Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет32/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

Қос 
бөлшектер 
әдісі 
Американың 
дескриптивтік 
лингвистикасында бұл әдіс immediate constituent analysis, қысқаша 
IC analysis деп аталады. Оны ең алғаш ұсынған L.Bloomfield 
(Л.Блумфельд) болатын. Ол ағылшын тіліндегі immediate components 
(тікелей құрамдар) терминін тілдік құрылымдарды талдауға 
қолданады. Тікелей құрамдар (immediate components) туралы 
түсінікті ғалым мынадай мысалмен дәлелдейді: Poor John ran away 
(Бейшара Джон қашып кетті) [98, 196 б.].
Poor John
ran away
Бұл сөйлем тікелей екі құрамға бөлінеді: Poor John және ran away
Бұлардың әрқайсысы тікелей екі құрамға бөлінеді.
Қытай тілінде қолданылып жүрген қос бөлшектер әдісі американың 
дескриптивтік лингвистикасынан енген. Бірақ бұл екі әдістің 
ұқсамайтын тұстары бар: 
Immediate constituent analysis тек бөлуге ғана назар аударады, яғни 
әр қабаттағы тікелей бірігетін құрамдарды көрсетумен ғана шектеледі 
де, тікелей құрамдар арасындағы грамматикалық байланыстарды 
көрсетпейді. Мысалы:
A11
A21
A22
A1
A
A2
A12
Мұнда, A1 мен A2 ‒ A-ның тікелей бірігетін құрамдарды, A11 мен 
A12 ‒ A1-дің тікелей бірігетін құрамдарды, A21 мен A22 ‒ A2-нің 


81
тікелей бірігетін құрамдарды болып табылады. Ал қытай тіліндегі қос 
бөлшектер әдісі бөлуге де, грамматикалық байланыстарды көрсетуге 
де назар аударады. Мұның себебі: үндіеуропа тілдерінде, мысалы, 
ағылшын тілінде сөз таптары мен синтаксистік мүшелер, негізінен, 
сәйкес келеді, ал қытай тілінде сөз түрлендіруші формалар тапшы, 
сөз таптары мен синтаксистік мүшелердің арасындағы байланыс 
біршама күрделі. Белгілі бір сөз табына тән сөздер әр түрлі сөйлем 
мүшесінің қызметін атқара алады. Сондықтан қытай тілінде тек сөз 
таптары мен қабаттар арқылы құрылымдық байланыстарды айқындау 
қиын [99, 86-95 бб.]. 
Ch.C.Fries (Ч.С.Фриз) «Ағылшын тілінің құрылымы» деген 
еңбегінде былай деп жазады: “Ағылшын тілінде бір құрылымдық 
қабаттың әрқашанда екі құрамы (component) болады. Әрине, әрбір 
құрам бірнеше единицалардан құралады, бірақ ұқсас бір қабаттағы тіке 
бірігетін құрамдар (immediate components) әр қашанда екеу болады” 
[100, 264 б.]. 
Қос бөлшектер әдісі сөйлемді сөзге дейін талдайды, әр жолы 
талданған екі сөз тікелей тіркесетін құрамдар деп аталады. Мысалы, 
саты бойынша тіркескен ABCD сөйлемін (ABCD әр біреуі бір сөзге 
бара-бар) талдасақ, тұтас сөйлем алдымен ABC және D деген екі 
құрамға бөлінеді, ABC құрамы AB және C деген екі құрамға, ал AB 
құрамы A және B деген екі құрамға бөлінеді. Бұл сөйлемді схемамаен 
көрсетсек: 
A B C D
Қос бөлшектер әдісі арқылы қытай тіліндегі көп қабатты сөз 
тіркесін (күрделі сөз тіркесі) талдауға болады. Көп қабатты сөз тіркесін 
талдаудың мазмұны екі түрлі: бірі ‒ құрылымдық қабаттарын талдау, 
екіншісі ‒ құрылымдық байланыстарын көрсету. Көп қабатты сөз 
тіркесін талдаудың екі түрлі әдісі бар:
1) Үлкенінен кішісіне қарай, сөз тіркесінің қабаттарын екіге бөліп 
отырып, сөзге дейін талдау әдісі. Мысалы:
S+P
At+KW
Ad+KW
C Phrase
V+O
夜 的 草原 是 这么宁静 而 安详


82
2) Кішісінен үлкеніне қарай сатылап талдау әдісі. Мысалы:
提高 分析 问题 和 解决 问题 的能力
At+KW
C Phrase
V+O
V+O
V+O
Қазақ тіліндегі сөз тіркесін талдау мен қытай тіліндегі сөз тіркесін 
талдау ұқсамайды.
Қазақ тілінде синтаксистік талдау көп жағдайда морфологиялық 
талдаумен қабаттаса жүргізіледі. Мәселен, сөз тіркесін өткенде
алдымен тіркестің құрамына енген сөздердің қай грамматикалық 
формада тұрғаны айтылады, одан ары олардың байланысу тәсілі де 
морфологиялық форма арқылы түсіндіріледі [101, 49 б.]. 
Енді жеке сөйлемдер алып, оның құрамындағы сөз тіркесін бөліп 
алып, әр қайсысының тіркесу тәсілін айқындайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет