым жоғары. 
Бірақ соған қарамастан өте жылдам қарқынмен 
дамып келе жатқан сенгмент. Осыдан 3 жыл бұрын 
жылдық табысы құны 100 млн АҚШ долларын құраған 
нарықтың бүгінгі табысы 150 млн АҚШ долларына 
жетті.
Гүл сатушылардың айтуынша, ғаламдық 
экономикалық дағдарыс аталған салаға, керісінше өсім 
беріп отыр. Мамандар мұның себебін – гүл қолжетімді 
сыйлықтардың болғандығымен түсіндіреді. Құны 


 — 70 —
Б
аспана жайлы 
Ұ
ланнан жеке ақылы консультация үшін: 
8-700-298-72-83 (W
hats
A
pp
)
500 теңге болса да гүлдің аты гүл - біздің күнделікті 
өміріміздің негізгі құрамдас бөліктерінің біріне 
айналды. Басқаша айтқанда, дүние есігін гүлмен 
ашып, гүлмен жабатын жағдайға жеттік. Соңғы 
жылдары той өтетін салтанатты залдарды хош иісті 
гүлдермен көмкеру сәнге айналғанын бәріміз көріп 
жүрміз.
Жалпы бизнес ретінде гүл түрімен айналысатын 
кәсіпкерлердің көбісі, барлығын өздігінен үйреніп 
алды. Әуелі сіз сататын гүлдердің:
• үй гүлі;
• сәндік гүл және т.б түрлеріне маманданып, 
шешім қабылдағаныңыз жөн.
Егер сіз гүл бизнесін бастау туралы шешім 
қабылдасаңыз, гүлдеріңізді сатуға мүмкіндік беретін 
жақсы орын табуыңыз керек. Тұтынушыларыңызды 
әрдайым жаңа және тіпті сирек кездесетін гүлдермен 
тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін, сізге гүл 
жеткізушілермен жақсы байланыста болу маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет