7
тіркестері араласып кеткеп, тіпті оларды бір-бірінен ажырату жолдары
назардан тыс қалған.
Бұл кезеңде жарияланған еңбектердің басым көпшілігінде сөз
тіркесінің қызметі, яғни сөйлемде қандай сөйлем мүшесінің қызметін
атқаруына қарай топтастырылған. Дегенмен зерттеушілер тарапынан
сөз тіркестерін құрылымына қарай топтап қарастырған еңбектер де
жарық көрді.
Сөз тіркесін топтастыру Уаң Иіңуый (王应伟), Ли Жіңший,
Ли Мің (黎明), Чын Жүнже (陈浚介), Ли Жы (李直), Шүй Дишан (许
地山
), У Гыңшін (吴耕莘), Лю Фу (刘复), И Золин (易作霖) және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан қарастырылды.
Олардың ішінде Ли Жіңший (黎锦熙) мен У Гыңшіннің (吴耕
莘
) еңбектерін ерекше атауға болады. Онда сөз тіркестері сөйлемде
қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқаруына байланысты зат есімді,
сын есімді және үстеулі деп үш топқа бөлінген.
Ли Жы (李直) зат есімді, сын есімді, үстеулі сөз тіркесінің қатарына
жалғаулықты және одағай сөзді сөз тіркесін қосып, беске бөлсе [2],
Шүй Дишан (许地山) олардың қатарын
предлогты сөз тіркесімен
толықтырады [3].
Лю Фудың (刘复) «中国文法讲话» атты еңбегінде сөз тіркестерінің
қатары етістікті сөз тіркесімен толықтырылған [4].
И Золин (易作霖) сөз тіркесін сөйлемдегі қызметіне қарай зат
есімді, сын есімді,
етістікті, үстеулі, предлогты, жалғаулықты және
одағай сөзді сөз тіркестері деп жеті түрге саралаған [5].
1940 жылдары Уаң Ли (王力) ағылшын тілі оқулықтарындағы сөз
тіркестері мен қытай тіліндегі сөз тіркестерін зерттей келе, ағылшын
тіліндегі сөз тіркестеріне берілген анықтама қытай тіліне сай келмейді
деген тұжырым жасайды. Уаң Ли О.Есперсенның теориясына сүйене
отырып, сөз тіркесіне мынадай анықтама береді: “这种联结,是把
两个以上的词造成一种复合的意义单位,我们把这种意义单位叫
做仂语。
Екі не одан көп сөздер тіркесіп келіп, күрделі мағынаны
білдіретін бірлікті сөз тіркесі (仂语 [leyu] “лыюй”) дейміз” [6, 25
б]. Сондай-ақ, Уаң Ли қытай тіл білімінде тұңғыш рет сөз бен сөз
тіркесінің айырмашылықтарын көрсетіп береді. Оның 1943–1945
жылдар аралығында жарық көрген «中国现代语法» (Қытайдың
қазіргі грамматикасы) және «中国语法理论» (Қытайдың грамматика
теориясы) деген еңбектерінде сөз бен сөз тіркесінің аражігін ажыратуда
“кеңейту әдісін” (扩展法) қолдануды ұсынды.
8
Қытай тілінің сөз тіркесі синтаксисінің тарихында өзіндік орны бар
ғалым Лүй Шушяңның (吕叔湘) үш бөлімнен тұратын «中国文法要略,
上卷
1942, 中卷、下卷1944)» деген еңбегінде қытай тіл білімінде алғаш
рет сөз тіркесінің құрылымына назар аударылып, оның құрылымына
ғылыми түрде талдау жасалған. Аталмыш еңбекте сөздердің үш түрлі
байланысы көрсетілген: салаласу (联合关系), тіркесу (组合关系) және
бірігу (结合关系). Автор сөз тіркестерінің құрамындағы сыңарлардың
арасындағы грамматикалық байланыстарға
талдау жасаумен бірге
грамматикалық байланыстарға негіздеп, әрбір құрылымдық бірліктерге
ат қояды. Лүй Шушяң сөз тіркестерінің қатарына предикаттық қатынас
негізінде жасалған бастауыш-баяндауышты құрылымды да қосады.
Сондай-ақ, “күрделі сөз тіркесі” және “тілдік қабат” (层ceng) деген
ұғымдарды қытай тіл білімінде алғаш енгізді. Лүй Шушяңнан кейін
Уаң Ли 拿起来[na qilai]:
алып шығу, 弄坏[nong huai]:
бұзып тастау
сияқты 动补结构 (етістік-толықтырғышты құрылымды) да еркін сөз
тіркестерінің құрамына кіргізеді.
Ляу Шучянның (廖庶谦) 1950 жылы жарық көрген «口语文法»
(Ауызекі сөйлеу тілінің грамматикасы) атты еңбегінде сөз тіркестері
жалғаулықты, одағай сөзді, үстеулі, етістікті, сын есімді және зат
есімді сөз тіркесі деп беске бөлінген және мысалдармен дәйектелген
[7]. Ляу Шучянның сөз тіркестерін функциясына қарай жүйелеуі күні
бүгінге дейін өз құнын жойған жоқ.
Екінші кезең (1950–1978 жж.). Бұл кезеңде сөз тіркесінің сөз және
сөйлемнен
айырмашылықтары, сөз тіркесінің түрлері, байланысу
тәсілдері және құрылымы т.б. мәселелер кеңірек қарастырылды. Осы
орайда Лүй Шушяң, Жу Дыший (朱德熙), Уын Лян (文炼), Уаң Ли
(王力), Хай Пің (海萍), Ли Жіңший (黎锦熙), Лю Шыру (刘世儒),
Жаң Жыгоң (张志公), Го Шауүй (郭绍虞), Шуан Чаң (玄常), Шүй
Шыиің (许世瑛), Жаң Жің (张静) және т.б. ғалымдардың еңбектерін
ерекше атауға болады.
Американың құрылымдық тіл білімінің теориялары американдық
қытай ғалым Жау Юанрынның (赵元任) 1948
жылы Гарворд
университеті баспасынан шыққан «Mandarin Primer, An Intensive
Course in Spoken Chinese» атты еңбегі арқылы 1950-жылдардың
басында қытай тіл біліміне де ене бастады. Міне, осыдан кейін қытай
тілін құрылымдық тіл білімінің теориясы мен әдіс-тәсілдері арқылы
зерттеу етек ала бастады. Қазіргі кезде қытай тіл білімінде қолданылып
жұрген
салалас құрылым (并列结构),
етістік-толықтауыштық