140
а) қимылдық мөлшер сөзді толықтырғыш.
Қимыл-әрекеттің
жасалу ретін, санын білдіреді. “Сан есім+қимылдық мөлшер сөзді”
тіркестерден жасалады. Мысалы:
让我想一下
[Rang wo xiang yi xia]
Маған ойлануға мұрсат берші.
我看了一次电影
[Wo kan le yi ci dianying]
Мен бір рет кино көрдім.
ә) мезгілдік мөлшер сөзді толықтырғыш. Қимыл, іс-әрекет, жай-
күйдің жалғасу, созылу уақытын білдіреді. “Сан есім+мөлшер сөзді”
немесе “сан есім+зат есімді” тіркестерден жасалады. Мысалы:
我大学毕业五年了
[Wo daxue biye wu nian le]
Менің университет бітіргеніме бес жыл болды.
我们每星期学习五天
[Women mei xingqi xuexi wu tian]
Біз аптасына бес күн оқимыз.
请等我一分钟
[Qing deng wo yi fen zhong]
Мені бір минут күте тұршы.
Мезгіл-мекен толықтырғыш. Мезгіл-мекен толықтырғыш, көбінесе,
предлогты тіркестер арқылы жасалады да, қимыл-әрекеттің болу мезгілі
мен мекенін, жасалу үстіндегі әрекеттің бағытын білдіреді:
他生于
1990年[Ta sheng yu yi jiu jiu ling nian]
Ол 1990 жылы туған.
列车往北京开
[Lieche wang beijing kai]
Пойыз Бейжіңге жүреді.
这个故事发在中国
[Zhe ge gushi fasheng zai Zhongguo]
Бұл әңгіме
Қытайда болған.
人们都知道自己生在何处,却不知道死在何方
[Renmen dou zhidao
ziji sheng zai he chu, que bu zhidao si zai he fang]
Адамдар өздерінің
қай жерде туғанын біледі, бірақ қай жерде өлетінін білмейді.
Мүмкіндік толықтырғыш. Субъектінің істі істеуге мүмкіндігінің
бар-жоғын көрсетеді. Оның үш түрлі үлгісі бар:
1) “
Етістік +得/不+
нәтиже толықтырғыш/бағыт-бағдар
толықтырғыш”. Мысалы:
他看得懂,我看不懂
[Ta kan de dong, wo kan bu dong]
Ол түсінеді,
мен түсінбеймін.
这道题谁算得出来
[Zhe dao ti shui suan de chu lai]
Бұл есепті кім
шығара алады екен.
2) “
Етістік/сын есім +得/不+了(liăo) ”. Мысалы:
他来得了
[Ta lai de liao]
Ол келе алады.
天气太热,我们受不了
[Tianqi tai ri, women shou bu liao]
Күн өте
ыстық, шыдай алар емеспіз.
我瘦不了
[Wo shou bu liao]
Мен арықтай алмадым.
3) “
Етістік + 得/不得”сөздерінен жасалған мүмкіндік толықтырғыштар.
Мысалы:
141
这种苹果还没熟,现在吃不得
[Zhe zhong pingguo hai mei shu,
xianzai chi bu de]
Бұл алма әлі піспеген, жеуге болмайды.
这种电脑游戏孩子玩不得
[Zhe zhong diannao youxi haizi wan bu
de]
Мұндай компюьтерлік ойындарды балаларға ойнауға болмайды.
Толықтауыш пен толықтырғыштың айырмашылықтары. Қытай
тілінде толықтауыш пен толықтырғыш етістік баяндауыштың соңынан
келеді. Сондықтан оларды бір-бірінен ажырату қиынға түседі. Оларды
ажыратуда мына мәселелерге көңіл бөлу керек:
1) толықтауыш пен толықтырғыштың білдіретін грамматикалық
қатынастарына және қандай сұрақтарға жауап беретіндігіне көңіл бөлу
керек. Етістіктің соңынан келіп,
кімді?, нені? деген сұрақтарға жауап
беретін, қимыл-әрекеттің объектісін білдіретін мүше
толықтауыш
болады; етістіктің
соңынан келіп,
қандай? қанша? қанша уақыт?
қанша алыс? деген сұрақтарға жауап беріп, қимыл-әрекеттің нәтижесін,
мүмкіндігін, жай-күйiн, мезгілін, сан-мөлшерін, т.б. білдіретін мүше
толықтырғыш болады. Мысалы:
我喜欢安静
[Wo xihuan anjing]
Мен тыныштықты ұнатамын.
把房间打扫干净
[ba fangjian dasao ganjing]
Бөлмені айнадай етіп тазала.
Жоғарыдағы мысалдағы 安静 (
тыныштық) сөзі
нені жақсы көру?
деген сұраққа жауап беріп, толықтауыш болады. Ол – 喜欢 (
ұнату)
тарапынан меңгерілетін объект. Екеуінің арасында толықтауыштық
қатынас болады. 干净 (
таза) сөзі
нені тазалау? деген сұраққа жауап
бере алмайды, тек
қалай тазалады?
деген сұрауға жауап беріп, 打扫
(
тазалау) сөзінің нәтиже толықтырғышы болады.
2) құрамындағы сөздердің сипатына, яғни қандай сөз табынан
жасалуына қарай ажырату. Толықтауыш, көбінесе, зат есім, зат есімді
сөз тіркестерінен жасалса, толықтырғыш, әдетте, етістік немесе сын
есімдерден жасалады. Мысалы:
我看电视
[Wo kan dianshi]
Мен теледидар қараймын.
德语我听不懂
[Deyu wo ting bu dong]
Неміс тілін түсінбеймін.
她说得很清楚
[Ta shuo de hen qingchu]
Ол анық айтты.
3) жіктеу есімдіктері толықтауыш бола алғанымен, толықтырғыш
бола алмайды. Мысалы: 我认识他们[Wo renshi tamen]
Мен оларды
танимын. 他们 (
олар) сөйлемде толықтауыш болып тұр. 很hen, 极ji
(
өте, аса, тым)
үстеулері толықтырғыш бола алады, бірақ толықтауыш
бола алмайды. Мысалы:
他勇敢极了
[Ta yonggan ji le]
Ол өте батыл екен.
他写的字漂亮得很
[Ta xie de zi piaoliang de hen]
Оның жазуы өте тамаша (Оның жазуы маржандай).
142
4) мөлшер сөзді сөз тіркесінің құрамында зат-мөлшер сөз болса,
әдетте,
толықтауыш болады; егер
етістік-мөлшер сөз бар болса,
толықтырғыш болады. Мысалы:
我买了两本,他买了一本
[Wo mai le liang ben, ta mai le yi ben]
Мен екі данасын сатып алдым, ол бір данасын сатып алды.
我去过北京三次
[Wo qu guo Beijing san ci]
Мен Бейжіңге екі рет бардым.
Достарыңызбен бөлісу: