«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


Жүрек инфарктінің бірінші, екінші кезеңінде қолданылатын жаттығулар жиыны



Pdf көрінісі
бет10/72
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52700
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Жүрек инфарктінің бірінші, екінші кезеңінде қолданылатын жаттығулар жиыны 
Бұл үшін ертеңгі гигиеналық гимнастика, емдік гимнастика, өз бетінше орындалатын 
жаттығулар, спорт ойынының түрлері, жүзу, шаңғы тебу, серуендеу кеңінен қолданылады. Сол сияқты 
адам өзін еңбекке баулып, дене шынықтыру әдістеріне көңіл бөледі. 
Жүрек ауруына шалдыққан адам өзіне-өзі өте ұқыптылықпен қарап, диспансерлік тізімде 
тұрады. Бұл кезде емдік гимнастиканың түрлерін одан әрі өрбітіп, күнделікті тіршіліктің тірегі ретінде 
қарау керек. Тұрмыс, еңбек, кәсіптік дәрежесін көтеру үшін ұдайы қимыл-қозғалыста болған дұрыс. 
Емдік гимнастиканы тыңғылықты түрде орындау, ол – жүрек инфарктіне қайта душар ептеудің алдын 
алу. 
Адам жазылып еңбекке қосылған күннің өзінде, емдік гимнастиканың ешбір зияны жоқ. Ол 
үшін жұмысына 2-3 рет арнайы ұйымдарға, стадион алаңдарында, өз бетінше әр түрлі әдістермен 
айналысу керек. Тек сонда ғана дене серігіп, бойды билеген індеттен толығымен жазылады. 
Стенокардия – жүректің демікпелі ауруы, жүрек талмасы. Кенет жүрек тұсынан инемен 
піскендей қатты қысып ауырады, ол жауырынға, иыққа, сол қолға беріледі. Мұның себебі жүрек қан 
тамырлары бірден қысылып, белгілі бір жерде талаурап қан жетіспей қалады. Бұл қайғы –қасіретке 
душар болғанда, қызмет бабында қатты қиналғанда, әлсірегенде болатын жағдай. 
Науқастың қатты ұстамасы басылған соң, электрокардиограммалық көрсету жөнді болса, 
емдік гимнастиканы бастайды. Оның негізгі мақсаты нейрогуморальды орталықты қалыпқа келтіріп, 
көңіл-күйді жайландырып, қан тамырларының жазылуына ықпал жасау. 
Жаттығулар (1 кесте) шалқая жатқан бойда, оң жағына аударылып отырған кезде жасалады. 
Барлығы еппен, науқастың жағдайына қарай біртіндеп орындалады. Жаттығу мөлшері 15-20 минуттан 
аспайды. 
Халықтың арасында жиі кездесетін қан-тамыр ауруы – атеросклероз. Бұл созылмалы індет 
қан-тамырларының тарылуынан, ішкі бетіне май қосындыларының жабысуынан, дәнекер тканьдердің 
өсуінен болады. Осының бәрі тамырдың арнасы тарылып, созылғыштық, икемділік, майысқақ 
қасиетінен айырады. Әлбетте, денеде қан ағыны тоқырап тоқтап қалады. Тканьдер мен органдар 


қоректік затқа тапшы болып, әр түрлі өзгерістерге душар болады. Ең көп зақымданатын қолқа, 
жүректің ішкі тамырлары, ми, бүйрек, аяқтың ірі тамырлары. Атеросклероз асқына тамыр жарылып 
кетуі немесе тығындалып қатуы ықтимал. Мұндай жағдай ми тамырларында болса инсультке 
ұшыратуы мүмкін. 
Атеросклероздың пайда болуына ықпал ететін көп жағдай бар. Олар адамның шамадан тыс 
зорлануы, нерв жүйесінің қажуы, шаршау, ой еңбегінің дене еңбегінен бірнеше есе асып кетуі, қимыл-
қозғалыстың тапшылығы, тамақтану мәдениетін білмеу, семіздік, мешкейлік, қант диабеті, тұқым 
қуалаушылық, гипертония аурулары. 
Атеросклероз дегенде май мен майлы заттар алмасуының бұзылуынан, атап айтқанда, 
холестериннің қан құрамында табиғи мөлшерден асып кетуінің әсерінен болады. Холестерин – 
қандағы ең маңызды заттардың бірі. Бірақ белгілі мөлшерден артып кетсе, зияны да соншалық көп. 
Егер қан құрамында холестерин өз мөлшерінен аз уақытқа болса да сирек көтерілсе (мысалы, 
майлы тамақ ішкеннен кейін) онда организм өзі күресе алады. Ал, мұндай жағдай ұзақ уақыт әрі жиі 
болса атеросклероз ауруына ұшыратады. 
Холестериннің табиғи мөлшерден артығы көпшілікке түсінікті сөзбен айтқанда, күрделі 
көміртегі және кальций тұздарымен қосылып тамырдың ішкі қабырғасына шор болып байланады. 
Көбінесе бұл процесс қолқа? Күре тамырлардан басталып, асқынғанда ұсақ тамырларға да тарайды. 
Тамырдың ішкі бетіне біткен шор оны тарылтып, қан жүрісін қиындатады, кейде біржолата тоқтатып 
тастайды.
Аурудың белгілері, қауіптілігі қай тамырдың қаншалықты ауыр зақымдануына байланысты. 
Мысалға, жүрек-қан тамырлары атеросклерозға шалдықса, жүректің қыспа (стенокардия) ауруы 
басталып, жүрек етінің біржола жарамсыздығына дейін жеткізеді.
Егер ми күре тамырлары осы ауруға шалдықса адам ұмытшақ, көп сөйлегіш келеді, бастың 
айналуы, құлақтың шыңылдауы, ұйқының қашуы сияқты белгілер қосылады. Асқынған кезінде 
мидағы қан айналымының қатты бұзылуынан сол ауруға үшырау да мүмкін.  
Бүйрек күре тамырлары атеросклерозға ұшыраса, оның семіп қалуы, қан қысымы қатты 
көтерілуі ықтимал.
Аяқтың қан тамырлары зақымданса, балтырдың бұлшық еттері тартылып, адам ұзақ жаяу 
жүре алмайды. Аяқ үнемі мұздап тұрады. 
Көп уақытқа дейін ғалымдар атеросклероз тек жасы 50-ді алқымдаған, адамның егде тартқан 
шағында кездесетін ауру, тіпті қан тамырларының табиғи тозуының бір түрі деген ұғым орын алып 
келді.
Алайда, бүгінгі күнде атеросклерозбен жас адамдардың да сырқаттануы, тіпті сәбилік 
шақтан басталуы да мүмкін екендігі ғылым жүзінде дәлелденіп отыр. Холестериннің қан құрамында 
мөлшерден тыс, өте көп болатын түрлері, аса сирек болса да, кей семьяларда ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасады.
Атеросклероз ауруы тұқым қуаламаса да организмнің кейбір бейімділігі, оның осы ауруға 
күресу мүмкіндігінің әлсіздігінен ұрпағына жалғасуы мүмкін. Осы әзілсіздікте бірнеше есе 
күшейтетін, аурудың жас кезден басталып тез асқынуына біздің күнделікті өмірімізде себепкер 
болатын, кейде біле тұра ескерілмейтін, көп жайлар бар. Соның ең бастысы – тамақтана білмеу. 
Қоғамның, әр семьяның әл-ауқаты артқан сайын тамаққа сары май, қант, тәтті, жұмсақ 
тағамдар, майлы ет, жұмыртқа, қаймақ, кілегей, консервленген тағамдар қолдану етек алып барады. 
Ал, бұл тағамдарда холестерин өте көп. Оның есесіне май мен тамақтар ішіндегі холестеринді 
байлайтын, оның қан құрамындағы мөлшерін азайтатын, ішектің жұмысын жақсартатын өсімдік 
клетчаткаларына бай дәмдерді асқа жарату азайды. Әрине, бұдан аталған тағамдарды біржола ішпеу 
керек деген ұғым тұмау керек. 
Екінші бір көңіл аударарлық жай - қимыл-қозғалысты көбейтіп, дене шынықтыру 
жаттығуларымен айналасу, шылым шекпеу, ішімдік ішпеу. Бұл да ғылымда дәлелденген жай. Аз 
қимылдау, асқанаға орын қалдырмай, сылқия тою, ерте жатып, кеш тұру денедегі зат алмасуының 
саябырлауы мен семіздікке әкеліп соғады. Мұндай тұрмыс айтып отырған атеросклероз ауруының 
пайда болуына, тез өршуіне әсер етеді. 
Атеросклероз ауруының тағы бір қауіптілігі – оның біртіндеп өршіп, асқынған уақытында 
ғана білінуі. 
Басқа ем әдістерімен бірге емдік гимнастика жиі қолданылады. Мұндай науқастарға көбінесе 
жаяу 2-3 км. жүру өте пайдалы. Сол сияқты серуендеу, жүзу, шаңғы тебу, арнайы топтарға барып 


денсаулықты шыңдау қажет нәрсе. Атеросклероздың асқынған түрінде қатты ырғақпен, серпінді, 
жылдам орындалатын жаттығулар қолданылмайды. 
Қорыта айтқанда, жүрек-тамыр ауруларына емдік гимнастиканың тигізер пайдасы ерекше. 
Тыңғылықты қолданған жаттығулар қан қысымын қалыпқа келтіріп, дене салмағын тұрақтандырып, 
май қабыршықтарының қан тамырларына жабысуын кемітіп, қант диабетіне қарсы тұрады. Темекіден 
құтылудың әдісі де осы жаттығулар. 
Жаттығуларды өз бетімен жасайтын адамдар міндетті түрде дәрігерге жылына 2 рет көрінуі 
керек. Дені сау, жас адамдар дәрігерсіз, тек жаттығуды ретімен, ұзақтығы мен мөлшеріне сақтай 
отырып біртіндеп көбейткені абзал.
Берілген жаттығулар адамның қуатына сай болуы үшін әрдайым қадағалап отырады. 
Адамның жасы ұлғайған сайын, сырттан берілген күшке жүректің жиырылу әрекеті де өсіп, белгілі бір 
нышанға жетеді. Ол жүректің ең жоғарғы (максималды) соғуы болып есептеледі. Бұл көрсеткіш 
мөлшермен 220-дан өз жасын алып тастағанға тең. Мәселен, 20-ға келген жігітке 200, 30 жастағы 
адамға-190, 40 жаста-180 т.б. Бұл ең оңай анықтауыш, әр адам өз тамыр соғуын осылай қадағалайды. 
Жүрек соғуы мен тамырдың жиілігі бірдей. Оны анықтау үшін екі саусақпен (ортаңғы және 
сұқ саусақ) жұтқыншақтын екі жағынан күре тамырға немесе бас бармақпен білезікке басса бірден 
білінеді. Тамырдың соғуын кез келген артериядан анықтауға болады. Оны 30 секундта санап, екіге 
көбейтсе болғаны, 1 минуттағы мөлшері шығады. Жаттығуларды орындар алдында және соңынан 
анықтап, айырмасын біледі. Жаттығулар қарқыны ең жоғарғы көрсеткіштің 60-70 процентіне тең алу 
болу керек. Мысалы, 20 жаста – 140-150; 30 жаста – 114-142; 40 жаста – 108-135 т.б. 
Дене гимнастикасы 25-40 минуттай болады. Оның ішінде 5 минут бой жазу., 15-30 минут 
негізгі бөлігі, 5 минут қорытындылау бөлігі кіреді. Жаттығуларды орындаған біртіндеп күрделі түріне 
жеткізіп, аяқталған кезде де баяу бітіреді. Бірден кенет тоқтата қоюға болмайды, онда адам талып 
қалуы да мүмкін. 
Қандай жағдайда бомасын, жаттығулар адамға жайлы, көңіл-күйін көтеретіндей болу керек. 
Оны үйде тек жалғыз кісі емес, барлығы қосылып орындаса, тіпті көңілді болады. 
Дене шынықтыру жаттығуларын дұрыс орындамағанда әр түрлі жағдайлар ұшырасады. 
Мәселен, бұрын шынықпаған адамның сіңірі тартылып, бұлшық еті созылып, буындары сықырлап 
әбігерге түседі. Одан онша шошымай, біртіндеп денені үйрете беру керек.
Әсіресе, ыстық күндері денені қызып, күнсіп кетуден сақтау керек. Ол үшін арнайы спорттық 
киімді киіп, қажетінше сұйық ішеді. Тамақ ішкен соң 2 сағатқа дейін жаттығу жасамаған жөн. Сол 
сияқты жаттығулардан соң 20-30 минутқа дейін тамақ ішпеген дұрыс. 
Кей жағдайда ел арасында біреу туралы «жаттығулар жасап тұрып кенет өліп кетіпті» деген 
сөздер де тарайды. Мұндай қасірет кездеседі, оған кінәлі адамның өзі. Себебі жүрегі ауырып жүрген 
адам, өз жағдайына көңіл бөлмей, кеуде тұсының шанышқанына, жүрегінің ретсіз соққанына мән 
бермей, басы айналып, ентігіп тұрса да жаттығуды жалғастыра берсе, әлбетте, осылайболуы ықтимал. 
Бірақ жүрек ауруларының тамақ ішіп отырып, теледидар алдында, ұйықтаған кенет өліп кететінді 
дәрігерлер де, көпшілік те жақсы біледі. Сондықтан, өлімге кінәлі жаттығулар болмауы да мүмкін.
Осы туралы академик П.Е. Лукомский студенттерге лекция оқығанда жүрек-тамыр 
ауруларында емдеу гимнастикасын қалай болса солай бірден бастамай, ретпен қолдану керек екенін 
үнемі қадағалап айтатын. Бұл, әсіресе, егде тартқан адамдар үшін өте қажет. 
Жаттығу үстінде қандай болмасын бас айналу, демігу т.б. белгілері білінсе, жаттығуды 
тоқтатып, міндетті түрде, дәрігерге көріну керек. Тіпті жүрек емес, басқа орган ауырса да (мәселен, 
тұмау, баспа сияқты) жаттығу жасауға болмайды. Оның бәрі жүрекке ауыртпалық түсіреді.
Дене гинастикасын үзіп-созып жасауға болмайды, ол күнделікті тіршілікті міндетті түрде 
орындалуы тиіс. 
Мұның спорттық жаттығуларға ешқандай қатысы жоқ, тек жүрек тамырларын нығайту үшін 
қолданады. 
Жүрек-тамыр ауруларында (әсіресе гипертония, атеросклероз, гипотония т.б.) адам тепе-
теңдік қалыптан айырылады немесе оны вестибулярлы аппараттың бұзылуы деп айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет