Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет74/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

дауыл соғатынын естіген қала тұрғындарының сыртқа шығу 
жоспары бұзылды
2) 他这个人本来是好的,但后来慢慢变坏了。
Ол әсілі жақсы адам еді, бірақ кейін келе біртіндеп азды. 
3) 你要想办法攒一点钱盖房子。
Сен үй салу үшін амалдың барынша біраз ақша табуың керек.


148
4) 这里到处是大工厂,一根根的大烟囱,把天空染得黑乎乎的。
Бұл арада ірі завод көп болып, биік моржалардан шыққан түтін 
аспанды түнертеді [122, 268 б.].
Енді жоғарыдағы сөйлемдердің қазақ тіліне аударылу тәсілдеріне 
талдау жасайық:
Автор 1-сөйлемдегі толықтырғыш қызметін атқаратын 乱 етістігін 
өзі айтқандай өзгелік етіс түрімен аудармай, керісінше ырықсыз етіс 
түрімен аударған, яғни 乱 етістігін “бұзылды” деп аударған.
Біз 
今天是全民健身日,或许是台风的消息打乱了市民的出行计
划 
деген сөйлемді “Бүгін – жалпыхалықтық дене шынықтыру күні. 
Тайфун дауылы соғады деген ақпарат қала тұрғындарының жолға 
шығу жоспарын өзгертіп жіберген сияқты.” деп аударамыз. 
Бұл сөйлемнің толықтырғыш мүшесі (етістіктен жасалған) автор 
айтқандай өзгелік етіс түрінде аударылмайды. Сөйлемнің бастауышы 
– 消息 (ақпарат), баяндауышы – 打乱 (өзгерту, бұзу). Біздіңше, 打
乱 
деген толықтырғыштық сөз тіркесін бөліп-жармай тұтас күйінде 
өзгертіп жіберу, өзгерту деп аударғанымыз дұрыс.
Ескере кететін жайт: Сөйлемнің құрамындағы 台风 сөзін “долы 
дауыл” деп аудару дұрыс емес, оны “тайфун” деп аударамыз. 
他这个人本来是好的,但后来慢慢变坏了
деген сөйлемді “Ол 
жақсы кісі болатын, бірақ кейін ақырындап жаман жаққа өзгере 
бастады. деп аударамыз.
Бұл сөйлемнің бастауышы – 他 (ол), баяндауышы – 变坏 
(жаман жаққа өзгеру). Сонымен, 变 (өзгеруөзгелік етіс түрінде 
аударылмайды. 
你要想办法攒一点钱盖房子
дегенді “Амалын тауып қаражат 
жинап үй салуың керек. деп аударуға болады. бұл сөйлемнің 
бастауышы – 你 (сен), баяндауышы – 盖房子 (үй салу).
这里到处是大工厂,一根根的大烟囱,把天空染得黑乎乎的
деген мысал “Бұл жерде үлкен зауыттар көп, биік моржалардан 
будақтай шыққан түтін аспанды қара түнекке айналдырды.” болып 
аударылады. Бастауышы – 烟囱 (моржа), баяндауышы – 染 (бояу).
Ескере кететін жайт: сөйлемнің құрамындағы толықтырғыштық 
сөз тіркесі 染得黑乎乎-дың баяндауышы 染 – етістік (бояу), ал 
толықтырғышы 黑乎乎 – (қап-қара, қараңғы) сын есімнен жасалған. 
染得黑乎乎 
қазашаға қап-қара түске бояу болып аударылады. Ауаның 
ластануын басым мағынада көрсету үшін, 染得黑乎乎-ды аспанды 
қара түнекке айналдырды деп аударылады.


149
Сонымен, автордың дәлел ретінде келтірген сөйлемдері 1-тәсілмен, 
яғни етістіктер өзгелік етіс түрінде аударылмаған. 
М.Әлиев толықтырғышты тіркестің бір етістік арқылы да 
аударылатынын көрсетеді де, “或者把老虎打死,或者被老虎吃掉二
者必居其一。
Не жолбарысты өлтіру керек, не жолбарысқа жем 
болу керек, екінің бірі” деген мысалды келтірген [133, 184 б.].
2-тәсілде “...толықтырғышты көмекші етістіктің көмегімен 
күрделі баяндауышқа өзгертіп аударуға болатындығы” айтылған. 
Дұрысы, “...толықтырғышты қазақ тіліне көсемше тұлғалары арқылы 
байланысқан күрделі етістік етіп аудару керек” деп бергені дұрыс болар 
еді. Келтірген мысалдардағы айтып болдым, қуып жіберді, үйреніп 
алды деген күрделі етістіктердің құрамындағы жетекші етістіктер пен 
көмекші етістіктер өзара көсемше тұлғалары арқылы байланысқан.
Ескеретін жайт, қазақ тілінде көмекші етістік жетекші етістікпен 
тіркесіп, етістіктің аналитикалық формасын құрайды да, тұтас 
күйінде күрделі баяндауыш қызметін атқарады. Сондай-ақ, күрделі 
баяндауышты жасайтын сөздер тек “жетекші етістік пен көмекші 
етістіктің тіркесімімен” ғана шектелмейді. Есім сөздер мен көмекші 
етістіктердің тіркесімі, ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғау 
жалғанған сөздің тіркесімі, күрделі сан есімдер және күрделі атаулар 
да күрделі баяндауышты жасайды. 
Жоғарыдағы 2-тәсілге мысал ретінде келтірген 这位同学一年
就学会了汉语 
деген сөйлемнің құрамындағы 同学 сөзі сыныптас, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет