Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата22.11.2022
өлшемі287,74 Kb.
#51833
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Бижанова М.А. Қазақ философиясы тарихы 2 том (1)

III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
педагогикалық (ұстаздық), психологиялық көзқарастарын дамытты. 
Өз көрінісін ақындар айтысынан, қисса, хикая, жаңа эпикалық 
поэмалардан тапқан эстетика жаңа даму кезеңіне шығып, жарқырай 
дамыды. Музыка (әуез) өнерінің өркендеуі Құрманғазы, Дәулеткерей, 
Тәттімбет, Ықылас, Біржан сал, Мұхит, Ақан сері, Жаяу-Мұса, Зілғара, 
Құлтума, Сара, Сералы, тағы басқа ақын-әншілердің есімдерімен 
байланысты [6, 24 б.]. Әрине, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың 
басындағы қазақ философиясының биігі Абай шығармашылығынан 
көрініс тапты. Сонымен ХІХ ғасырдың рухани, әлеуметтік бастаулары 
қазақ халқы үшін біршама өзгерістерге түсті. Бұл әсіресе Кенесары 
Қасымұлы көтерілісінің жеңіліске ұшырағаннан кейінгі кезеңде анық 
байқала бастады [7, 45 б.]. Бұл кезең тарихта «Зар заман» дәуірі деп 
аталған еді (Дулат, Шортанбай, Мұрат, Асан және т. б.).
ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ даласындағы ақын-жыраулардың 
құндылықтар жүйесіне салыстырмалы талдау жасайтын болсақ, онда 
байқайтынымыз ғұламалардың шығармашылығындағы саналуан-
дылықтың көрініс беретіндігі. Бұл, әрине, әрбір ойшылдың даралы-
лығымен қоса әрбір тарихи кезеңде дүниетанымдық басымды-
лықтардың, әлеуметтік-тәжірибелердің өзгеріп отырғандығын 
танытады. Мәселен, «Бұқар елді елдікке ынтымаққа үндесе, Шал 
шаңырақтың шырын сақтауға, перзент сүюге, «жақсы болсаң 
нашардың хақын жемеуге», өзін-өзі зорға санамауға, кәріні ниетпен 
сыйлауға шақырады. Бұқар жырау дипломат, бірде қайраткер, бірде 
айыптаушы, не сыншы, не мақтаушы қызметтеріне түсіп кетіп, сөз 
өнерін сан қырға таратады. Ал, Шал поэзиясының тұрақты объектілері 
бар. Шаруа жайын, жастық қызуын, жақсы әйел, жігерлі жігіт, саясы 
жоқ бәйтеректі, шолақ дүниені тілге тиек етсін – баршасында Шал 
бір адам, сабырлы қалыптан аумай, құлық тұрақтылығын байсалды 
көрсетеді. Бұқар поэзиясы кейде асқақтап, аспандап кетсе, Шал 
шығармашылығы жер салмағын сақтап қалады», – деген орынды 
пікір айтылады [8, 118 б.].
Халықтағы ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастық арқылы беріліп келе 
жатқан рухани-этникалық құндылықтарды зерттеу, оның сан қырлы 
сырын ашуға тырысу тек сол ұлттың өзі үшін ғана емес, сонымен 
қатар жалпы адамзаттың мәдени байлығына қосылған үлес болып 
табылады. Өйткені әр халықтың әлемді бейнелеу рәсімдері болады. 
Осы рухани-этникалық жүйелер зерттелмеген «ақ тандақтар» күйінде 
жатуы мүмкін. Сондықтан жан-жақты философиялық талдаулардың 
тарихи қажеттігі мол. Жеке адам өз халқын жақсы танып білуі үшін 
халқының әрбір салтында дәстүрлі қалыптасып алған жағымды, 
жағымсыз қасиеттерді өзге этностардың мәдени құндылықтарымен 


210 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет