Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім


Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесінің синтаксистік қызметі



Pdf көрінісі
бет62/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесінің синтаксистік қызметі:
1. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі бастауыштың қызметін 
атқарады: 
他朋友今天没来。
Оның досы бүгін келмеді.
2. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі анықтауыш қызметін 
атқарады: 
很多人在为她担心。
Көптеген адамдар оған алаңдауда.
3. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі сөйлемде толықтауыш 
қызметін де атқара алады: 
他望着丈夫的脸。
Ол күйеуінің бетіне қарады. 
4. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі сөйлемде баяндауыш 
қызметін де атқарады.
Фан Шяу анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесінің мынадай төрт 
түрлі жағдайда ғана баяндауыш қызметін атқара алатындығын айтады: 
а) “Сын есім + зат есім” типті анықтауыштық қатынастағы сөз 
тіркесі анықтауыш болады. Бұндай анықтауыштық қатынастағы сөз 
тіркесі бастауыштың ерекшелігін сипаттайды. Мысалы: 他高高的个
子,黑黑的眼睛。
Оның бойы ұзын, көзі қара. (Сөзбе-сөз: Ол ұзын 
бой, қара көз). 
ә) “

[hao] + сын есім + зат есім” немесе “

[duo] + сын есім + зат 
есім” типті анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі анықтауыш болады: 
你好大的胆子呀!
Сен неткен жүрек жұтқан едің! 
Бұл тіркес бастауыштың қасиетін, ерекшелігін сипаттайды. Олар 
тек лепті сөйлемдерде ғана жұмсалады.
б) “Сан есім + мөлшер сөз + зат есім” типті анықтауыштық 
қатынастағы сөз тіркесі анықтауыш болады: 
山那边一片树林,树林前边一个湖。
Асқар тауда қалың орман, орманның алдында бір көл бар.


128
в) “Есімдік + мөлшер сөз + зат есім” типті анықтауыштық 
қатынастағы сөз тіркесі анықтауыш болады: 你这个傻小子!Ақымақ 
бала!
Кейде 这 есімдігі түсіріліп те айтылады: 你个傻小子!деп айтуға 
болады [12, 68 б.].
Қазақ тіліндегі анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі
Қазақ тілінің синтаксисінде анықтауыштық қатынастағы сөз 
тіркестері құрамындағы сыңарлардың байланысу тәсілдеріне қарай 
екіге бөліп қарастырылады: қабыса байланысқан сөз тіркестері және 
матаса байланысқан сөз тіркестері.
Анықтауыштық қатынас грамматикалық қатынастың жалпы 
белгісіне қарай айқындалады. Мұнда бағыныңқы сыңар (матаса 
байланысқан сөз тіркестерінде І сыңар) басыңқы сыңарды (матаса 
байланысса ІІ сыңарды) түрлі сипатына қарай айқындап қандай? қай? 
деген сұраққа жауап алынады. 
Атрибутивтік қатынастағы сөз тіркестерінің мазмұны анықталатын 
басыңқы сыңар мен оның анықтаушысы болып табылатын бағыныңқы 
сыңарда жұмсалған сөздің мағынасына байланысты болып келеді. Ал 
олардың мағыналық қатынасын көрсету үшін құрылымдық сипатын 
білу керек. М.Балақаев анықтауыштық қатынасқа құрылған қабыса 
байланысқан сөз тіркестерін бағыныңқы сыңар немесе анықтауыш 
сөздің қай сөз табынан болуына қарай 5-ке бөліп қарастырады [15, 
44-55 бб.]. Р.Әміров те атрибутивтік қатынастағы қабыса байланысқан 
сөз тіркестерін анықтауыш сөздің таптық сипатына байланысты 5-ке 
саралайды [16, 14-19 бб.]. Бірақ біз ғалымның зат есімнің қимылдық, 
процессуалдық сапасын атап, онымен анықтауыштық қатынаста 
жұмсалатын “есімше‒зат есім” үлгісіндегі сөз тіркестерін “үстеу ‒
зат есім” үлгісіндегі сөз тіркестер деп қарастыруына келіспейміз. 
Өйткені есімше сөздер зат есімді тіркестерде бағыныңқы сыңарда 
көп жұмсалады және зат есімдермен еркін тіркеседі. Мысалы, келген 
адам, оқитын бала, сусыған құм т.б.
Атрибутивтік қатынастағы сөз тіркестерінің бір тобын матаса 
байланысқан тіркестер құрайды. Матасу ‒ қазақ тіліне (түркі 
тілдеріне) тән, оның грамматикалық ерекшелігінің бірі болып 
табылатын синтаксистік байланыс формасы. Матаса байланысқан 
сөз тіркестерінің бірінші сыңары ілік жалғауы формасында, екінші 
сыңары тәуелдік тұлғасында келеді. 


129
Енді қабысу және матасу амалымен жасалған анықтауыштық 
қатынастағы сөз тіркестерінің құрылымдық және мағыналық жағына 
кеңірек тоқталайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет