Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет65/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

3) сан есімді сөз тіркесі: құрылымдық моделі ‒ Num + S. 
Сан есімдер затты сан жағынан анықтайды. Осы ерекшелігіне 
байланысты барлық зат есім сөзбен тіркесе бермейді, тек қана санауға 
болатындармен ғана тіркес құрауға қабілетті. Ал бағыныңқы сыңарда 
сан есімдердің жинақтық сан есім тобы жұмсалмайды. Өйткені 
жинақтық сан есімдердің өзіндік ерекшелігі ‒ оның бойындағы сандық 
қана емес, заттық семантиканың да болуында. Сонымен, сан есім мен 
зат есімнің тіркес құрау қабілеті олардың семантикасына байланысты 
болып келеді. 
Num +S сандық сапаны білдіреді. Мысалы: он екі үй, сегізінші 
қабат т.б.
Ал күрделі сан есімді сөз тіркестері нумеративті, өлшемді білдіретін 
тонна, метр, кило т.б. сөздермен түйдектеліп келген сан есімдер арқылы 
жасалады. Мысалы: үш күндік жер, он бес килограмдық қалта.
4) есімдікті сөз тіркесі: құрылымдық моделі ‒ Pron + S. 
Есімдіктердің қабыса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы 
сыңарында жұмсалуы өте белсенді сипатқа ие. Бұл есімдіктердің сөз 
табы ретіндегі өзіндік ерекшелігімен байланысты сияқты. Есімдіктер 
заттың атын, сынын, белгісін, сан мөлшерін білдірмей, тек олардың 
орнына жұмсалатын сөздер болғандықтан орынбасар сөздер ретінде 
сипатталады. 
Есімдіктердің сөз тіркесі құрамындағы анықтауыштық 
мағыналарының әр түрлі болып келуі олардың (есімдіктердің) 
мағыналық топтарына байланысты. Мәселен, Pron + S моделінде, 
сілтеу есімдігі жұмсалса, алыс-жақын бағдарды көрсетеді. Мысалы: 


132
анау үй, мына кітап, сол бала; ал сұрау мен жинақтау есімдіктері 
өз атауларына сай бірі жинақталған сандық, мөлшерлік, екіншісі 
сұраулық (қандай сұрау есімдігіне қарай: сапалық немесе сандық, 
мөлшерлік т.б.) сапаны білдіреді. Мысалы: қанша сабақ, барлық 
студент.
5) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет