Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет37/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

[jidongche tongxing] мәшине жүру деген 
бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі сөйлемнің толықтауыш қызметін 
атқарып тұр; 
4) белгілі бір тілдік ортада бастауыш-баяндауыш құрылымды 
сөйлемдердің құрамындағы бастауыш пен баяндауыштардың 
орындарын ауыстыруға болады. Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің 
құрамындағы бастауыш пен баяндауыштардың орындары тұрақты, 
өзгертуге болмайды, егер орнындарын ауыстырсақ, сөз тіркестерінің 
білдіретін грамматикалық қатынастары мен грамматикалық мағыналары 
бүтіндей өзгереді. Мысалы, 天气好[tianqi hao] ауа райы жақсы ‒ 
бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі, предикаттық қатынас. 好天气 
[hao tianqi] жақсы ауа райы ‒ қабыса байланысқан анықтауыштық 
қатынастағы сөз тіркесі. 
Бастауыш-баяндауышты сөз тіркестерінің жасалу жолдары мен 
мағынасы. Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің жасалу жолдары 
туралы мектеп және жоғары оқу орындарына арналған еңбектердің 
барлығында айтылады.


94
Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің бастауышы, көбінесе, зат 
есім, есімдік, сан есім және есімді сөз тіркестерінен, ал баяндауышы, 
көбінесе, етістік, сын есім немесе сын есімді, етістікті сөз тіркестерінен 
болады.
Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі негізінен мынадай жолдармен 
жасалады: 
1. “Зат есім ― етістік” болып құралған сөз тіркесі: 
学生上山
[xuesheng shang shan] студенттер тауға шықты.
2. “Зат есім ― сын есім” болып құралған сөз тіркесі: 
天气晴朗
[tianqi qinglang] күн райы ашық.
3. “Есімдік ― сын есім” болып құралған сөз тіркесі: 
她聪明
[ta congming] ол ақылды.
4. “Есімдік ― етістік” болып құралған сөз тіркесі: 
她来
[ta lai] ол келу. 
5. “Сын есім ― сын есім” болып құралған сөз тіркесі: 
诚实好
[chengshi hao] адалдық жақсы. 
Ескере кететін жайт: 诚实 [chengshi адалдық ‒ сын есім болады, 
ол қазақ тіліне дерексіз зат есім болып аударылады.
6. “Етістік ― сын есім” болып құралған сөз тіркесі: 
种花很难
[zhong hua hen nan] гүл егу қиын.
7. “Зат есім ― сан-мөлшер сөз тіркесі” болып құралған сөз тіркесі: 
建筑面积一万平方米
[jianzhu mianji yiwan pingfangmi] 
құрылыс аумағы он мың шаршы метр. 
8. “Сын есім ― етістік” болып құралған сөз тіркесі: 
虚心使人进步
[xuxin shi ren jinbu] 
кішпейілділік адамды алға бастырады. 
Ескере кететін жайт: 虚心 [xuxin] кішпейілділік ‒ сын есім болады, 
ол қазақ тіліне зат есім болып аударылады.
9. “Зат есім ‒ зат есім” болып құралған сөз тіркесі. Зат есім баяндауыш 
болғанда, тек датаны (жыл, ай, күн), мезгілді, бағаны, ауа райын, адамның 
жас мөлшерін, туған жерін т.б. білдіреді: 
今天星期天
[jintian xingqitian] бүгін жексенбі 
她十八岁
[ta shi ba sui] ол он сегізде 
安娜英国人
[Anna yingguoren] Анна – британдық 
今天晴天
[jintian qingtian] бүгін күн ашық.
Бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің құрамындағы бастауыш 
пен баяндауыштың арасында белгілі семантикалық байланыс болады. 
Бұл сөз тіркесі мынадай мағыналық қатынаста жұмсалады:


95
1. Қимыл иесі мен қимыл-әрекет арасындағы қатынасты білдіреді. 
Құрылымдық модельдері: 
S


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет