322
Медеу СӘРСЕКЕ
екі кішкентайымен келіні Шә рипа да ірге бөлмей бірге тұратын-
ды. Айтып-айтпай не керек, топты бала-шағаны асы раушы аза-
матты әлдекімдер көп көрді, әсілі, көре алмады?..
Бертінде мәлім болған деректерге қара
ғанда, ағайынды үш
Сәтбаев та қамауға алын
ған 1937 жылы нақақ қаралаумен
жер жас тан ған: Әбікей Зейінұлы сол қарсаңда 56 жас та, Ғазиз
Имантайұлы – 43, ал Әбдікәрім (Кәрім) Жәмінұлы – небәрі
40 жасқа енді ға на ілінген; демек, үшеуінің нағыз дер шағы, туған
елі мен жері үшін аянбай еңбек етер қайратты жасында жазалау
жүйесі көк желкеден нақақтан қиып түскен.
НКВД-ның шалмасы төртінші кезекте Сәтбай тұқымының
ең көрнектісі және озық оқыған ұрпағы Қаныш Имантайұлына
түссе керек-ті. Алайда ол – қан тілеген жергілікті жауыз топтың,
сол науқанды облыс, рес
публика деңгейінде жоспарлы түрде
жобалаушылардың құрығы мен құқығы же т іңкіремейтін шыр-
қау биікке шығып кеткен өндіріс қай раткері. Жетер еді, респуб-
лика бас шылы ғында отырған Л.И. Мирзоян, Н. Нұрмақов,
О. Исаев сынды мемлекет қай рат керлерін «халық жауы» етіп, жа-
залау диірменінің тас доңғалағына салып, ұнтаққа айналдырып
жатқандарға тосқауыл бар ма? Әлде құдай дес берді, одан да гөрі
кіші Сәтбаевтың күллі Одаққа мәлім дабыра ісі мен есімі, бәлкім,
өндіріс басындағы тұл ғаларды тұт қындау үшін республиканың
бірінші басшысының иә наркомның рұқса тын алу қажет тігі (Аса
қажет мамандарды аман сақтау үшін И. Сталиннің сондай да
жөткір амал ойлап шығарғанына тәубе делік!) себеп болды ма,
кім білсін, жергілікті жаза
лаушы орган Қаныш Имантайұлы-
на қаншама шұқшиғанымен, басқа шер
менделерге көр
сеткен
әлімжеттігін жасай алмаған. Сірә, әліптің артын баққан. Бірақ
жүріс-тұрысын аңдып, дөрекі түрде шек теуден тыйылмаған...
Жазушы Ғ. МҮСІРЕПОВТІҢ осы ғұмырнама иесіне ауызекі
әңгі месінен:
Достарыңызбен бөлісу: