Кеудеге массаж жасау. Кеуденің алдынғы жағында тері жұқа болғандықтан, жылдам
жиырылып қатпарланып қалады. Терінің осы бөлігінде тер шығаратын бездері жиі орналасқан.
Алдыңғы үлкен кеуде бұлшық етінің астында кіші кеуде бұлшық еті орналасқан. Қапталда -
алдыңғы тісті бұлшық еті орналасқан. Қапталда - алдыңғы тісті бұлшық еттері кездеседі.
Қабырғалар арасында екі қабат бұлшық еттер бар: астыңғы және үстіңгі. Олардың арасынан
тамырлар, нерв талшықтары өтеді.
Дәрігердің тағайындауы бойынша массаж жасағанда ауру адам отыруға, жатуға болмайды.
Қалай ыңғайлы деп тапса, солай орналасады.
Аталған бұлшық еттердің бойымен массаж жасағанда төменнен жоғары бұғанаға және қолдың
астына қарай бағыттайды. Алдымен үстіртін сипап өтеді. Одан соң әрбір бұлшық етті жеке- жеке
сипайды. Одан соң қабырға аралық нервтерге әсер етеді.
Үлкен кеуде бұлшық етті қапталдан бастап жауырынға дейін сипайды, содан соң ысқылайды
және бұлшық ет талшықтарын жұмсартады. Ауру адам мұндай массаж алғанда бір жақ қырынан
жатады.
Алдыңғы тісті бұлшық етті қапталдын бастап жаурынға дейін сипайды, содан соң ысқылайды
және бұлшық ет талшықтарын жұмсартады. Ауру адам мұндай массаж алғанда бір жақ қырынан
жатады.
Қабырғаралық бұлшық еттерге массаж жасағанда науқас шалқасынан жатады немесе отырады.
Егер ол отырса қолын екі жаққа көтереді де, массаж жасаушы оның артына орналасады. Одан кейін
төстен бастап омыртқа жотасына қарай бағыттап массаж тәсілдерін орындайды.
Омырауды тек дәрігердің нұсқаумен, емізулі бала болса ғана, сүт жиналу үшін ептеп
массажайды. Онда омыраудың ұшына қарай сипайды, жайлап ысқылайды. Кеуеге массаж жасау
жалпы бұлшық еттерін сипаумен аяқталады.
Массаж жасағанда омырауды айналып өтеді. Сондай –ақ қабырғалардың төске келіп түйіскен
жері өте сезімтал, сондықтан массаж жасауға болмайды. Кеудені массаждау арқаны массаждаумен
бірге жүреді.
Барлық массаждың сапасы тек емдік гимнатикамен қосылса ғана артады. Сондықтан кеуде
бұлшық етін жетілдіруге, өкпенің жұмысын арттыруға екеуінің бірге орындалуы өте қажет.