Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет46/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

Табыс жалғаулы сөз тіркесі: құрылымдық моделі ‒ O
4
+ V.
Табыс септіктегі сөзді керек ететін етістіктер ‒ сабақты етістіктер: 
кітапты оқыды, кірді жуды. Салт етістіктер өзгелік етіс формасына 
ауысқанда олар да табыс септік сөзді меңгере алатын болады: ойна 
 баланы ойнатты, толды  шелекті толтырды, қанды  сусынын 
қандырды [16, 31-32 бб.].
O
4
+ V моделінің құрылымдық парадигмасының модельдері:
1. S
4
+ V моделі. Мысалы: тапсырманы орындау.
2. Pron
4
+ V моделі. Мысалы: оны қорқыту, мұны көрді.
3. Adj
4
+ V моделі. Мысалы: әдемісін алды.
4. V
(ec)4
+ V моделі. Мысалы: көргенді айту.
5. Num + V моделі. Мысалы: біреуін алды
O
4
+ V моделі тоықтауыштық (объектілік) қатынаста жұмсалады, 
яғни бағыныңқы сөз қимылдың, іс-әрекеттің объектісі болған затты 
атайды. 
Қазақ тіліндегі O
4
+ V моделімен сәйкес келетін қытай тіліндегі 
модельдер: 
Қазақ тіліндегі O
4
+ V
Қытай тіліндегі V + O 
S
4
+ V
V + S 
(shou)
Pron
4
+ V
V + Pron
Adj 
4
+ V
V + Adj
V(
ec) 4
+ V
V + V
Num + V
V + (M + N)
Қазақ тіліндегі O
4
+ V моделі мен қытай тіліндегі V + O моделінің 
айырмашылықтары:
1) байланысу тәсілдері ұқсамайды: қазақ тілінде табыс жалғауы 
арқылы байланысады, қытай тілінде орын тәртібі арқылы байланысады; 
2) қазақ тілінде сын есімдер, сан есімдер субстантивтенген 
жағдайда ғана меңгеріледі; 
3) қытай тілінде сын есім етістіктермен орын тәртібі арқылы 
тіркеседі, ал сан есімдер етістіктермен тікелей тіркесе алмайды
сан есімдер ең алдымен мөлшер сөздермен тіркес құрайды да, сол 
түйдегімен етістіктермен тіркеседі.


109
Қытай тілінде септік жалғаулары жоқ. Қытай тіліндегі предлогтар 
қазақ тіліндегі кейбір септік жалғауларымен мағына жағынан ұқсас 
келеді. Алайда предлогтарды септеуліктермен бір тұрғыдан қарауға 
келмейді. Қытай тілінде олар дербес сөз табы ретінде қаралады. 
Предлогтар сөз бен сөздерді байланыстыру қызметін атқармайды. Олар 
толық мағыналы сөз не сөз тіркестерімен тіркесіп келіп, предлогты сөз 
тіркесін (介词短语) жасап, сөйлемде тек пысықтауыштың қызметін 
атқарады.
Табыс септігімен бара-бар келетін предлогтар мыналар: 把[ba], 

[jiang]. Бұл предлогтардың басты қызметі ‒ есім сөздерімен 
тіркесіп келіп, іс-қимылдың негізі (объектісі) болатын зат пен 
құбылысты күшейтіп көрсету. Мысалы: 
你把书给我。
[Ni ba shu gei wo] Кітапты маған бер
你将书还给她。
[Ni jiang shu huan gei ta] 
Сен кітапты оған қайтарып бер
Бұлар қазақ тіліне толықтауыш болып аударылғанымен, қытай 
тілінде пысықтауыштың қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет