Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет10/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

Отан үшін және отанға дегендердің грамматикалық формасы мен 
грамматикалық мағыналарында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. 
Сондықтан да соңғысы ‒ сөз тіркесі емес, әрине, алдыңғысы да сөз 
тіркесі болмайды...” [55, 213-214 бб.].
Гың Шымин сөз тіркесін толық мағыналы сөздердің өзара тіркесі деп 
көрсетеді. Бұған біз де толығымен қосыламыз. Бірақ толық мағыналы 
сөздер мен көмекші сөздердің тіркесімі сөз тіркестері болмайтындығын 
септеуліктер мен септік жалғауларын теңестіру арқылы дәлелдеу бір 
жақты пікір, әрі толық дәлел бола алмайды. В.Н.Ярцева предлогтарды 
септік жалғауларымен теңестіруді құптамайды. Оның пікірінше 
“предлог” сөз тіркесі сыңарларының арасындағы қатынасты білдіреді, 
бірақ олардың біреуіне де теңелмейді. Предлог сөз тіркесінің екі 
сыңарын бір-бірімен байланыстырады және олардың екеуіне бірдей 
қатысты... Сөйтіп, предлогтың өзінің екі жақтылық қатынасы оған 
тән негізгі белгі болып табылады [67, 120 б.].
Бұл туралы Н.Құрманова септеулік шылаулар септік жалғауларының 
аналогы сияқты болғанымен, өзіндік потенциалын онымен шектемейді, 
сондықтан да оны жеке қарастыру дұрыс деген тұжырым жасайды 
[39, 44 б.].
Біздіңше, септеуліктер (септеулік шылаулар) мен септік 
жалғауларының қызметі жағынан ұқсастықтарына қарап, екеуін бір-
бірімен теңестірсек, онда оларды бір-бірінен ажырату қиынға соғады, 
септеуліктерге қатысты көптеген грамматикалық құбылыстарды ашып 
түсіндіру мүмкін болмайды.
Қазақ тіліндегі септеулік шылаулардың бірқатары сөз бен сөздің 
арасын септік жалғаулары тәрізді байланыстыруға бейім тұратын болса, 
енді бірқатары сөз бен сөздің арасын байланыстырудан гөрі өзінен 
бұрынғы сөзге үстеме мағына қосуға, мағынасын нақтылай түсуге 
бейім тұрады. Ал енді бірқатарлары сөз бен сөзді әрі ұластырады, 
әрі өзінен бұрынғы сөзге үстеме мағына қосады.


32
Чын Янян негізгі сөздер мен көмекші сөздердің тіркесін еркін 
сөз тіркестерінің қатарына жатқызбай, оларды “тізбек” деп атайды. 
Тізбекті өз ішінен демеулер тізбегі, модалдық тізбек және көмекші 
етістік тізбегі деп бөлген [57, 214-218 б.].
Яң Лің «Қытай тілі бойынша зерттеулер» атты еңбегінде сөз 
тіркесіне берілген анықтамада сөз тіркестерінің толық мағыналы 
сөздерден құралатындығы айтылған, бірақ авторлар септеулікті сөз 
тіркесін (яғни “есім+септеулікті” тіркес) еркін сөз тіркестерінің 
қатарына жатқызған [60, 213 б.].
Яң Лің зат есімдер мен көмекші есімдерден құралған күрделі 
есімдер тобын (мысалы, жер асты, ел арасы, жол ортасы, үй арты, 
майдан шеті, су іші, қала маңы, терезе алды, т.б.) “мекенді сөз тіркес” 
деп атап, оны сөз тіркестерінің қатарына жатқызады. Автордың 
“мекенді сөз тіркес” деп отырғаны қытай тіліндегі “мекендік мәнді 
сөз тіркестеріне” еліктеуден келіп шыққан. 
Толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі қазақ тіл 
білімінде түйдекті тіркестер деп аталып жүр. Біз түйдекті тіркестерге 
қысқаша тоқталайық.
М.Балақаев түйдекті тіркес қалпында айтылатын сөз тобының 
құрылысы, негізінде, күрделі етістіктер тобы, есім мен көмекші 
етістіктер тобы, қосарлы есімдер тобы, күрделі есімдер тобы, тұрақты 
тіркестер тобы болады дейді [68, 31-32 бб.].
Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формасын алғаш рет 
жүйелі түрде зерттеген Н.Оралбаева ілгерідегі күрделі етістіктер 
тобын (мысалы, оқып отыр, келе жатыр т.б.), яғни толық мағыналы 
етістік пен көмекші етістіктердің тіркесін етістіктің аналитикалық 
формасы деп қарайды [69, 7 б.]. 
К.Аханов: “Н.Оралбаева аналитикалық формалардың етістіктің 
грамматикалық категорияларының формасы екендігін, олардың 
синтетикалық формалармен өзара шарттас, тектес келіп, ұштасып 
жататындығын және лексикалық бірлік немесе тұрақты тіркес тәрізді 
даяр бірліктер емес, сөйлеу процесінде жасалатындығын көрсетеді. Ол 
етістіктерге тән аналитикалық форманттың грамматикалық табиғатын 
айқындай келіп, ол форманттың құрамына енетін бірінші элемент 
негізгі етістікке жалғанатын аффикс те, екінші элемент көмекші етістік 
екендігін айтады” [20, 120 б.].
Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағманов оқып жүр, ауырып жатыр 
дегендер орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан, бірақ сөз тіркесі 


33
емес дей келе, оларды түйдекті тіркестердің қатарында қарайды. 
Авторлар түйдекті тіркестердің қатарына бұлардан басқа септеулікті 
тіркестер (үйге дейін, сабақтан соң) мен көмекші есімді тіркестерді 
(ауылдың маңы, көпірдің үсті) жатқызады да, есім мен көмекші 
етістіктер тобын, қосарлы есімдер тобын, тұрақты тіркестер тобын 
түйдекті тіркестердің қатарына қоспайды [65, 19 б.].
Күрделі есімдер тобы, яғни септеулік шылаулы тіркестер ‒ 
(мысалы, сен үшін, үй сайын, сен арқылы, аңшылар туралы, бала 
сияқты т.б.) қосарлы есімдер тобы (мысалы, бірін-бірі, табыстан-
табысқа, бау-бақша, құрт-құмырсқа т.б.) мен тұрақты тіркестер тәрізді 
даяр бірліктер емес, олар сөйлеу процесінде жасалады. Біздіңше, 
етістіктің аналитикалық формасын, септеулік шылаулы тіркестерді 
қосарлы есімдер тобын және тұрақты тіркестерді бір тұрғыдан қарауға 
келмейді. Олардың табиғаты да бір-бірінен өзгеше. Қосарлы есімдер 
тобы ‒ сөздер, олар біртұтас лексикалық мағынаны білдіреді және 
олар даяр бірліктер болғандықтан, сөйлеу процесінде жасалмайды. 
Олар морфологияның зерттеу нысанына жатады. Тұрақты тіркестер 
даяр бірліктер болғандықтан, сөйлеу процесінде жасалмайды. Олар 
лексикологияның зерттеу нысанына кіреді. Толық мағыналы сөздермен 
септеулік шылаулардың тіркесін, яғни септеулікті тіркестерді қандай 
грамматикалық категорияларға жатқызу керек? Олар септеудің 
аналитикалық формалары болып санала ма, жоқ па деген сұраққа 
жауап іздеу керек сияқты. 
Морфологияда басты назар негізгі сөздерде болады. 
Морфологиялық талдауда әрбір сөзді, біріншіден, бір-біріне қатыссыз, 
жеке-жеке талдаса, екіншіден, әрбір сөздің тұлғалық ерекшеліктеріне 
ғана назар аударылады [71, 50 б.]. Сондықтан көмекші сөздердің 
ерекшелігі морфологияда егжей-тегжейлі ашылмайды. Кейбір авторлар 
көмекші сөздердің синтаксистік ерекшеліктерін морфологиядан гөрі 
синтаксисте қарау керек деп санайды [72, 382 б.].
Қазақ тіліндегі септеулік шылаулар сан жағынан онша көп 
болмағанмен, олардың қолданылу өрісі кең, атқаратын қызметтері 
де маңызды, сондықтан оларды зерттеудің теориялық та, практикалық 
та маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет