37
тіркестерінің қатарына жатқызады. Салаласа байланысқан сөздердің
тіркесі де синтаксистік қатынастарды білдіреді.
Қытай және қазақ тілдеріндегі предикативті тіркестер. Қытай
тілінде де, қазақ тілінде де предикативті тіркестер болғанымен,
олардың елеулі өзгешеліктері бар (оған кейінірек тоқталамыз).
Қазіргі кезде қытай тіліндегі предикативті тіркес, яғни бастауыш-
баяндауышты сөз тіркесі мектеп грамматикасында болсын,
академиялық грамматикада болсын еркін сөз тіркесінің қатарында
қаралады. Бұл ешқандай дау тудырмайды.
Қытай тілінде ертеде жарық көрген еңбектерде, яғни 1920‒1940
жылдардың арасында жарияланған
еңбектерде предикативті
тіркестер сөз тіркестерінің қатарында қаралмаған. Бұл ‒ ағылшын
тілі грамматикасына негізделуден болса керек. Мысалы, Ли
Жіңшийдің «Жаңаша жазылған қытай тілінің грамматикасы»
деген
еңбегінде сөз тіркесіне берілген анықтама ағылшын тілінің дәстүрлі
грамматикасының ережелеріне негізделген. Ағылшын тілінің дәстүрлі
грамматика оқулықтарында сөйлем мен сөз тіркесіне берілген
анықтама: “Бастауыш пен баяндауышы бар сөздер тобы сөйлем,
бастауыш пен баяндауышы жоқ сөздер тобы сөз тіркесі делінеді”.
Автор қытай тіліндегі предикативті тіркесті ағылшын тіліндегі clause-
бен пара-пар қояды.
Ву Гыңшынның (吴耕莘) «国语文典» деген еңбегінде де қытай
тіліндегі предикативті тіркесті ағылшын тіліндегі clause-бен пара-
пар қойып, clause-ды子句 [ziju] “бағыныңқы сөйлем” немесе 分句
[fenju] “сөйлемше” деп аударады. Предикативті тіркес сөйлем мүшесі
болғанда, ол бағыныңқы сөйлемге немесе оралымдарға (包孕句)
айналады. Егер предикативті тіркес
бастауыш не толықтауыштың
қызметін атқаратын болса, онда ол зат есімді бағыныңқы сөйлем
деп аталады. Мысалы, 我不知道他什么时候来 [Wo bu zhidao ta
shenme shihou lai]
Мен оның қашан келетінін білмеймін (сөзбе-
сөз:
Мен білмеймін ол қашан келеді). Асты сызылған предикативті
тіркес толықтауыштың қызметін атқарып тұр. 子句 “бағыныңқы
сөйлем” 包孕句 “оралымдар” деген атаулар қазір қытай тіл білімінде
қолданылмайды.
Предикативті тіркестің, яғни бастауыш-баяндауышты сөз
тіркесінің жеке сөз тіркесі болып берілуі Лүй Шушяңның есімімен
тікелей байланысты. Оның 1941 жылы жазылған «中国文法要略»
(Қытай грамматикасының қысқаша очеркі) деген еңбегінде: “...
38
тіркесу байланысы (тіркесу байланысы деген предикативті қатынас
‒Т.Қ) арқылы тіркескен сөздер тобы кейде (сөйлемнің ішінде) дербес
сөйлем
бола алмайды, мысалы, 你见过牛奔吗[Ni jian guo niu ben
ma]
(Сен сиырдың жүгіргенін көріп пе едің), бұл арада 牛
(сиыр)
мен 奔
(жүгіру) сөзінің арасында тіркесу байланысы (предикаттық
қатынас ‒ Т.Қ) болады, 牛奔
(сиыр жүгіру) әдетте, дербес сөйлем
бола алады, алайда бұл жерде дербес сөйлем бола алмайды. Міне,
осындай құрылымдарды біз 词结 “сыже” деп атаймыз” деп көрсетеді
[77, 23 б.]. Бұл ‒ қазір айтылып жүрген бастауыш-баяндауышты сөз
тіркесі. Міне, сол кезден бүгінге дейінгі қытай тілі жайлы еңбектерде
предикативті тіркес еркін сөз тіркестерінің қатарында қарастырылып
келеді.
Жаң Жыгоң 1953 жылы жариялаған «汉语语法常识» деген
еңбегінде бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі (主谓仂语) деген
терминді қолданады.
Гау Міңкай 庆祝中国解放[Qing zhu zhongguo jiefang]
(Қытай-
Достарыңызбен бөлісу: