Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


№ 1 Лабораториялық жұмыс Гельдер және



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата26.11.2022
өлшемі181,84 Kb.
#52738
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
айя

№ 1 Лабораториялық жұмыс Гельдер және
олардың қасиеттері
Жұмыстын мақсаты: жоғары молекулалық
қосылыстардың ең негізгі қасиеттерінің бірімен
таныстыру.
Теориялық бөлім. Еріткіште ісінген, тігілген
полимерлерді полимер гельдері деп атайды. Полимер
гельдері табиғи (көздің шыны тәрізді денесі) және
синтетикалық полимер гельдер болып екіге бөлінеді.
Гель құрамында еріткіш мөлшері 99% -ке дейін бола
алады. Гель сұйықтықтан тұрса да, өз формасын қатты
дене сияқты сақтай алады. Гель құрамына кіретін
полимер тізбектері өзара бір-бірімен бір полимер
торына тігілген. Полимер тізбектері арасындағы тігілу
әлсіз байланыс арқылы байланысса, ондай гельдерді
физикалық гельдер деп атайды, ал тұрақты ковалентті
байланыс арқылы түзілген гельдерді химиялық гельдер
деп атайды. Соңғы жылдары зерттеушілердің аса
қызығушылығын 50 - ден 400 буынға бір тігілуі бар
әлсіз тігілген гельдер танытуда. Мұндай гельдер өз
массасын бірнеше рет көп еріткішті сіңіріп өз бойында
сақтай алады. Бұндай полимер гельдері күшті
адсорбциялық қасиеттер көрсетеді. Әлсіз тігілген
гельдердің тағы бір қасиеті– ісінуге қарама-қарсы
коллапс көрсету қасиеті. Зарядталған тізбек және
қарсы ион түзу арқылы диссоциацияға қабілеттілік
көрсететін ионогендік топтары бар гельдер осы әлсіз
тігілген гельдердің 2 сапалық қасиетін көрсетеді (аса
тез ісіну және коллапс).
Әлсіз тігілген гельдердің ісінуге қабілеттілігі
гельдердің тізбектері арасындағы эффективті итеру
күшіне байланысты. Бұл қасиет гель құрамындағы
әрдайым қозғалыстағы кері иондардың Осмос
қысымына байланысты болады. Осмос қысымына


эффективті қарсы тұру қабілеттілігін көрсететін жеке
гель тізбектері арасында тартылу күші пайда болып
гельде коллапс пайда болады. 
Гельдің тізбектері арасында сыртқы факторлардың
әсерінен тартылу күшінің күшеюімен гельмен
адсорбцияланған еріткіш күрт босап шыққанда гельде
коллапс құбылысы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет