59
бірқатар ғалымдар синтетикалық тәсілге септік жалғауы мен тәуелдік
жалғауын ғана жатқызады. Сондай-ақ, сөз тіркестерінің құрамындағы
сөздерді байланыстыруда жалғаулар ғана емес,
жұрнақтардың да
өзіндік рөлі бар екендігі айтылып жүр. М.Балақаев: “Сөз тіркесінің
бір сыңарын екіншісіне бағындырушы морфологиялық тұлғаларды
жалғаулар системаларынан ғана емес, “жұрнақ” деп аталып жүрген
қосымшалардан да табамыз. Олардың ішінде, әсіресе,
етістіктің
көсемше, шартты рай тұлғаларының қызметі ерекше” [89, 18 б.].
Міне, бұдан сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді байланыстыруға
жұрнақтардың да өзіндік рөлі бар екендігін анық байқауға болады.
Т.Сайрамбаев М.Балақаевтің пікірін қолдай келе,
Мен етпеттей
жығылдым (Ж.Тәшенов).
Мен жүре келе көп нәрсеңе түсіндім. Ол күліп
сөйледі (І. Есенберлин) деген сөйлемдердегі
етпеттей жығылдым,
жүре келе түсіндім, күліп сөйледі сөз тіркестеріндегі әрбір сыңары
бір-бірімен көсемшенің
-й, -е, -іп жұрнақтары арқылы байланысып
тұр деп, оларды сөздердің жалғаулар арқылы байланысуына қоса
жұрнақтар арқылы байланысу, яғни қосымшалар арқылы байланысу
деп атайды [18, 57 б.].
Синтаксистік сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді байланыстыруға
жұрнақтардың да өзіндік рөлі барын жоққа шығара алмаймыз.
Жұрнақтардың негізгі міндеті сөз немесе форма жасау болса, олардың
қосымша міндеті – сөздерді байланысқа түсіру. Дегенмен синтетикалық
тәсілдің ішінде сөздердің жұрнақтар арқылы байланысуы жалғаулар,
оның ішінде септік жалғаулары сияқты
өнімді тәсілдің қатарына
жатпайды. Соңғы жылдарықазақ тіл білімінде жұрнақтардың сөздерді
байланыстыру қызметі ескеріліп, сөздердің жалғаулар және жұрнақтар
арқылы байланысуы
қосымшалар арқылы байланысу деп аталып жүр.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында дайындалған
«Қазақ грамматикасы» атты академиялық грамматикада септік, тәуелдік,
жіктік және көптік жалғауларының қай-қайсысы да сөз тіркесін құрауға
мүмкіндігінше қызмет атқарады дей келе, осылардың ішінде септік
жалғауларының қызметінерекше атап көрсетеді [17, 588 б].
Қытайда қазақ тілінің сөз тіркестері жайлы жазылған еңбектерде
байланыстыру тәсілдері арнайы талданбай, сөз тіркесін жеке-жеке
қарастырғанда үстірт баяндалады.
Шыңжаң оқу-ағарту баспасынан шыққан «Қазіргі қазақ тілі» атты
оқулықта: “Сөйлемде жеке сөздер сияқты сөз тіркесі қосымшалар,
60
көмекші сөздер,
орын тәртібі, екпін арқылы байланысып келіп,
қатынастың бүтін бірлігі немесе
сөйлем құраушы орталық бола
алады” деп жазылған. Бірақ сөз тіркесінің қосымшалар,
көмекші
сөздер, орын тәртібі және екпін арқылы байланысуы туралы таратып
айтылмайды, тілдік деректер арқылы да дәлелденбейді. Аталмыш
оқулықта қосымшалар жалғау және жұрнақ деп екіге бөлінген [54,
119 б.]. Сонда сөздерді бір-бірімен
байланыстыратын тәсілдердің
қатарына жұрнақтардың да қатысы бар болып шығады, алайда бұл
туралы сөз болмайды. Сөздерді байланыстыратын “көмекші сөздерді”
біз осы оқулықтан кездестірмедік. Авторлар бірде “көмекші сөздер”
деген термин, бірде “шылау” терминін қолданады. Сөз тіркесін салалас
тіркес және сабақтас тіркес деп екіге бөлген. Салаласа байланысқан
тіркестің бір тобы жалғаулар арқылы,
енді бір тобы орын тәртібі
арқылы, байланысады дей келе, бұған дәлел ретінде мынадай үш
мысалды келтірумен шектеледі:
социализм және коммунизм, ақ-қара,
Достарыңызбен бөлісу: