102
«Қазақ грамматикасында»: “Осындай құрылымдардың бастауыштан
кейін өнімді қолданылатын мүшесі ‒ анықтауыш. Өйткені үйірлі
мүшенің екінші сыңары көбінесе сын есім болып келеді. Бірінші
сыңары
зат есім, жіктік, өздік есімдіктері болады да, олар түбір
күйінде не тәуелдік жалғауының, көбінесе, III жағында айтылады”,
‒ дейді [17, 660 б.]. Автор үйірлі
анықтауыштың жасалуында
есімшенің екінші сыңарда жұмсалуын сөз етпейді. С.Жиенбаев,
Ш.Сарыбаев, О.Күлкенова сынды бірқатар ғалымдар да есімшенің
екінші сыңарда жұмсалу ерекшелігін ескермейді. Н.Сауранбаев
құрамында бастауыштық сөзі бар есімшелі тіркестерді үйірлі мүше
деп санамайды. Ғ.Әбуханов керісінше үйірлі мүшенің жасалуында
екінші сыңарда тек есімшенің жұмсалуын ғана айтады.
Достарыңызбен бөлісу: