49
Г. Салаласа байланысқан сөз тіркесі мен салаласа байланысқан
қос сөздер.
Әдетте, етістіктен болған сыңарлардың араларына 并[bing]
әрі, зат
есімдерден болған сыңарлардың арасына 和[he]
және, сын есімдерден
болған сыңарлардың арасына 而[er]
да/де, та/те... жалғаулықтарын
қосып айтуға көнсе, салаласа байланысқан сөз тіркесі болады; қосуға
көнбесе, салаласа байланысқан қос сөздер болады [53, 25-30 бб.].
Қазақ тіл білімінде күрделі сөз бен сөз тіркесінің жігін ажырату
мәселесін алғаш сөз еткен ғалым Қ.Жұбанов болатын.
Жалпы күрделі сөз бен сөз тіркесі Н.Н.Прокопович, Н.И. Филичева,
Ю.Сеидов, А.Каджиев, К.Аханов, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ж.Шәкенов,
Т.Сайрамбаев, Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағманов, Н.Оралбаева, Н.Құрманова
және қытай ғалымдары Чын Янян, Ма Дыюан, Гау Личін т.б. еңбектерінде
арнайы қарастырылған.
Құрылысы жағынан күрделі сөздер мен сөз тіркестері ұқсас, ал
мағыналық жағынан олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар.
К.Аханов «Грамматика теориясының негіздері» еңбегінде сөзге
(оның ішінде күрделі сөзге де) тән және оны (сөзді) сөз тіркесінен
ажырататын белгілер ретінде семантикалық тұтастық, морфологиялық
тұтастық, синтаксистік тұтастық белгілердің алынып жүргендігін айта
келе, күрделі сөздер мен сөз тіркесінің айырмашылығын осы тұрғыдан
сөз етеді [70, 56- 58 бб.].
Ж.Шәкенов «Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар»
деген еңбегінде күрделі сөздердің сөз тіркесінен бір ерекшелігі оның
құрамында қанша сөз болмасын бір екпін иеленіп, оның, әдетте, соңғы
компоненттің ақырғы буынына түсіп, бір грамматикалық екпінмен
айтылуы”, ‒ дей келе күрделі сөз бен сөз тіркесінің айырмашылығын
фонетикалық тұрғыдан да қарастырады [83, 55 б.].
Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағмановтар «Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің
дамуы мен лексикалану процесі» еңбегінде атаулық тіркестер мен
еркін синтаксистік тіркестерді бір-бірінен ажыратудың қиындығы
жөнінде: “Кей жағдайда еркін тіркестер мен атаулық тіркестердің
ара-жігі жақындап, оларды ажырату қиынға соғады. Мәселен,
аяқ
Достарыңызбен бөлісу: