Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім


 ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ



Pdf көрінісі
бет34/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

2 ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ 
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТҮРЛЕРІ МЕН МАҒЫНАСЫ
Қытай тіл білімінде қалыптасқан дәстүр бойынша толық мағыналы 
сөздердің тіркесінен жасалған сөз тіркесі құрылымына қарай 主谓短语, 
联合短语
, 偏正短语, 谓宾短语 
және
谓补短语 
болып
5 түрге бөлінеді. 
Сөз тіркесін бұлай топтастыру ешқандай талас тудырмайды. Тек олардың 
қытайша аталуында бірізділік жоқ.
Қытай тіліндегі сөз тіркесінің аттары қазақ тіліне әртүрлі 
аударылып жүр. 
主谓短语
қазақ тіліне, негізінен, бастауыш-баяндауышты сөз 
тіркесі деп аударылып жүр. Кейде предикативті сөз тіркесі болып та 
аударылады. 
Қытай тілінде 谓宾短语 -ды 动宾短语, 述宾短语 деп те атайды. 
Сондықтан бұл сөз тіркесі баяндауыш-толықтауышты сөз тіркесі, 
етістік-толықтауышты сөз тіркесі деп аударылады.
谓补短语 
қытай тіл білімінде 动补短语, 述补短语, 中补短语, 后
补短语
, 补充短语 болып әртүрлі аталады. Бұл сөз тіркесі қазақ тіліне 
етістік-толықтырғышты сөз тіркесі, баяндауыш-толықтырғыштық 
сөз тіркесі, баяндауыш-толықтырғыш мүшелі сөз тіркесі, өзекті 
сөз-толықтырғышты сөз тіркесі, етістік-толықтамалы тіркес немесе 
толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі болып түрлі-түрлі аударылып 
жүр. Біз бұл тіркесті толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі деп 
атаймыз. 
偏正短语
қазақ тіліне “сабақтас тіркес” болып аударылып жүр. 
Қытай тіліндегі бұл сөз тіркесі екі сыңардан құралады. Алдыңғы 
сыңары – айқындаушы сөз, соңғы сыңары – ұйытқы сөз. Екі сыңар 
арасында айқындауыш-айқындалғыш (анықтауыштық немесе 
пысықтауыштық) қатынас болады. Қытай тілінде қалыптасқан дәстүр 
бойынша бұл сөз тіркесі өз ішінен анықтауыштық қатынастағы сөз 
тіркесі (定中短语) және пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі
(状中短语) болып екі түрге бөлінеді.
Бұл тіркестің қазақ тіліне “сабақтас тіркес” деп аударылуының 
себебі қазақ тіліндегі “сабақтас тіркеске” (яғни сабақтаса байланысқан 
сөз тіркесі) ұқсатудан келіп шықса керек. Біздің пікірімізше, 偏正
短语 
атауына “сабақтас тіркес” дәлме-дәл балама бола алмайды. 
Себебі қазақ тілінде сабақтаса байланысқан сөз тіркесі анықтауыштық 
қатынастағы сөз тіркесі, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі 


87
және толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі болып үшке бөлінеді. 
Ал қытай тілінде 偏正短语 анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі 
және пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі болып екіге бөлінеді. Ал 
толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі (动宾短语) жеке сөз тіркесі 
ретінде қарастырылады. Біз 偏正短语-дың жоғарыдағы айтылған 
ерекшеліктерін ескере отырып, аталған сөз тіркесін “бағыныңқы-
басыңқылы сөз тіркесі” деп аударуды ұсынамыз. 
Зерттеу жұмысында қытай тіліндегі бастауыш-баяндауышты сөз 
тіркесі (предикативті сөз тіркесі), толықтауыштық қатынастағы сөз 
тіркесі, анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі, пысықтауыштық 
қатынастағы сөз тіркесі және толықтырғыштық қатынастағы сөз 
тіркестерін ғана қарастырамыз. Ал қазақ тіліндегі толықтауыштық, 
анықтауыштық және пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері 
ғана біздің зерттеу нысанымызға жатады. Салаласа байланысқан 
сөз тіркестері және толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің 
тіркестері біздің зерттеу нысанымызға кірмейді. 
Қытай тілінде сөз тіркесі құрамында да, сөйлем құрамында да 
бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш және 
толықтырғыш деген мүшелер бар, бірақ сөз тіркесінің құрамындағы 
мүшелер сөйлем мүшелеріне (句子成分) ұқсамайды, олар қытай тіл 
білімінде сөз тіркесінің құрылымдық мүшелері (短语的结构成分) 
деп аталады.
Қазақ тілінің дәстүрлі грамматикасында сөз тіркестері сөз 
таптарының негізінде топтастырылады. Басыңқы сыңарлардың қандай 
сөз табынан екендігі негізге алынып, қазақ тіліндегі сөз тіркестері 
есімді және етістікті сөз тіркестері деген үлкен екі топқа бөлінеді. 
Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық 
қатынаста жұмсалатындығын ескере отырып, оларды толықтауыштық 
қатынастағы сөз тіркесі, анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі, 
пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі деп үшке саралаймыз. 
Қазақ тілінде, әдетте, сөз тіркестерінің терминдері өз алдына, 
сөйлем мүшелерінің терминдері өзара бір-біріне қатыссыз қолданылып 
келсе, кейде сөз тіркестерінде сөйлем мүшелерінің элементтері 
араласып келе береді [18, 92 б.].
Біздің қарастырып отырған толықтауыштық, анықтауыштық және 
пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері дегенде негізінен сөз 
тіркестерінің мәселесі басым болады да, сөйлем мүшесіне қатысты 
терминдер оларға көмекшілік қызметте жұмсалады.
Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің сыңарларын таңбалауда 
қолданылатын символдар:


88
N ― есім, есім сөздер
S ― зат есім
Adj ― сын есім
Num ― сан есім
Pron ― есімдік



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет