44
图像清晰
сурет анық
罪恶昭著
қылмысы әйгілі
眼光远大
көз аясы кең [57, 213 б.].
«Қытай және қазақ тілдерін салғастыра зерттеу»
атты еңбекте
авторлар: “...қытай тілінде де, қазақ тілінде де бастауыш-баяндауыштық
сөз тіркесі бар, бастауыш алдында, баяндауыш соңында тұрады,
олардың арасына әдетте көмекші сөздер қолданылмайды. Қытай және
қазақ тілдеріндегі бастауыш-баяндауыштық сөз тіркесінің бастауышы
әдетте зат есім, есімдік немесе оларға сәйкес келетін тіркестерден
жасалады. Мысалы: 立场坚定 (
майданы берік), 眼睛明亮 (
көзі
өткір), 态度和谐 (
позициясы сыпайы). Қытай және қазақ тілдеріндегі
бастауыш-баяндауыштық сөз тіркесінің баяндауышы мезгілдік зат
есімдерден жасалады. Мысалы: 今天星期三 (
бүгін сәрсенбі), 明天是
五月七日
(
ертең бесінші айға жеті)”, – дейді [59, 205 б.].
Бұл арададағы “мезгілдік зат есімдер” дегенді былай түсіндіруге
болады: қытай тілінде қалыптасқан дәстүр бойынша зат есімдер өз
ішінен мезгілдік зат есім және мекендік зат есім болып екіге бөлінеді.
Мезгілдік зат есім қазақ тіліндегі “мезгілдік үстеумен” сәйкес келеді.
Қазақ тіліндегі бастауыш-баяндауыштық сөз тіркесі деп отырған
майданы берік,
көзі өткір,
позициясы сыпайы дегендері – үйірлі
мүшелер.
Бүгін сәрсенбі сөз тіркесі емес, сөйлем болады. Ескере
кететін жайт: 明天是五月七日
Ертең бесінші айға жеті (дұрысы:
Ертең мамырдың жетісі) деген мысал – қытай тілінде сөз тіркесі
емес, керісінше сөйлем. Осы сөйлемнің құрамындағы 是五月七日
деген етістікті сөз тіркесі болады.
Сонымен, авторлар қазақ тіліндегі сөз тіркесі мен сөйлемнің
аражігін ажырата алмай, оларды бір-бірімен араластырып жіберген.
Яң Лің «Қазақ тілі бойынша зерттеулер»
деген еңбегінде
предикаттық қатынас негізінде жасалған сөздер тіркесін “бастауыш-
баяндауышты сөз тіркес” деп атайды да, оған дәлел ретінде
көпшілік
кұлісті, күн ашық, ертең жексенбі, жиын таралды, мінезі ибалы,
бағасы бір жүз деген мысалдарды келтіреді [60, 224-225 б.].
Гың Шымин бастаған қытай ғалымдары предикаттық қатынас
негізінде жасалған сөздер тіркесін еркін
сөз тіркестерінің қатарына
жатқызу себебі неде деген сұрақ тууы мүмкін. Мұның себебін қытай
тіл білімінде қалыптасқан екі түрлі көзқарастың орын алуымен
түсіндіруге болады:
45
1) қытай тілінде бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі еркін
сөз тіркестерінің қатарында қаралады.
Бұл сөз тіркесі сөйлемнің
ішінде әр түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады; 2)
бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің соңынан тыныс белгілері
(нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі) қойылып, белгілі интонациямен
айтылса немесе сөйлемнің соңынан келетін демеуліктер қосылып
айтылса, бастауыш-баяндауыш құрылымды сөйлемге айналады.
Яғни қазақ тіліне тән грамматикалық заңдылықтар қытай тілінің
грамматикалық заңдылықтарына үйлестіріле баяндалған. Олар айтып
отырған “бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі” – қазақ тіл білімінде
бұрыннан айтылып келе жатқан үйірлі мүшелер, оның ішінде үйірлі
анықтауыштар, ал кейбірі жай сөйлемдер.
Қазақ тіліндегі “үйірлі мүшелер” мен қытай тіліндегі “бастауыш-
баяндауышты сөз тіркесін” бір-бірімен шатастырмау керек. Әр тіл
өз ерекшелігіне сай зерттелу керек деген қағиданы ұмытпаған жөн.
Әр тілдің өзіндік құрылымдық ерекшелігіне сай грамматикасында да
айтарлықтай өзіне ғана тән ерекшеліктерінің болуы заңды құбылыс
болып табылады.
Орыс тілін зерттеуші қытайлық
ғалымдар орыс тіліндегі
предикаттық қатынас негізінде жасалған сөздердің тіркесін сөз
тіркестерінің қатарына жатқызбайды. Бұндай тіркес тек қытай
тіліне ғана тән деп қарайды. Мысалы, 他身体好 [Ta shenti hao]
Оның
денсаулығы жақсы (сөзбе-сөз:
Ол денсаулық жақсы) деген сөйлемнің
құрамындағы 身体好 [shenti hao]
денсаулық жақсы деген тіркесті
предикаттық қатынас негізінде жасалған сөздердің тіркесі (бастауыш-
баяндауышты сөз тіркесі) деп қарайды [84, 14 б.].
Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі қытай тілі сияқты сөз
түрлендіруші формалары өте аз немесе жоқ тілдердің табиғатына тән
елеулі өзгешелік болып табылады. Ал сөз түрлендіруші формаларға
бай қазақ тілінде бастауыш-баяндауышты тізбектің құрамындағы
баяндауыштардың (әсіресе, етістіктердің) жақтық, шақтық, көптік
және рай сияқты грамматикалық формалары болатындықтан, тұтас
конструкция сөйлемдік қасиетке ие болады да, сөз тіркесі болмайды.
Сондай-ақ, бастауыш пен баяндауыш жіктік жалғаулары негізінде
құралып, субьектілік-предикаттық қатынаста жұмсалатындықтан, сөз
тіркесінің емес, сөйлемнің нысанына жатады.
М.Жолшаева «Қазіргі қазақ тілі: жай сөйлем синтаксисі» аты
еңбегінде: “Предикаттық қатынас
бастауыш пен баяндауыштың
46
арасында болатын синтаксистік қатынастың түрі және ол сөйлемге
тән болып келеді. Яғни предикаттық қатынасқа құрылған сөздердің
тіркесімі (тізбегі, құрылым) сөз тіркесі емес, сөйлем қатарына
жатады”, – дейді [85, 46 б.].
Үйірлі мүшелерді арнайы зерттеген Қ.Шәукенов үйірлі мүшелер
өз ішінен сөз тіркесіне ажыратылады дей келе,
Жолаушылар қозылары
жаңа жамыраған, иттері үріп шулаған, құлындары шіңгірлеп
кісінеген, көп үнді, даңғаза болған ауылдың үстіне шықты (М.Әуезов)
деген мысал келтіреді де, осы сөйлемнің құрамындағы
қозылары
жамыраған, иттері шулаған, құлындары кісінеген сияқты үйірлі
анықтауыштарды қиыса байланысқан сөз тіркестерінің қатарына
жатқызады [66, 18 б.].
Автордың үйірлі мүшелер өз ішінде сөз тіркесіне ажыратылады
деген пікірін құптауға болады. Бұл пікірді Т.Сайрамбаев та қуаттайды.
Өйткені үйірлі мүшелердің өз алдына байланысу формалары, жасалу
жолдары т.б. заңдылықтары бар. Үйірлі мүшелердің жасалу жолдарын
ашып көрсетудің теориялық та, практикалық та мәні зор.
Қырқыншы жылдардың бас кезінде айтыла бастаған үйірлі
мүшелер тек қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркі тілдерінде де
күні бүгінге дейін әр жақты түсіндіріледі. Үйірлі мүшелерді бірқатар
авторлар сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары деп те таниды. Бұл
мәселеге кейінірек тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: