Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім


Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі және оның



Pdf көрінісі
бет71/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі және оның 
түрлері. Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі баяндауыш 
және толықтырғыш деп аталатын екі сыңардан құралады: алдыңғы 
сыңары – белгілі қимыл-әрекетті немесе сапа, жай-күйді білдіретін 
етістіктерден немесе сын есімдерден жасалатын баяндауыштар, 
соңғысы – алдыңғы сыңарын толықтыра түсіндіретін толықтырғыш 
мүше. Сыңарлар арасындағы қатынас – толықтырғыштық қатынас. 
Қытай тіліндегі толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің 
құрамындағы баяндауыш алдында, толықтырғыш одан кейін тұрады, 
орындары тұрақты, өзгертуге болмайды, егер орнындары ауысса, сөз 
тіркестерінің құрылымдық байланыстары өзгеріп кетеді, тіпті сөз 
тіркестерінің мағыналарына нұқсан келеді. Мысалы, 来早[lai zao] 
ерте келіп алу (Сөзбе-сөз: келу ерте), 说多[shuo duo] көп сөйлеп кету 
(Сөзбе-сөз: сөйлеу көп) дегендер толықтырғыштық қатынастағы сөз 
тіркесі. 早来[zao lai] ерте келу,多说[duo shuo] көп сөйлеу дегендер 
пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі. 
Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің бір тобы 得 шылауы 
арқылы, енді бір тобы тек орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы: 
她走得快
[Ta zou de kuai] Жүрісі тез. Бұл – 得 шылауы арқылы 
байланысқан толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі. 雨下大了 [Yu 
xia da le] Жаңбыр қатты жауа бастады (ескере кететін жай: бұл тіркес 
қазақ тіліне бастауыш-баяндауышты сөйлем болып аударылады). Бұл 
– орын тәртібі арқылы байланысқан толықтырғыштық қатынастағы 
сөз тіркесі.
Қытай тіліндегі толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі 
баяндауыштың қандай сөзден болуына қарай екі түрге бөлінеді:
а) “Етістік ‒ толықтырғыш” типті сөз тіркесі (动补短语). “Етістік-
толықтырғыш” типті сөз тіркесі қытай тілінде өте жиі кездеседі. 
Баяндауышы негізінен етістіктен, кейде толықтауыштық қатынастағы 
сөз тіркесінен де болады. Мысалы: 
鹰飞得高
[Ying fei de gao] Бүркіт биікке самғайды
我们上完课了
[Women shang wan ke le] Біз сабақтан шықтық.


143
ә) “Сын есім ‒ толықтырғыш” типті сөз тіркесі (形补短语). 
Баяндауышы негізінен сын есімнен болады, кейде сын есімді сөз 
тіркесінен де болады. “Етістік ‒ толықтырғыш” типті сөз тіркесіне 
қарағанда, “сын есім ‒ толықтырғыш” типті сөз тіркесі аз ұшырасады. 
Мысалы: 
房子干净得很 
[Fangzi ganjing de hen] Үй өте таза. 
天气冷极了
[Tian qi leng ji le] Ауа райы өте суық
Қытай тіліндегі толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің 
басым көпшілігі қазақ тіліндегі пысықтауыштық қатынастағы сөз 
тіркесімен пара-пар келеді. Мысалы: 
说得对
[shuo de dui] дұрыс айту. 
来自哈萨克斯坦
[lai zi Hasakesitan] Қазақстаннан келу 
住了一年
[zhu le yi nian] бір жыл тұру 
洗干净
[xi ganjing] тап-таза етіп жуу.
Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің кейбірі қазақ тіліндегі 
“көсемше+көмекші етістік” типті тіркеске сәйкес келеді. Мысалы: 
说完
[shuo wan] айтып болу. 
学会
[xue hui] үйреніп алу. 
拿出
[na chu] алып шығу. 
笑了一下
[xiao le yixia] күліп қойю.
Кейбір толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің толықтырғышы 
бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінен болса, бұл сөз тіркесі үйірлі 
мүшелермен сәйкес келеді. Мысалы: 
她激动得心都跳出来了
[Ta ji dong de xin dou tiao chu lai le] 
Ол қуанғаннан жүрегі жарылып кете жаздады. т.б.
Қытай тіліндегі толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркестерін 
қазақ тіліне аудару мәселесі жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
1956 жылы қытай мектептерінде оқытылатын «қытай тілі» 
пәніне қосымша ретінде «暂拟汉语教学语法系统» (Қытай тілі 
педагогикалық грамматикасының уақытша жасалған жүйесі) деп 
аталатын үлгілік оқу бағдарламасы жарық көрді. Бұл бағдарлама – 
қытай тілі материалдарының ғылымға негізделген алғашқы жүйелі 
бағдарламасы. Аталмыш бағдарламада сөз тіркестерінің тұтас күйінде 
белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алатындығы айтылған. 
Міне, сол кезден күні бүгінге дейін сөз тіркесінің сөйлем мүшесі 


144
бола алатындығы туралы пікір қытай тіл білімінде әбден қалыптасып 
орнықты. Сондықтан да сөз тіркесінің синтаксистік қызметі туралы 
мектеп және жоғары оқу орындарына арналған еңбектердің барлығында 
айтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет