Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет24/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

Саған ол сенеді деп орнын ауыстыруға болады, Сен оған сенесің 
деген сөйлемді Оған сен сенесің деп орнын ауыстырғанмен мағынаға 
айтарлықтай нұқсан келмейді. Қазақ тілінде сөздердің орын тәртібі 
жылжымалы сипатқа ие болғанымен, сөздердің орын тәртібі барлық 
жағдайда өзгере бермейді.Қазақ тілінде жалғаулықсыз орын тәртібі 
арқылы қабыса байланысқан сөз тіркесінің байланысы берік болады.
3) қытай тілінде дәнекерсіз байланысқан толықтырғыштық 
қатынастағы сөз тіркесі мен пысықтауыштық қатынастағы сөз 
тіркестерінің ара-жігін ажыратуда орын тәртібінің өзіндік орны бар. 
Егер сөз тіркесінің құрамындағы ұйытқы (басыңқы) сөз алдында келсе, 
толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі болады; егер ұйытқы сөз 
соңында келсе, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі болады. 
Мысалы, 我早来了[Wo zao lai le] Мен ерте келдім. 我来早了[Wo lai 
zao le] Мен ерте келіппін. Осы екі мысалдың құрамындағы 早来[zao 
lai] және 来早[lai zao] дегендер ‒ орын тәртібі арқылы тіркескен сөз 
тіркестері. Алдыңғысы ‒ толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі, 
өйткені басыңқы сөз (早ерте) бағыныңқы сөздің (来келу) алдында 
тұр; соңғысы ‒ пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі, өйткені 
бағыныңқы сөз (早ерте) басыңқы сөздің (来келу) алдында келген. 
Міне, бұдан қытай тілінде сөздердің орын тәртібінің сөз тіркестерінің 
құрамындағы сөздер мен сөйлем мүшелерін байланыстыруда мәні 
айырықша екендігін байқауға болады. 
Интонация қазақ тілінде сөз тіркестеріне қатысты еңбектерде 
сөз тіркестері құрамындағы сөздерді байланыстыратын тәсілдердің 
бірі ретінде қаралып жүр. Шынында, интонация сөз тіркесінің 


63
емес, сөйлемнің табиғатын айқындауда пәрменді қызмет атқарады. 
Сөйлемнің хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып саралануы, 
сабақтас құрмаластың салалас құрмаластан айырмашылығы, кідіріс, 
пауза арқылы есімнен болған бастауыш пен баяндауыштың мүшелік 
қызметінің айқындалуы (Күләш дәрігер), сондай-ақ, сілтеу есімдігінен 
болған бастауыштың анықтауышпен шатастырылмауы (бұл  алтын) 
т. б. түгелімен интонацияға байланысты... [65, 47 б.].
Интонацияны сөз тіркестері құрамындағы сөздерді байланыстыратын 
тәсілдердің бірі ретінде қараушылар интонация арқылы қиыса 
байланысқан бастауыш пен баяндауышты негізге алады. Мысалы, 
Қасым  мұғалімбұл  студент. Бұлар ‒ сөйлем. Қасым мұғалім
бұл студент деп кідіріс (пауза) жасамай айтсақ, онда анықтауыштық 
қатынастағы сөз тіркесі жасалады да, сөйлемдік сипат алмайды. Міне, 
бұдан интонацияның есім сөзден құралған сөйлем мен анықтауыштық 
қатынастағы сөз тіркестерін ажырататын грамматикалық тәсіл ретінде 
қызмет атқаратындығын аңғаруға болады. Сондықтан интонацияның сөз 
тіркесіне де қатысы бар деп айта аламыз. Бірақ сөйлемнің интонациясы 
сөз тіркесінен мүлде басқаша. Жалпы интонация ‒ сөйлемге тән басты 
белгілердің бірі, сөйлемнің органикалық элементі болып табылады.
Ма Дыюан ұйғыр тіліндегі сөздерді байланыстыратын тәсілдер 
туралы: “Синтаксистік байланыстыру тәсілдері ‒ маслишиш (матасу), 
башқуруш (меңгеру), яндишиш (қабысу). Бұлар тек сабақтаса 
байланысқан сөз тіркестерінде болады, ал салаласа байланысқан 
сөз тіркестерінің сыңарлары орын тәртібі немесе көмекші сөздер 
арқылы байланысады. Ілгерідегі үш түрлі байланысу формаларында 
орын тәртібінің өзіндік орны бар, бірақ маңызды грамматикалық тәсіл 
бола алмайды. Ұйғыр тілінде сөз тіркестері құрамындағы сөздерді 
байланыстыруда интонация маңызды рөл атқарады...” [92, 103 б.]. Біз 
бұл пікірге келісе алмаймыз. Қазақ тілі мен ұйғыр тілінде интонация 
маңызды рөл атқара алмайды. Интонация ‒ сөйлемге тән басты 
белгілердің бірі болып табылады.
Т.Сайрамбаев интонациялық құбылыс сөйлемнің айтылу 
мақсатына қарай сөз болады деп, интонацияның сөз тіркесіне қатысын 
қарастырмайды [18, 58 б.].
К.Аханов: “Интонацияның, әсіресе, грамматикалық қатынастар 
синтаксистік тәсіл арқылы берілетін тілдерде, мысалы, қытай тілінде, 
өте-мөте үлкен мәні бар” [64, 318 б.], ‒ дейді. 
Кейбір ғалымдар сөздердің орын тәртібі мен интонацияны бір 


64
нәрсе деп қарайды. Шындығында бұл дұрыс емес. Себебі орын тәртібі 
мен интонациянының зерттейтін нысандары әртүрлі. Сөздердің орын 
тәртібінің нысаны – сөз тіркесі, интонацияның нысаны, негізінен, 
сөйлем болып келеді. 
Қытай тілінде интонация сөздерді байланыстыратын тәсілдердің 
қатарына кірмейді. Интонация – сөйлемдердің айтылу мақсаты 
байланысты түрлерін бір-бірінен ажырататын тәсіл. Қытай тілінде 
бастауыш-баяндауышты тізбек сөйлемге тән тиянақты интонациямен 
айтылса, бастауыш-баяндауыш құрылымды сөйлемге айналады. 
Кез келген сөйлем белгілі бір интонациямен айтылады. Сондықтан 
да сөйлем еркін сөз тіркесінен құрылымдық жағынан ғана емес, 
интонациясы жағынан да ажыратылады. Қытай тілінде сөйлемді 
сөйлем деп танытатын негізгі грамматикалық белгі – интонация. 
Қытай тілінде грамматикалық қатынастарды білдіруде сөздердің орын 
тәртібі мен көмекші сөздер шешуші рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет