Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім


Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің синтаксистік қызметі



Pdf көрінісі
бет72/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің синтаксистік қызметі:
Қазіргі қытай тілінде толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі 
сөйлемнің барлық мүшелері бола алады. 
1. Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі етістікті сөз тіркесі 
болғандықтан, көбінесе баяндауыш қызметін атқарады: 
他说错了。
Ол қате айтты. 
他躺在地上爬不起来了
Ол сол жатқан жерінен тұра алмай қалды.
2. Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі сөйлемде бастауыш 
та бола алады: 
累坏了可不行。
Қатты шаршауға болмайды. 
3. Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі толықтауыш қызметін 
атқарады: 
不要怕说错。
Қате сөйлеуден қорықпау керек. 
4. Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі анықтауыштың да 
қызметін атқарады: 
走出去的姑娘是谁
?
 Шығып кеткен қыз кім? 
5. Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі пысықтауыш қызметін 
атқарады: 
她穿得漂漂亮亮地去了学校。
Ол таза-таза киініп мектепке кетті. 
6. Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі толықтырғыш 
қызметін де атқара алады: 
她高兴得跳了起来
Ол қуанғаннан орнынан секіріп кетті. 
Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі (баяндауыш-
толықтырғышты сөз тіркесі) сөз түрлендіруші формалары өте аз 
тілдердің бірі – қытай тілінің табиғатына тән. Сондықтан толықтырғыш 
пен толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесі ұйғыр және қазақ 
тілдерінің табиғатына тән емес. Сондай-ақ толықтырғыш деген 
ұғым да ұйғыр және қазақ тілдерінде кездеспейді. Қытай тілінде 
толықтырғыш пен толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің болуы 
қытай тілінде сөз түрлендіруші формалардың аздығымен байланысты. 


145
2.7 Қытай тіліндегі толықтырғышты қазақ тіліне аудару 
мәселесі
Толықтырғышты қазақ тіліне аудару маңызды да, күрделі мәселеле 
болып табылады. 
Қытайда аударма ісі мамандығына арналған қазақ тілді 3 
оқулық жарық көрді. Олар – К.Абдиса мен Т.Әлтайдың «Ханзуша-
қазақша аударма оқулығы» (1998), М.Әлиевтің «Ханзуша-қазақша 
аударма нәзәриясы» (2002) және Б.Шөкеeвтің «Ханзуша-қазақша 
аударма нәзәриясы мен шеберлігі» (2012) деген еңбектер. Елімізде 
Ж.Сәмитұлының «Қытайша-қазақша аударма теориясы мен 
практикасы» (2005) атты оқу құралы жарық көрді. Бұл – қытайша-
қазақша аударма теориясы мен практикасы пәніне арналып жазылған 
Қазақстандағы бірден-бір оқу құралы. Алайда аталған оқу құралында 
сөйлем мүшелерін аудару мәселесі қарастырылмаған.
Біз енді осы оқулықтардағы қытай тіліндегі толықтырғыштың 
қазақ тіліне аудару тәсілдеріне тоқталамыз.
К.Абдиса мен Т.Әлтайдың «Ханзуша-қазақша аударма оқулығында» 
толықтырғышты аударудың 4 түрлі тәсілін ұсынған: 
1. Етістік пен толықтырғыш білдіріп тұрған ұғым тығыз 
байланыста болып, белгілі бір нәтиженің туылу себебі айқын көріліп 
тұрса, әрі логикалық қисын толықтауышта тұрса, онда толықтырғыш 
болып тұрған етістік қана қазақ тіліне көбінде өзгелік етіс күйінде 
аударылады. Мысалы: 
1) 帝国主义的侵略打破了中国人学习西方的美梦。
Жиангерліктің шапқыншылығы жоңголықтардың батыстан 
үйрену қиалын быт-шыт етті. 
2) 党的民族政策的光辉照亮了草原,照暖了牧民的心。
Партияның ұлттық саясатының нұр шұғыласы жайлауды 
нұрландырды, малшылардың көңілін жадыратты.
3) 太阳快落山了,红彩霞把连绵起伏的山头染得红艳艳的。
Күн батуға таяп қалды, кешкі арай орқаш-орқаш тау шоқыларын 
нарттай қызартты.
4) 我听懂了。Мен ұқтым.
2. етістік пен толықтырғыштың білдіріп тұрған ұғым тығыз 
байланыста болып, толықтырғыш басталу, аяқталу, жалғасы, 
қайталану, байқап көру сынды мағыналарда болса, бір етістікпен 
бейнелеу олқылық етсе, онда толықтырғышты көмекші етістіктің 
көмегімен күрделі баяндауышқа өзгертіп аударуға болады. Мысалы:


146
1) 我要说的话都说完了。Айтарымды айтып болдым. 
2) 狗把小鸡赶跑了。Ит шөжені қуып жіберді.
3) 这位同学一年就学会了汉语。


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет