Пікір берушілер:
1. Туребаева К.Ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік
университеті, педагогика ғылымдарының докторы
2. Сарыбекова Ж.Т. М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті.
Психология
және
педагогика
кафедрасының
профессоры, педагогика ғылымдарының докторы
3. Бұзаубақова К.Ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты.
Жалпы педагогика және психология кафедрасының профессоры,
педагогика ғылымдарының докторы
ISBN 978-9965-070926-9
© Жусупова Ж.А., Наренова А.Б.,
Баймаханова Г.Қ. 2016
3
Алғы сөз
Қазақстан Республикасының барлық жоғарғы оқу
орындарында студенттердің теориялық және практикалық
білім деңгейлерін айқындау мақсатында практика
ұйымдастырылады. Практика студентке өзін танып білуге,
жұмыс берушімен жақын танысуға және болашақта алға
қандай кәсіби мақсаттар қою керегін түсінуге көмектесетін
бірден-бір әдіс. Студент жұмысына жауапты болып, өз
білімін әрқашан толықтырып отыруы, жаңа шешімдер
қабылдап, оны жүзеге асыра білуі керек. Жалпы алғанда
практика мамандарды дайындаудағы ең басты фактор
болып табылады. Практика барысында студенттер
мамандық шеберлігін үйреніп, ұжымдағы ұйымдастыру
және тәрбие жұмыстарын меңгереді.
1 - 4 курс студенттерінің педагогикалық практикасы -
болашақ ұстаздардың кәсіби бағытын қалыптастырып,
теориялық білімдерін практикамен ұштастыратын
алғашқы әдістемелік оқу - тәрбие шараларының бірі.
Педагогикалық практиканы ұйымдастыру базасы жалпы
білім беретін орта мектеп пен инновациялық типтегі
мектептер болып табылады.
Педагогикалық практика барысында ғана студент –
практиканттар өзін - өзі тәрбиелеу, өздігінен білімін
жетілдіру, кәсіби дайындық деңгейлерін көтеру, теориялық
білімдерін нақты іс жүзінде қолданудың іскерліктерін
қалыптастырып, дамытады. Студент практиканттардың
педагогикалық практика барысындағы іс- әрекеттері
мұғалім қызметінің аналогы болып табылады, себебі ол
нақты мектеп жағдайында мұғалім қызметінің мәні мен
мазмұнына негізделіп ұйымдастырылады.
4
Педагогикалық практика мазмұны болашақ мұғалім
мамандығымен байланысты, тұтас педагогикалық процесті
құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін
мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру
болып табылады.
Бүгінгі мектеп пен мұғалімге қойылатын талаптардың
мазмұнымен сабақтас сонымен бірге, педагогикалық
практика өзінің сипаты жағынан комплексті өйткені,
арнайы мамандығы бойынша даярланып жатқан пәндермен
қатар психология - педагогика пәндері арасында
студенттердің түрлі қызметін үйлестіруге негізделе
отырып, педагогикалық практика мына шарттар арқылы
өткізіледі:
- мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің объектісі - тұтас
педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған,
теориялық және практикалық дайындықтың өзара
байланысы;
- студент оқу іс-әрекетінің біртіндеп күрделенуіне
байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін
педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі,
кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту
міндеттерінің
тереңдетілуі,
теориялық
жағынан
қамтамасыз етілуі, студентердің өз бетінше жұмыс істей
білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру
негізі болып табылады.
- психологиялық-педагогикалық ғылымдарының және
практикасының
классикалық,
сонымен
бірге
инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.
-
бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін
педагогикалық
практиканың
барлық
түрін
өткізу
процесінде болашақ мұғалімді ғылыми - зерттеу
жұмысына бағыттау;
- педагогикалық практиканың болашақ мұғалімнің нақты
мамандығына қарай бағыттылығы;
5
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға
бірдей
білім
беру
стандартына»,
психологиялық-
педагогикалық
пәндердің
кешендеріне
сәйкес,
студенттерді оқытудың барлық кезеңдерінде 5В010000
«БІЛІМ» мамандығы бойынша 1 - 4 курста педагогикалық
практика өткізіледі және практикалардың бөлінуі:
Достарыңызбен бөлісу: |