Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет15/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

мінді дегеннің сөйлем сияқты көрініп тұрған белгісі мінді етістігінің 
тұлғасына байланысты...” [65, 9 б.], ‒ деп түсіндіреді. 
Біздің ойымызша, сөйлемді тек бастауыш-баяндауыштық 
құрылымдық үлгімен ғана шектеу бір жақты пікір сияқты. Сөйлемнің 
барлығы бастауыш-баяндауыштық құрылымдық үлгіде келе бермейді. 
Жақсыз сөйлемдер мен атаулы сөйлемдерді қандай принциптерге 
сүйеніп, сөйлемге жатқызамыз? Атқа мінді дегенде бастауыш-
баяндауыштық құрылымдық үлгі жоқ болғанымен, бірақ онда сөйлемге 
тән предикативтіктің өзі бар. 
Р.Әміров «Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері» 
атты еңбегінде: “атаулы сөйлемдерде бастауыш пен баяндауыштан 
құралатын предикативтік қатынас болмағанымен, предикативтіктің 
өзі бар. Бұл сөйлем де тиянақты ойды білдіреді, ойды болмысқа шақ, 
жақ тұрғысынан қатыстырып білдіреді. Атаулы сөйлемдерде тиянақты 
синтаксистік форма беретін ‒ интонация, контекст. Сөйлемге тән 
интонациямен атаулы сөйлем дара тиянақты форма алады. Шақтық 
мағынасы көрші сөйлемдер арқылы білдіріледі” [79, 57 б.], ‒ дейді.
Ж.Садуақасов «Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер» деген 
монографиясында М.Балақаевтің сөйлемге берген анықтамасын талдай 
келе, “...бұл анықтама сөйлемнің ерекшеліктеріне қазіргі жаңа пікірлер 
мен көзқарастар қоятын талапқа сай келе бермейтіні байқалады. Оның 
үстіне анықтамадағы “предикативтік қатынас” ұғымын ғалымның 
өзі айтқандай “бастауыш пен баяндауыштың қатынасы” деп түсінер 
болсақ, онда бұл анықтама сөйлемнің барлық типтік түрлерін толық 


42
қамти алмайтын да тәрізді. Әсіресе, бір құрамды сөйлемдерге сәйкес 
келмейді” [80, 19 б.], ‒ деп көрсетеді. Біз Ж.Садуақасовтың пікіріне 
қосыламыз.
Предикативті тіркестің сөз тіркестерінің қатарына жатпайтындығы 
жайында О.С.Ахманова: “Байланыстың негізгі үш түрі ‒ атрибутивті, 
комплетивті және предикативті түрлерінің ішінен біріншісі, әрқашан 
да сөз тіркесін тудырады; байланыстың екінші түрі өздерінің тығыз 
байланысты формаларында ғана сөз тіркесін тудырады; үшіншісі 
оны (сөз тіркесін) ешқашан да тудыра алмайды” [81, 454-455 бб.] 
деп жазады.
Орыс тілін зерттеуші ғалымдар сөз тіркесі мен предикативті тіркес 
арасындағы айырмашылықты былайша түсіндіреді: “Бағыныңқы-
басыңқы қатынастағы сөз тіркесінде бағыныңқы сөз басыңқы сөзге 
тәуелді болып, соның ыңғайына қарай белгілі формада тұрады. 
Предикативті тізбектерде (мысалы, брат пишет) грамматикалық 
тәуелділік, бағыныңқылық қасиет жоқ, өйткені атау септігі ‒ өзінің 
табиғатында бағынбайтын, тәуелсіз, дербес септік. Сөз тіркесіне 
бағыныңқылық-басыңқылық қасиет тән болатын болса, предикативті 
конструкцияларда мұндай бағыныңқылық болмай, бастауыш пен 
баяндауыштың формалары бір-бірімен түйіседі. Брат пишет дегенмен 
құрылымдық және парадигмалық қасиеті ұқсас келетін брат  учитель 
деген тіркестегі брат сөзінің формасын учитель деген сөздің формасы 
айқындайды деуге болмайды” [82, 1341-35 бб.].
Ж.Шәкенов предикативті тіркестің сөз тіркестерінің қатарына 
жатпайтындығын былай түсіндіреді: “Грамматикалық байланыста 
айтылған кез келген екі сөз тізбегін сөз тіркесі деу дұрыс болмайды, 
мысалы, Төлен жұмған көзін ашты (С.Ерубаев). Мұндағы даусыз сөз 
тіркестері: көзін ашты, жұмған көзін; ал Төлен ашты сөз тіркестері 
емес, сөйлем; өйткені Төлен мұнда бастауыш, ашты баяндауыш 
болады” [83, 64 б.].
Бұл туралы Қ.Шәукеновтың пікірі мынадай: “Кейбір авторлар 
бастауыш пен баяндауыш арасындағы байланысты сөз тіркесіне 
қосуға болмайтындай ниет білдіреді де, тіркес тұрлаусыз мүше мен 
тұрлаулы мүшелердің ара қатынасында болатындай ретте көрсетіп жүр. 
Ондай пікір «Қазіргі қазақ тілі» (1966) оқулығында айқын беріліпті. 
Бұл ұшқары айтылған тоқтам болса керек. Өйткені тіркес ‒ сөйлем 
мүшелерінің бәріне тән нәрсе” [66, 13 б.]. Автор сөз тіркесі болу үшін 
мынадай 7 түрлі шарт болу керек дейді:


43
1. Толық лексикалық мағынасы бар екі сөздің өзара байланысы. 
2. Осы екі сөз тіліміздегі грамматикалық тәсілдерге негізделіп 
құрылады.
3. Тіркес құраған сөздердің семантикалық валенттілігі болады.
4. Сөз тіркесіне түскен компоненттер синтаксистік мағына 
тұтастығын айқын көрсетіп тұруы қажет.
5. Сөз тіркесіне енген сөздердің өзара бағыныңқы, басыңқы 
позициялары болады.
6. Осы тіркеске енген сөздер еркін байланысқа түсетіндей 
қатынаста тұра алады.
7. Тіркеске енген әрбір бөлшектің синтаксистік бір қызметі болады 
[66, 8 б.]. Автор сөз тіркесіне Әлихан бесінші класта оқиды деген 
мысалды келтіреді де, осы сөйлемде Әлихан оқиды, класта оқиды, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет