П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет1/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1



П
АЙfАМБАРЛАРfА
иМАн
Ержан Қалмахан Сейтұлы
Алматы, 2010


УДК 28
ББК 86.38
С 31
Қалмахан Сейтұлы, 
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің 
қызметкері, теология ғылымдарының докторы
С 31 Пайғамбарларға иман. – Ал ма ты: «Көкжиек-Б» 
баспасы, 2010. – 120 бет.
ISBN 9965-809-98-4
Кітапта Исламдағы сенім негіздерінің бірі –
пайғамбарларға иман туралы кеңінен сөз болады. Автор 
пайғамбарларға сенімнің мәніне аят пен хадис тұрғысынан 
тоқталып, маңызын саралаған, тақырыпқа қатысты діни 
ұғымдарды түсіндірген.
Бұл шағын еңбек дінтанушыларға, теология, ақида 
саласының мамандарына және жалпы оқырман қауымға ар-
налады.
УДК 28
ББК 86.38
ISBN 9965-809-98-4
© «Көкжиек-Б» баспасы, 2010
Қазақстан мұсылмандары діни 
басқармасының cа раптау ком ис сиясы 
ма құл да ған


3
К
іріспе
Ұлы Жаратушы иеміз адам баласын ең ке-
мел әрі көркем бейнеде жарата отырып, оны сансыз 
нығметтерге бөлеген. Бұған қоса, сол нығметтердің 
қадірін түсіндірсін, адамның әрі бүкіл болмыс 
атаулының жаратылыс мақсаты мен сырларын 
ұғындырсын деп әр қауымға өз елшілерін жіберіп 
отырған. Осы орайда пайғамбарлар – адамзатқа әр 
нәрсенің өзіндік мән-мағынасы мен міндеті бар екенін, 
бекерге жаратылмағанын аңғартатын тәлімі мол 
ұстаздар. Бізді қоршап тұрған жаратылыстарды танып-
біліп, Ұлы құдіретке бас июге шақырушы ардақты асыл 
тұлғалар да осы пайғамбарлар. Ендеше, он сегіз мың 
ғаламға үздіксіз пайғамбарлар жіберіліп тұрғандығын 
Ұлы Жаратушының өз құлдарына ұсынған сыйы мен 
шексіз мейірімінің көрінісі деп түсінген жөн. 
Пайғамбарларға иман – Ислам дініндегі иман 
негіздерінің бірі. Пайғамбарларға иман ету – олардың 
адамзатқа арнайы таңдалып, елші етіп жіберілгендігі-
не әрі жеткізген барлық хабарларына күдіксіз сену 
деген сөз. Сондықтан әрбір мұсылман баласының 
пайғамбарлар туралы біршама түсінігі болғаны жөн. 
Осы тұрғыдан алғанда, оқырманға жол тартып отырған 
«Пайғамбарларға иман» кітабының берері көп. Кі-
тап «пайғамбар» сөзінің шығу төркінін, «расул» мен 
«нәби» ұғымдарының айырмашылығын көрсетіп, 
пайғамбарларға тән турашылдық, сенімділік, ерек-
ше зеректік, күнә атаулыдан пәктік (исмәт) секілді 
аңтаңгер қасиеттерді жеке-жеке түсіндіреді. Бұған 
қоса кітапта алғашқы пайғамбар Адамнан (ғ.с.) бас-


4
Пайғамбарларға иман
тап, соңғы елші Мұхаммедке 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дейінгі аралықта келген, Құранда есімдері аталған 
пайғамбарлар жайлы біршама мәліметтер жинақталған. 
Алайда кітап пайғамбарлар туралы жалпы түсінікті 
қалыптастыруды ғана мақсат еткендіктен, толық әрі 
жан-жақты мағлұмат беру көзделмегенін де айта кет-
кен дұрыс. Сонымен қатар еңбекте уахи, оның түрлері, 
мұғжиза, Миғраж мұғзижасы, айдың қақ бөлінуі, кере-
мет, мұғжизаның кереметтен жоғары тұратындығы, жа-
ратылыс заңдылықтарына кереғар кейбір ғажайыптар, 
ирхас, мәғунәт, истидраж, иханәт, секілді т.б көптеген 
діни ұғымдардың мәні талданады. 
Жалпы алғанда, адамзат пайғамбарларға қарап 
бағыт түзеп, бағдар алуы тиіс. Өйткені олар – әрбір істе 
қайталанбас үлгі, ізгіліктің биік шыңы, адасқанға жол 
сілтейтін жарық жұлдыз. 
Қолдарыңыздағы кітап асыл дінімізге бет бұрып, 
өздерінің негізгі темірқазықтарын жаңа тауып жатқан 
мұсылман бауырларымыздың рухани кәдесіне жарап 
жатса, нұр үстіне нұр болар еді деген ниеттеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет