курстас, оқушы, студент болып аударылады. 同学 сөзін жағдаятқа
қарап аудару керек. Бұл сөйлемді “Бұл оқушы қытай тілін бір жылда-
ақ үйреніп алды.” немесе “Бұл студент қытай тілін бір жылда-ақ
үйреніп алды.” деп аударуға болады. Қытай қазақтары 同学 сөзін
сабақтас деп аударады, сыныптас, курстас дегенді сабақтас деген
бір сөзбен береді.
М.Әлиев “...толықтырғыштың қазақшаға көмекші етістік қосылған
күрделі етістік арқылы аударылатынын” айтады да, мынадай
мысалдарды келтіреді:
1) 春小麦已经播种完了
Жаздық бидай егіліп болды.
2) 狗把小鸡赶跑了。
Ит шөжелерді қуып жіберді.
3) 他们是能够想出好办法来的。
Олар жақсы әдістер тауып шыға алады.
150
4) 那个人逃掉了,我们促住了一个嫌疑犯。
Әлгі адам қашып кетіпті, біз бір күмәнді адамды ұстап алдық.
5) 歌声像一阵响亮的战鼓,击破禁锢世界的层层密云。
Ән әуені шайқас дабылындай жаңғырып, дүниені тұншықтырып
тұрған түн-түнекті қақ жарды.
6) 这么热的天,毒热头低下,晒坏了他,如何使得的。
Күн айналып жерге түскендей болып, күйдіріп барады. Оған күн
өтіп кетсе қалай болады!
7) 天开始变得寒冷了。Күн қатты суыта бастады [133, 184-
185 бб.].
Автор айтып отырған “көмекші етістік қосылған күрделі етістік”
дегенді “толықтырғыштық тіркес қазақшаға күрделі етістік болып
аударылады” деп өзгертсек дұрыс.
Көмекші етістіктер жетекші етістік немесе есім сөздердің соңынан
тіркесіп келіп, күрделі етістік жасайтыны бәрімізге белгілі.
Жоғарыдағы сөйлемді былай аударуға да болады:
春小麦已经播种完了
Жаздық бидай егілді.
Бұл сөйлемнің құрамындағы толықтырғыштық сөз тіркесі 种完
ырықсыз етістіке өзгертіліп аударылады.
他们是能够想出好办法来的。
Олар жақсы әдісттерді ойлап таба алады.
那个人逃掉了,我们促住了一个嫌疑犯。
Әлгі күдікті қашып кетті, мына бір күдіктіні қолға түсірдік.
Бұл сөйлем М.Шөкеевтің оқулығында “Қылмыс күмәндісінің әлгі
біреуі қашып кеттсе де, мына біреуін ұстап алдық” болып аударылған
[122, 269 б.].
Ілгерідегі 歌声像一阵响亮的战鼓,击破禁锢世界的层层密云
деген сөйлемді екі түрлі аударуға болады:
Дауылпаздың дабылындай жаңғырған ән аспанды торлаған қабат-
қабат қара бұлтты қақ жарды.
Ән дауылпаздың дабылындай жаңғырып, аспанды торлаған
қабат-қабат қара бұлтты қақ жарды.
这么热的天,毒热头低下,晒坏了他,如何使得的 деген сөйлемді
“Осындай аптап ыстық күнде шақырайған күн көзіне күйіп кетсе
болмайды ғой.”, ал 天开始变得寒冷了дегенді “Күн суыта бастады.”
деп аударуға болады.
3-тәсілде “...етістікті пысықтауышқа, толықтырғышты баяндауышқа
өзгертіп аударуға болатыны” көрсетілген.
151
Біздіңше, мысал ретінде келтірген 武松把老虎打死了 деген
сөйлемнің құрамындағы 打死 (ұрып өлтіру) деген толықтырғыштық
қатынастағы сөз тіркесін бөліп-жармай, тұтас күйінде “-ып/-іп, -п
тұлғалы көсемше – етістік” түріндегі көсемшелі сөз тіркесі етіп аудару
керек. 2-сөйлемнің құрамындағы 急得眼都红了 деген толықтырғыштық
қатынастағы сөз тіркесінің толықтырғышты – 眼都红了(көзі қанталау,
көзі қызару) бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінен жасалған, ол
қазақ тіліндегі үйірлі мүшемен сәйкес келеді. 急得眼都红了тіркесі
екі көзі ызадан қанталап, қызарып кетті болып аударылады. Ал
тұтас сөйлемді “Біздің басты жауынгерлік күшімізді таба алмаған
жаудың ашу мен ыза кернеген көздері қанталап кетті.” деп аудару
керек сияқты. 老人病死了деген сөйлемді “Қария ауырып қайтыс
болды.” немесе “Қария аурудан қайтыс болды.” деп аударуға болады.
中国人民没有被吓倒,被杀绝
деген сөйлемдегі толықтырғыштық
сөз тіркесі – 吓倒. Тұтас сөйлемді “Қытай халқын қорқыта алмады,
оларды жер бетінен жойып та жібере алмады” деп аударуға болады.
4-тәсілде “Кейбір толықтырғыштар белгілі бір адамның не заттың
тұрқын, бейнесін білдіріп келсе, онда оны сол заттың не адамның
анықтауышы етіп аударуға болады” деп көрсетілген. Мысал ретінде
келтірілген 袭人羞得脸紫涨起来,想想原是自己把话说错了деген
сөйлемде толықтырғыш болып тұрған сөз тіркесі 脸紫涨起来 (жүзі
күреңітіп кету) Ши Рынның бет-жүзінің қалай өзгергенін білдіреді. 脸
紫涨起来
(жүзі күреңітіп кету) – бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі.
Ол қазақ тіліндегі үйірлі мүшемен сәйкес келеді.
Бұл сөйлемді “Ұялғаннан бет-жүзі күреңітіп кеткен Ши Рын
өзінің әу баста ағат сөйлегенін аңғарды” немесе “Ұялғаннан Ши
Рыннің бет-жүзі күреңітіп кетті, ол өзінің әу баста ағат сөйлегенін
аңғарды” деп екі түрлі аударуға болады.
Ал, 贾政此时气得目瞪口歪,一面送那官员,一面回头命宝玉:“不
许动!回来有话问你!”
деген сөйлемдегі
气得目瞪口歪
– толықтыр-
ғыштық қатынастағы сөз тіркесі, оның құрамындағы 目瞪口歪 –
бастауыш-баяндауыш құрылымды тұрақты сөз тіркесі, ол – сөйлемнің
толықтырғыш мүшесі. Ол да қазақ тіліндегі үйірлі мүшемен пара-пар.
Бұл сөйлемді былай аударуға болады: Ашудан көзі шатынап, бет-
аузы қисайып кеткен Жя Жың әлгі шенеунікті шығарып бара жатып,
Бау Юйге мойнын бұрып: “Орныңнан қозғалма! Қайтып келгенде
сенен сұрар бір сөзім бар!” – деп бұйыра сөйледі.
152
Сонымен, сөйлемде толықтырғыш болған бастауыш-баяндауыш
құрылымды тұрақты сөз тіркесі
目瞪口歪
қазақ тіліне үйірлі мүше,
оның ішінде үйірлі анықтауыш болып аударылады.
М.Шөкеев 4-тәсілге 姑娘看了下短信,脸都变白,冷汗都冒出来
деген мысал келтіреді де, оны “Телхатты көрген қыз бірден ағарып-
сазарып, маңдайынан тер бұрқ ете түсті” деп аударады [122, 269 б.].
Бірақ сөйлемнің құрамындағы толықтырғыш 脸都变白 автор
айтқандай анықтауыш болып аударылмай, керісінше баяндауыш
болып аударылған. 脸都变白 – бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі.
Осы сөйлемді екі түрлі етіп аударуға болатын сияқты:
Қысқа хабарламаны көрген қыздың өңі қуарып, мағдайынан суық
тер бұрқ ете түсті.
Қысқа хабарламаны көрген сәтте қыздың өңі қуарып, мағдайынан
суық тер бұрқ ете түсті.
Автор 4-тәсілге ілгерідегіден басқа, 这等毫不留情的话,登时将他
气得眼歪嘴斜,脸色铁青,浑身发抖
деген мысал келтіреді де, оны
былайша аударады: Осындай рақымсыз сөздерден ызаланып кеткен
оның көзі шадырайып, езуі қисайып, беті көгеріп, тұла бойы дірілдеп
кетті.
Бұл сөйлемнің құрамында толықтырғыш болып тұрған тіркестер:
眼歪嘴斜
, 脸色铁青, 浑身发抖. Үшеуі де – бастауыш-баяндауышты сөз
тіркесі. Олар сөйлемнің толықтырғыш мүшесінің қызметін атқарады.
Бұл сөйлемді “Жанын ауыртатын мұндай ауыр сөздерді естігенде
ызадан оның көзі шатынап, аузы қисайып, өңі бозарып, тұла бойы
дірілдеп кетті ” деп аударамыз.
М.Әлиев “…кейбір толықтырғыштар қазақшада анықтауышқа
өзгертіп аударылады” деп,水里炸死的鱼,翻了白肚,大大小小飘了
一江
Бомбылаудан өлген балықтар қарны жарқырап өзенде қалып
ақты деген сөйлемді мысал ретінде келтіреді [133, 186 б.].
Сөйлемнің құрамында анықтауыш болып тұрған 死 (өлу) сөзі
есімшеге өзгертіліп аударылады.
Бұл сөйлемді “Бомбыдан өлген үлкенді-кішілі балықтардың қарны
жоғары қарап, су бетінде қалқып жүр” деп аударған дұрыс сияқты.
Ал сөзбе-сөз аударсақ, Су ішінде бомбыдан өлген балықтар, аппақ
қарындары аударылып, үлкені де, кішісі де су бетінде қалқып жүр.
М.Әлиев жоғарыдағы 4 түрлі тәсілден басқа, “нәтижені немесе
дәрежені білдіретін толықтырғыштар қазақшада пысықтауышқа
өзгертіліп аударылады” деген тәсілді ұсынады да, мынадай мысадарды
келтіреді:
153
1) 你跑得真快!
Сен өте тез жүгіресің ғой.
2) 鸟叫得好听。
Құстар жағымды сайрайды.
3) 你瞧,画儿画得多么细致。
Бер қарашы, суретті қандай нәзік сызған.
4) 人民公园的菊花漂亮极了。
Халық бақшасындағы жүйхуа гүлі керемет әсем екен [133,
185-186 бб.].
Жоғарыдағы 4 сөйлемді былайша аударуға да болады:
1) Сен өте тез жүгіресің! немесе Сен недеген тез жүгіресің!
2) Құстың сайрағаны әдемі немесе Құстардың сайрағаны тамаша.
3) Қарашы, Сурет өте мұқият ыждақаттылықпен салынған.
4) «Халық» саябағындағы бақытгүл (хризантема) өте әдемі
көрінеді.
Сонымен, қорыта айтқанда, қытай тіліндегі сөйлемнің
толықтырғыш мүшесінің басым көпшілігі қазақ тіліндегі сөйлемнің
пысықтауыш мүшесімен сәйкес келеді және пысықтауыш мүше болып
аударылады. Етістіктен жасалған толықтырғыш анықтауыш болса,
есімшеге өзгертіліп аударылады.
Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің көбісі қазақ тіліндегі
пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесімен пара-пар келеді.
Толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің кейбірі қазақ
тіліндегі “көсемше + көмекші етістік” типті тіркеспен сәйкес келеді.
Кейбір толықтырғыштық қатынастағы сөз тіркесінің толықтырғышы
бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінен болса, толықтырғыштық
қатынастағы сөз тіркесі үйірлі мүше болып аударылады.
154
Достарыңызбен бөлісу: |