Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет3/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

құрылым (动宾结构), предикативтік күрделі сөз (主谓复合词), 
етістік-толықтауыштық күрделі сөз (动宾复合词), етістік-
толықтырғыштық күрделі сөз (动补复合词), салаласа байланысқан 
күрделі сөз (并列复合词) деген терминдер Жау Юанрынның осы еңбегі 
арқылы қытай тіл біліміне енді.
1952 жылы Дің Шыңшу (丁声树) және т.б. ғалымдар бірлесіп жазған 
«现代汉语语法讲话» атты ғылыми еңбектері «Қытай тіл-әдебиеті» 
журналында жарияланды. Автор Жау Юанрынның (赵元任) ізімен 
қытай тілінде сөзге де, сөз тіркесіне де, сөйлемге де тән бастауыш-
баяндауыштық құрылым (主谓结构), баяндауыш-толықтауыштық 
құрылым (动宾结构), баяндауыш-толықтырғыштық құрылым (补充
结构
), бағыныңқы-басыңқылы құрылым (偏正结构) және салаластық 
құрылым (并列结构) деп аталатын бес түрлі синтаксистік құрылымды 
алғаш рет көрсетушілердің бірі болды [8, 49 б].
1956 жылы орта мектептерде оқытылатын «Қытай тілі» пәніне 
қосымша ретінде «暂拟汉语教学语法系统» («Қытай тілі педагогикалық 
грамматикасының уақытша жасалған жүйесі») деп аталатын үлгілік оқу 
бағдарламасы жарық көрді. Бұл бағдарлама – қытай тілі материалдарының 
ғылымға негізделген алғашқы жүйелі бағдарламасы болып табылады. 
Аталған бағдарламада сөз тіркесі 
词组
[cizu] деп аталады да, негізгі 
сөздердің өзара тіркесіне 
词组
[cizu], ал негізгі сөздер мен көмекші 
сөздердің тіркесіне 
结构
[jiegou] (құрылым) атауы ұсынылған. Негізгі 
сөздердің тіркесімін салалас тіркес (联合), бағыныңқы-басыңқылы тіркес 
(偏正), етістік-толықтауышты (动宾) тіркес және бастауыш баяндауышты 
тіркес (主谓) деп 4 түрге бөледі. Сондай-ақ «Қытай тілі педагогикалық 
грамматикасының уақытша жасалған жүйесінде» бастауыш-баяндауышты 
сөз тіркесі мен салаласа байланысқан сөз тіркесінің сөйлем мүшесі бола 
алатындығы айтылды. 词组 деген атау орыс тілі грамматикасындағы 
“словосочетание” деген терминмен сәйкес келеді. 
1959 жылы Бейжің университеті филология факультетінің қытай 
тілі кафедрасы шығарған «Қазіргі қытай тілі» атты оқулықта сөз 
тіркесіне тұңғыш рет қос бөлшектер әдісі (метод непосредственно 
составляющих) бойынша талдау жасалады. Міне, осыдан кейін қос 
бөлшектер әдісі қытай тіл білімінде орнығып қалыптасады.
Қытай тілінің сөз тіркестеріне қатысты зерттеулер қатарынан Жу 
Дышийдің (朱德熙) 1962 жылы жарық көрген «
句法结构
» (Синтаксистік 
құрылым) деген еңбегі ерекше орын алады. Өйткені, бұл еңбек қытай 
тіліндегі синтаксистік құрылымдардың заңдылықтары мен ерекше 


10
белгілерін құрылымдық тіл білімінің теорияларымен жан-жақты 
баяндаумен ерекшеленеді. Онда синтаксистің кейбір мәселелері жаңаша 
қаралып, қытай тіл білімінде тұрақталған жаңа ұғымдар мен терминдер 
енгізілді.
Автор аталмыш еңбегінде қытай тіліндегі екіұшты құрылымдарға 
қос бөлшектер әдісі бойынша талдау жасап, оның заңдылығын ашуға 
ұмтылыс жасаған. 
Мысалы, 咬死了猎人的狗 [yao si le lieren de gou] деген құрылымның 
екі түрлі мағынасы бар. Мұны қос бөлшектер әдісімен талдағанда 
оның екі түрлі мағынасын анық байқауға болады: бірінші мағынасы: 
аңшының итін талап өлтірді, екінші мағынасы: аңшыны талап 
өлтірген ит.
A. 
咬 死 了 猎 人 的 狗
B. 
咬 死 了 猎 人 的 狗
Үшінші кезең (1978 жылдардан бүгінгі кезеңге дейін). Бұл 
кезеңнің өз алдына бөлек қаралуының себебі бар. 1979 жылы Лүй 
Шушяңның (吕叔湘) «汉语语法分析问题» атты еңбегі жарық көрді. 
Автор: “сөз тіркесі (词组), әдетте, міндетті түрде толық мағыналы 
сөздердің тіркесі болу керек деп түсінеміз, толық мағыналы сөздер 
мен көмекші сөздердің тіркесін, мысалы, 我们的[women de]: біздікі
从这里
[cong zheli] осы жерден сияқтыларды сөз тіркесі词组[cizu] 
деп айту қиынырақ (оларды тек 的 иероглифті құрылым, предлогты 
құрылым деп атаймыз), бірақ оларды 短语[duanyu] “дуанюй” деп 
атаудың еш қиындығы жоқ”, – дей келе, дуанюйді цызудың орнына 
қолданып, сөз тіркесінің көлемін кеңейтеді [9, 8-9 бб]. Жаң Жыгуң 
да “дуанюй” атауын енгізуді қолдайды. Осыдан кейін қытай тілі 
мамандарының дені Лүй Шушяң мен Жаң Жыгуңның сөз тіркестері 
жөніндегі көзқарастарына ойыса бастады. 
1978 жылы «Қытай тіл-әдебиеті» журналында Жаң Шукаңның 
(张寿康) «说“结构» (“Құрылым” туралы) атты мақаласы 
жарияланды. Содан кейін осы мәселе бойынша аталған журнал 
бетінде ғылыми айтыс мақалалар жарық көрді. Олар – Ли Рынчян 
(李人签), Лу Біңфу (陆丙甫), Пың Чіңда (彭庆达), Фан Шяудың (范晓) 
мақалалары. Бұлардың ішінде Фан Шяудың «关于结构和短语问题» 


11
(Құрылым және сөз тіркесі жайында) деген ғылыми мақаласын ерекше 
атауға болады. Автор Жаң Шукаңның “құрылымды” “дуанюйдің” (短语 
сөз тіркесі) орнына қолдануын сынға алып, “құрылым” мен “дуанюйді” 
бір-бірінен ажыратуға көңіл бөледі. Ол Лүй Шушяңнің пікіріне сүйене 
отырып, қытай тіліндегі “сызу” (词组) деген атаудың орнына “дуанюй” 
атауын енгізуді ұсынады. Фан Шяу сөз тіркесін, ең алдымен, 复合短

(біріккен сөз тіркесі) және 派生短语 (туынды сөз тіркесі) деп екі 
үлкен салаға бөледі. Біріккен сөз тіркесін (复合短语) алдымен 主谓
短语
(бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі), 述宾短语 (баяндауыш-
толықтауышты сөз тіркесі), 偏正短语 (бағыныңқы-басыңқылы сөз 
тіркесі) және 联合短语 (салаласа байланысқан сөз тіркесі) деп 4 
үлкен түрге бөледі, оларды өз ішінде 13 шағын түрге жіктейді. Ал 
туынды сөз тіркесін (派生短语) өз ішінен 介词短语 (предлогты сөз 
тіркесі), 方位短语 (мекендік сөз тіркесі), 量词短语 (мөлшер сөзді 
сөз тіркесі), “的”字短语 (的 иероглифті тіркес), “所”字短语
(所 иероглифті тіркес),“似的”短语 (似的 иероглифті тіркес) деп 
6 түрге саралайды. Бұлардың ішінде талас тудыратын сөз тіркестері – 
мекендік сөз тіркесі мен мөлшер сөзді сөз тіркесі. Қытай тілінде 
мекендік сөздер (方位词) мен мөлшер сөздерді (量词) таптастыруда 
әлі күнге дейін бірізділік жоқ, оларды негізгі сөзге жатқызамыз ба, 
әлде көмекші сөздерге жатқызамыз ба деген мәселеге ғалымдардың 
көзқарасы түрліше. Фан Шяу мекендік сөздер мен мөлшер сөздерді 
көмекші сөздер деп есептейді, сондықтан мекендік сөздер мен мөлшер 
сөздерден құралған сөз тіркестерін көмекші сөзді сөз тіркестерінің 
қатарына жатқызады [10, 170 б]. 
Бұл кезеңде қытай тілі сөз тіркестеріне қатысты жарияланған 
ғылыми мақалалардың ішінен Ше Шяу-ан (谢晓安), Ли Зыюн (李子

), Жаң Жыгоң (张志公), Ма Чіңжу (马庆株), Тян Шяулін (田小琳), 
Лүй Жийпің (吕冀平), Жаң Юнчю (张云秋), Шау Айжий (邵霭吉), Ли 
Янхуй (李艳惠), Лу Біңфу (陆丙甫), У Шяужы (毋孝智), У Шяучың 
(毋孝成) т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады. 
1981 жылдың 2 – 12 шілдесінде Харбинь қаласында бүкілқытайлық 
«语法和语法教学» (Грамматика және грамматиканы оқыту) атты 
тақырыпта ғылыми конференция өтеді. Конференцияның басты 
мақсаты мен міндеттері – грамматиканы зерттеу бойынша қол жеткен 
ғылыми зерттеу нәтижелерді талқылау, мектеп грамматикасын оқыту 
мәселесі бойынша пікір алмасу, пікір қайшылықтары бар маңызды 


12
деген мәселелерді талқылау т.б. Осы ғылыми айтыста көтерілген 
өзекті мәселелердің бірі – 1956 жылы жарияланып, бүкіл қытай 
бойынша қолданылып келе жатқан «Қытай тілі педагогикалық 
грамматикасының уақытша жасалған жүйесіне» өзгертулер мен 
толықтырулар енгізу. Сонымен қатар көтерілген мәселелер «Қытай тіл-
әдебиеті» журналының 1981 жылғы №6 санында және басқа да ғылыми 
журналдарда жарияланды. Жаң Жыгоң бастаған ғалымдардың екі 
жылдық жан-жақты талқылауы нәтижесінде 1984 жылы «中学教学语
法系统提要
» (Орта мектептке арналған педагогикалық грамматиканың 
типтік оқу бағдарламасы) ресми түрде жарияланды. Аталмыш 
бағдарламада сөз тіркесіне ерекше мән берілген. Бағдарламада Лүй 
Шушяң мен Жаң Жыгуңның сөз тіркестері жөніндегі көзқарастары 
басшылыққа алынып, 词组 “цызу” деген термин қалдырылып, оның 
орнына 短语 “дуанюй” деген термин қолданылады (“дуанюй” деген 
термин жалпы ағылшын тіліндегі “phrace”-дан аударылған). Аталған 
бағдарламада негізгі сөздер мен негізгі сөздердің тіркесі, негізгі 
сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі де сөз тіркесінің қатарында 
қаралады. Сондай-ақ, аталмыш бағдарламада сөз тіркестерінің сөйлем 
мүшесі болу қызметіне қарай түрлері жан-жақты қарастырылады. Сөз 
тіркестерінің сөйлем мүшелері бола алатындығы айтылады. 
Қытай тілінің ең басты ерекшеліктерінің бірі – сөз тіркесі мен 
сөйлемнің құрылымдық жағынан ұқсастығы. Бағдарламада осы 
ерекшелік ескеріліп, сөйлем мүшелері сөз тіркесінің құрамында 
қарастырылды. Анықтауыш есімді сөз тіркесінің құрамында; 
пысықтауыш, толықтырғыш, толықтауыштар етістікті сөз тіркесінің 
құрамында; бастауыш пен баяндауыш бастауыш-баяндауышты 
сөз тіркесінің құрамында қарастырылады. Сөйлем мүшелерін сөз 
тіркесінің құрамында қарастыру – сөз түрлендіруші формалар өте 
аз қытай тілі үшін өте тиімді болмақ. Сөйлемдерді талдауда қос 
бөлшектер әдісі қолданылды. Бұл бағдарлама қазірге дейін өзгеріссіз 
қолданылып келеді. 
«Орта мектептке арналған педагогикалық грамматиканың типтік 
оқу бағдарламасында» сөз тіркесіне ерекше мән берілген. Н.Хомскийдің 
сөз тіркесінің құрылымдық заңдылықтарын өзінің грамматика 
теориясының негізі етіп, «Трансформациялы-генеративті грамматика» 
деген еңбегін жазғаны сияқты, «Бағдарламаның» үштен бір бөлігінде 
сөз тіркесінің құрылымдық заңдылықтары баяндалып, қазіргі қытай 
тілінің грамматикалық жүйесі кең масштабта қарастырылған. «Орта 


13
мектептке арналған педагогикалық грамматиканың типтік оқу 
бағдарламасы» жарияланғаннан кейін сөз тіркесі (дуанюй) туралы 
Шы И-яу (史锡尧), Юй Гынюан (于根元), Жаң Лимің (张理明), Фан 
Шяу (范晓), У Уыйжаң (吴为章), Шің Фуий (邢福义), Чин Лижүн
 
(秦礼君), Гао Гыңшың (高更生), Уаң Хоңчи (王红旗), Ни Баоюан 
(倪宝元), Жаң Зоңжың (张宗正) және т.б. ғалымдардың еңбектері 
жарық көрді. 
1985 жылы Шау Айжийдің (邵霭吉) «现代汉语词组» (Қазіргі қытай 
тілінің сөз тіркесі) [11] атты еңбегі, 1991 жылы Фан Шяудың (范晓)
«汉语的短语» (Қытай тілінің сөз тіркесі) [12] деген еңбегі жарық көрді. 
Бұл еңбектерде қытай тілі сөз тіркестерінің табиғаты, жасалу жолдары, 
құрылымдық түрлері, мағыналары, сөйлемдегі синтаксистік қызметтері 
жан-жақты қарастырылған. Бұдан басқа, Хуа Хоңвый (华宏仪), Ли 
Юңшің (李永兴), Юе Жоңчи (岳中奇), Жаң Уаңши (张旺熹), Шюң 
Уынхуа (熊文华), Ли Зыюн (李子云) және т.б. ғалымдардың еңбектерін 
де ерекше атауға болады.
Осы кезеңде етістікті сөз тіркестері мен есімді сөз тіркестері 
жеке-жеке зерттелді. Ғылыми монографиялар жарық көрді. 
2010 жылы Жаң Біннің (张斌) редакциясымен «现代汉语描写语法
»
(Қазіргі қытай тілінің сипаттамалы грамматикасы) жарық көрді. Бұл – 
қытай тілінің грамматикалық бірліктерін практикалық тұрғыдан емес, 
ғылыми тұрғыдан қарастырған көлемді ғылыми еңбек. Кітап жалпы 1306 
беттен тұрады. Оның 110 бетінде сөз тіркесі арнайы қарастырылған. 
Авторлар сөз тіркесін дуанюй (短语) атауымен атап, негізгі сөзбен көмекші 
сөздің тіркесімін сөз тіркесінің қатарына жатқызған. Аталмыш еңбекте сөз 
тіркесінің табиғаты, жасалу жолдары, байланысу тәсілдері, сөз тіркесінің 
күрделі сөз бен сөйлемнің арақатынасы, сөз тіркесінің құрылымдық және 
синтаксистік қызметіне қарай түрлері, сөйлемдегі синтаксистік қызметі 
және т.б. мәселелер кең маштабта жан-жақты сипатталған. 
Қорыта айтқанда, алғашқы кезеңде (1920–1950 жылдардың 
аралығы) сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі оқулықтар мен оқу 
құралдары төңірегінде практикалық тұрғыдан қалыптасты. Екінші 
кезеңде (1950–1978 жылдардың аралығы) сөз тіркесінің синтаксисіне 
қатысты теориялық мәселелер қарастырыла бастады. Сөз тіркесі 
синтаксисі ғылыми мақалалар, монографиялар мен ғылыми 
диссертациялар түрінде жан-жақты зерттеле бастады. Американың 
құрылымдық тіл білімінің теориялары қытай тіл біліміне ене бастады. 
Сөз тіркесін оқытуға арналған әдістемелік құралдар басылып шықты. 


14
Үшінші кезеңде (1978 жылдан осы кезеңге дейінгі дәуір) сөз тіркесі әр 
қырынан зерттеле бастады. Сөз тіркесіне қатысты мақалалар ғылыми 
журналдарда жарияланып, ғылыми айтыстың төңірегінде дискуссияға 
айналды. Сөз тіркесінің табиғаты, жасалу жолдары, байланысу 
тәсілдері мен түрлері, басқа тілдік бірліктерден айырмашылықтары, 
мағыналары, сөйлемдегі синтаксистік қызметтері және т.б. мәселелер 
әр қырынан жан-жақты зерттелді.
90 жылдардан бастап сөз тіркесін зерттеу синтаксистік құрылымдық 
талдаудан (句法结构分析) семантикалық (语义), прагматикалық (语用), 
когнитивтік (认知) талдауға қарай ойыса бастады. 
Қытай тілі синтакисін зерттеуде орыс ғалымдары А.А.Драгунов, 
С.Е.Яхонтова, В.М.Солнцев, Е.И.Шутова, В.И.Горелов, Т.П.Задоенко, 
Ху-ан Шуин, С.Б.Янкивер, Н.И.Тяпкина т.б. еңбектерін атауға болады. 
Е.И.Шутованың қытай және орыс тілдерінің материалдары 
негізінде жазылған «Вопросы теории синтаксиса» және «Синтаксис 
современного китайского языка» деген еңбектерінде сөз тіркесіне 
қысқаша ғана орын берілмеген.
В.И.Гореловтың «Теоретическая грамматика современного 
китайского языка» (1989 ж.) еңбегінде сөз тіркестеріне орын берілген. 
Автор қытай тіліндегі сөз тіркестерін орыс тілінің теорияларына 
сүйене отырып қарастырған.
Қытай тілі мен қазақ тілдеріндегі сөз тіркесін салғастыра зерттеу 
бойынша Чын Янянның (陈燕燕) «汉哈对比语法 (Қытай және қазақ 
тілдерінің салғастырмалы грамматикасы) мен У Жіңфыңның (武金

) редакциялығымен шыққан «汉哈语言对比研究» (Қытай және 
қазақ тілдерін салғастыра зерттеу) атты еңбектерде аздап болса да 
айтылғаны болмаса, жеке зерттеу нысаны болған емес. Бұл туралы 
жазылған мақалалар да жоқтың қасы. 
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі синтаксисіне қатысты мәселелер 
А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, С.Аманжолов, 
М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, М.Томанов, Р.Әміров, Т.Сайрамбаев, 
М.Серғалиев, А.Әблақов, Е.Ағманов, С.Исаев, Қ.Шәукенов және т.б. 
ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Сөз тіркестері мәселесін С.Аманжолов сөйлем мүшелерінің 
байланысы тұрғысынан қарастырады да, оның бес байланысу 
формасын көрсетеді: қиысу, меңгеру, қабысу, жанасу, сөздердің 
сөйлемдегі орны бойынша байланысы [13, 282 б.]. Автор қазіргі қазақ 
тіліндегі матасуды меңгерумен бірге қарастырған.


15
Сөз тіркесін алғаш рет жүйелі баяндау 1954 жылы жарық көрген 
академиялық «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбекпен байланысты. Бұл 
еңбектің синтаксис бөлімін жазған М.Балақаев сөз тіркесі синтаксисін 
жай сөйлем синтаксисінде қарастырады да, сөз тіркестерінің 
синтаксистік табиғатын жан-жақты зерттеп, тұңғыш рет толық 
мәлімет береді. Автор сөз тіркесін әрі сөз таптарының, әрі сөйлем 
мүшелерінің тіркесі ретінде салаласатын, сабақтасатын байланыстағы 
сөздер деп қарастырады [14]. Оның кейін шыққан «Основные типы 
словосочетаний в казахском языке» (1957) және «Қазіргі қазақ тілі» 
(1992) еңбектерінде сөз тіркесі синтаксисі жай сөйлем синтаксисінен 
бөліп алынып қарастырылады. Мұнда сөз тіркесі сөйлем мүшелерінің 
емес, сөз таптарының тіркесі деп қарастырылып, сөз таптарының сөз 
тіркесін құраудағы ерекшеліктері, сөз таптары мен сөз таптарының 
тіркесі, олардың байланысу формалары мен түрлеріне сипаттама 
берілген. М.Балақаев сөз тіркестерінің байланысу формаларын 
талдай келе, матаса байланысу формасын енгізеді. М.Балақаевтің 
сөз тіркестеріне берген анықтамасы: “Синтаксистік қарым-қатынасты 
білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан 
тобын сөз тіркесі дейміз” [15, 35 б.]. Сонымен бұл анықтама бойынша, 
сөз тіркесі болу үшін кемінде екі толық мағыналы сөздің сабақтаса 
байланысы қажет екен.
Р.Әміров «Жай сөйлем синтаксисі» деп аталатын оқулығында сөз 
таптарының бағыныңқы, басыңқы сыңарда жұмсалу ерекшеліктерін 
әрі байланысу формасында көрсетіп, олардың байланысу тәсілдері мен 
синтаксистік қатынастарына тоқталған. Р.Әміров қазақ тіл білімінде 
салаласа байланысқан сөздердің тобын сөз тіркестерінің қатарына 
жатқызады. Бұл тұжырымын ғалым былайша негіздейді: а) сөйлемнің 
бірыңғай мүшелері де сөйлем ішінде грамматикалық қатынасқа 
түседі: ыңғайластық, талғаулық, қарсылықты т.б; ә) ол қатынастар 
шылау сөздер, интонация арқылы білдіріледі [16, 11 б.]. Бұл айтылған 
пікірді М.Серғалиев те қолдайды. Ғалым сабақтаса байланысқан 
сөз тіркестері мен салаласа байланысқан сөз тіркестерінің өзіндік 
айырмашылықтары бар екендігін былайша көрсетеді: 
1) салаласа байланысқан сөз тіркестері бағыныңқылық-басыңқылық 
қатынаста емес, тең қатынаста, қатар байланысады (боран мен аяз; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет