Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет36/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

басым ауырды. Сөзбе-сөз: Мен бас ауыру). Бұл сөйлемнің құрамындағы

(мен) ‒ негізгі бастауыш, яғни тұтас сөйлемнің бастауышы болады, 
ал 头 (бас) ‒ сөйлемнің қосалқы бастауышы, 疼 (ауыру) ‒ сөйлемнің 
қосалқы баяндауышы болып тұр.
Негізгі бастауыш пен қосалқы бастауыштың арасындағы 
байланыстарға қарай ББСС төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді: 
1. Негізгі бастауыш пен қосалқы бастауыштың арасында кең 
мағынадағы меншіктілік қатынас болады. Мысалы:
她‖性格温和。
[Ta‖xingge wenhe] (Оның мінезі жұмсақ. Сөзбе-
сөз: Ол мінез жұмсақ).
她‖身体很健康。
[Ta‖shenti jiankang] (Оның денсаулығы жақсы
Сөзбе-сөз: Ол денсаулық жақсы).
Мұндай сөйлемдердің құрамындағы негізгі бастауыш пен қосалқы 
бастауыштың арасында меншіктілік қатынас болатындықтан, 
әдетте, 的 шылауын (的 ‒ анықтауыштың белгісі) жұмсауға болады. 
Мысалы, екінші мысалды 她的身体很健康, ‒ деп, 的-ны қосып айтуға 
болады. Осы екі сөйлемнің білдіретін мағыналары да ұқсас, бірақ 
的 
жұмсалғаннан кейін сөйлемнің құрылымдық байланысы өзгереді. 
Яғни 她 (ол) анықтауыш мүшеге, ал 身体 (дене) тұтас сөйлемнің 
бастауыш мүшесіне өзгереді де, тұтас сөйлем “анықтауыш ‒ бастауыш 
‒ баяндауыш” типті сөйлемге өзгереді. 
2. Негізгі бастауыш қимыл-әрекеттің объектісі, ал қосалқы 
бастауыш қимыл-әрекеттің иесі (субъектісі) болады. Мысалы: 
这件事‖我知道。
[Zhe jianshi‖wo bu zhidao] (Бұл істі мен білемін
Сөзбе-сөз: Бұл іс мен білу).
自己的事‖自己办。 
[Ziji de shi‖ziji ban] (Өз ісіңді өзің істе
Сөзбе-сөз: Өз іс-ің өзі істеу).


92
3. Негізгі бастауыш қимыл-әрекеттің иесі (субъектісі), қосалқы 
бастауыш ‒ қимыл-әрекеттің объектісі. Мысалы:
我‖任何困难都不怕。
[Wo‖renhe kunnan dou bupa] (Мен 
ешқандай қиыншылықтан қорықпаймын. Сөзбе-сөз: Мен ешқандай 
қиыншылық қорықпау).
他‖一口水都不喝。
[Ta‖yi kou shui dou bu he] (Ол бір ұрттам 
су да ішпеді. Сөзбе-сөз: Ол бір ұрттам су да ішпеу).
4. Негізгі бастауыш пен қосалқы бастауыштың арасында 
айқындауыш-анықталушы қатынас болады. Айқындауыш қызметінде 
сілтеу есімдіктері, жіктеу есімдіктері жұмсалады. Мысалы: 
一个边防军人,‖他时刻准备着为边关奉献一切。
[Yige bianfang 
junren‖ta shike zhunbei zhe wei bian’guan fengxian yiqie] (Шекарашы 
болғандықтан ол шекара заставасы үшін бәрін беруге әрқашан дайын
Сөзбе-сөз: Бір шекарашы, ол әрқашан дайын шекара застава үшін 
арнау бәрін).
祖国,‖这是一个神圣的名字。
[Zuguo‖zheshi yige shensheng de 
mingzi] (Отан деген қасиетті есім. Сөзбе-сөз: Отан  бұл қасиетті 
есім).
Бірінші сөйлемнің құрамындағы қосалқы бастауыш 他 (ол) негізгі 
бастауыш 军人-ды айқындап тұрса, екінші сөйлемнің құрамындағы 
қосалқы бастауыш 这 (бұл) негізгі бастауыш 祖国-ны айқындап тұр. 
5. Негізгі бастауыштың алдында “туралы, жөнінде, жайында” 
деген мағына жасырын тұрады. Егер негізгі бастауышқа 对于, 关

, 对 (туралы, жөнінде, жайында) деген предлогтар жұмсалса, онда 
негізгі бастауыш сөйлемнің басында тұратын пысықтауыш мүшеге 
айналады. Мысалы:(关于)这件事‖我们不知道。[(Guanyu)
zhe 
jian shi‖women bu zhidao] (Бұл іс туралы біз білмейміз. Сөзбе-сөз: 
Туралы бұл іс біз білмеу).
Бірқатар сөйлемдердің қосалқы бастауышы баяндауыш-
толықтауышты сөз тіркестерінен болады да, негізгі бастауышпен 
предикаттық қатынаста айтылады. Мысалы: 
他‖做事认真。
[Ta‖zuo shi renzhen] (Ол жұмысты тиянақты 
істейді. Сөзбе-сөз: Ол жұмыс істеу тиянақты). 
你‖说话清楚。
[Ni‖shuohua qingchu] (Сенің сөзің ұғынықты
Сөзбе-сөз: Сен сөз сөйлеу ұғынықты). 
Жоғарыда мысал ретінде келтірілген баяндауышы бастауыш-
баяндауышты сөз тіркесінен жасалған сөйлемдердің құрамындағы 
қосалқы баяндауыштар ‒ етістік немесе сын есімдер, бұлардан басқа, 


93
қосалқы баяндауыштары зат есімдерден жасалған сөйлемдер де бар. 
Мұндай сөйлемдер ауызекі тілде жиі ұшырайды. Мысалы: 苹果‖
一公斤五元。
[Pingguo‖yi gongjin wu yuan] (Алманың бір келісі бес 
юан. Сөзбе-сөз: Алма бір келі бес юан). 
Қытай тілінде бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі мен бастауыш-
баяндауыш құрылымды сөйлемнің құрылысы сырттай қарағанда ұқсас. 
Бірақ олардың бір-бірінен айырмашылықтары бар: 
1) бастауыш-баяндауыш құрылымды сөйлемде интонация болады, 
ал бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінде интонация болмайды;
2) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемнің белгілі бір 
мүшесі бола алады: 鸡叫的时候,我起床了。[Ji jiao de shihou, 
wo qichuang le] Әтеш шақырған кезде ояндым. Осы сөйлемнің 
құрамындағы 鸡叫[ji jiao] әтеш шақыру деген бастауыш-
баяндауышты сөз тіркесі тұтас күйінде сөйлемнің анықтауышы 
болып тұр. 他身体健康。[Ta shenti jiankang] Сөзбе-сөз аударғанда: 
Ол денсаулық жақсы. (Оның денсаулығы жақсы). Осы сөйлемнің 
құрамындағы 身体健康 [shenti jiankang] денсаулығы жақсы деген 
бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемнің баяндауыш қызметін 
атқарып тұр; 
3) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі кейде бастауыш-баяндауыш 
құрылымды емес сөйлемдердің құрамында белгілі бір сөйлем 
мүшесінің қызметін де атқара алады. Мысалы: 禁止机动车同行[Jinzhi 
jidongche tongxing] Мәшинелердің жүруіне болмайды деген сөйлемнің 
құрамындағы 机动车同行


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет