Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар
тізімі:
умлаут
аблаут
дыбыстардың алмасуы
фонология
фонема
екпін
транскрипция
транслитерация
4-семинар
Тақырып: Герман тілдерінің фонетикалық жақтан өзгеруі
Қарастырылатын мәселелер:
1. Хольцман заңдылығы.
2. Вернер заңдылығы.
3. Дауыссыздардың бірінші өзгеруі.
4. Дауыссыздардың екінші өзгеруі.
5. Гримм заңдылығын талдау.
6. Герман тілдерінің туыс тілдермен (келт және роман тіл-
дерімен) қарым-қатынасы.
7. Варварлық патшалықтар құрылымы.
8. Дәріс негізінде берілген терминдерге лингвистикалық сөз-
дік тер бойынша салғастырмалы талдау жасау.
№3 СОӨЖ
Белгілі германистер лингвистикалық концепциялары: А.И. Смир-
ниц кий, В.Н. Ярцева, С.Д. Кацнельсон (презентация).
18
Герман филологиясына кіріспе
9-10 ДӘрІС
Тақырыптары: Герман тілдерінің жалпы морфо ло гия лық
белгілері. Етістіктер шақтық жүйесі. Әлді
және әлсіз негіздер
Герман тілдерінің морфологиялық құрылымы жалпы үнді-
еуропа тілдерінен алынған еді. Жалпы үндіеуропа тілдері типоло-
гиялық топтамасы бойынша флектив тілдерге жататын. Оның
септелінуі мен жіктелінуі кең дәрежеде болған. Зат есімдер немесе
сын есімдер үш морфологиялық элементтерден тұратын: түбір +
негіз құрушы суффикс + жалғау. Түбір лексикалық мағынаның
көрсеткіші болды, түбірден кейін негіз қызметін атқарушы ретінде
қызмет еткен суффикс орналасты. Ал жалғау негізге жалғанып,
тек түр, септік грамматикалық категориясын білдіруші көрсеткіш
ретінде қызмет жасады.
Септік жалғауларына тәуелді үндіеуропа тілдерінде септеудің
үш түрі болды: 1) зат есім мен сын есімнің септелуі; 2) есімдік
типтінің септелуі (сілтеу, сұрау есімдіктердің жалғаулық жүйелері,
жеке есімдіктің үшінші жағындағы септеу, есімдікті сын есімдер
мен толық сын есімдердің септелуі); 3) бірінші және екінші
жақтық есімдіктердің септелуі және өздік есім сөз (возвратное
местоимение).
Болжам түрінде үндіеуропа тілдерінде жалпы сегіз септік бар
екендігі айтылады: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс септік, шығыс,
көмектес септік, атауыштық септік (именительный). Көне герман
тілінде төрт септік сақталған: атау, ілік, барыс, табыс.
Етістік. Етістік екі түр ретінде қарама-қарсы қойылды: ұзақ-
тылық (презенс), ұзақсыздық (аорист) етістіктің негізі арқылы
көрсетілсе, шақтың көрсеткіші жалғау болды. Презенс пен
аористтің негізі әр қилы болғандықтан, әртүрлі етістіктерде әртүрлі
болған. Осы негіздерден рай формалары туындаған.
Рай жүйесі үндіеуропа тілдерінде төрт түрлерімен ерекшеленеді:
ашық рай (индикатив), бұйрық рай (императив), қалау рай
(оптатив), шартты рай (конъюнктив). Етіс нақты (действительный)
және орташа (медиалды). Жекеше, көпше және екіжақты түрлері
ерекшеленді.
19
Герман филологиясына кіріспе
Рай категориясының үш түрі ғана сақталды: ашық, бұйрық және
қалау рай түрлері. Көне герман тілдері әлді және әлсіз етістіктер
деп жіктелген.
Достарыңызбен бөлісу: |