Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет218/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   244
«Мынау, менің омырауымдағы үш Алтын жұлдыздың соңғысын мен 
Маңғыстау тү 
бегінде үлкен өндіріс ашып, аймақ экономикасын үрдіс 
көтерген еңбегім үшін алдым,  деген-ді министр.  Шындығында, бұл 
жұлдыздың шынайы иесі  академик Сәтбаев! Қадірменді досым мені осы іске 
қызықтырмаса, ондағы ғажап қазына көздерін төндіре айтып сендірмесе  
тарихи жазбаларда «Өлі түбек» атанған, құдай қарғаған дерлік сусыз, ну-
сыз, жері тұзды, қылтанақсыз тап-тақыр, тоғыз жүз шақырым қу медиен-
ге темір жол тартып нем бар?! Өндіріске қа жет жабдықты теңіз ар қылы 
жеткізіп, дайын өнімді ұшақпен-ақ әкетер едік. Бірақ Қаныш Имантаевич 
бұл мәселеге біздің бә рімізден де тереңірек мән беріп, өзгеше қарады, ақыр 
аяғында тү бектің жер асты қазынасының ашылуына мұрындық болды. 
Кезекті Алтын жұлдызды аларда мен тиісті адамдарға осыны ай тып, 
геология минис т рі А.В. Сидоренко еке уміз үкіметке рес ми хат жаздық. 
Амал не, мен осы күнге де й ін түсінбейтін пасық әрекеттер араласты да, 
Қазақстаннан неше түрлі пәле-жа ланы үйіп төк кен хаттар келіп түсті. 
Сөй тіп, отаншыл перзент, елі үшін ұлан-ғайыр еңбектер атқарған 
Қ.И. Сәтбаев бұл жұл дыздың біреуін де кеудесіне тақпай өмірден өтті...»
Әсілі, мәні зілді осы уәжді нақты айғақтармен бекіту қажет: 
1949 жылы Гурьевте (қазір де Атырау) Қазақстан ҒА-ның көшпелі 
сессиясы өтеді; іле-шала сол өңірде академияның базасы ашылып 
әрі геологиялық барлау экспедицияларының қарамы бірнеше 
есе молайтылған; тиісті қаржы бөлініп, білгір мамандармен 
толықтырылған; тынымсыз Сәтбаевқа бұл да аз... 1952 жылдың 


572
Медеу СӘРСЕКЕ
қоңыр күзінде ол ГҒИ-дың ғылыми тобын қайыра бастап барып, 
Маңғыстау мен Атыраудың үмітті кен орындарын түгел ақтап, 
ең аяғында марганецтің сүбелі қоры жатқан қазыналы түбектің 
тараң қолтығына дейін жетеді. Әрине, білгір барлаушының бас-
ты назары «сұйық алтын» болжанған қолатқа түскені анық. Сол 
ізденіс зая кеткен жоқ. Әрбір жиын-кеңестерде Қаныш Иман-
тайұлы батыс өңірдің ғажап мүмкіндігі мен зор келешегі тура-
лы жар салудан тайынбаған. Бертінде «Ға сыр жобасы» атанып, 
күллі әлем жұртшылығын таңғалдырып әрі қызықтырып отырған 
ұлан-ғайыр ұлы істі ол түбек қойнынан алғашқы мұнай бұрқағы 
атқылаған жылдардан кем дегенде 15-20 жыл бұрын болжап, 
соның ел кәдесіне тезірек асуына жол ашқан!..
* * *
Академик Сәтбаевтың халықтар достығының қажымас жар-
шысы болғаны да жұртшылыққа аян. Геолог В.Г. ТРЕТЬЯКОВ 
ғалым туралы естелігінде: «Қаныш Имантайұлының мейлінше 
интернационалист болғанын, оның аузынан ешқашанда әлде-
бір халықты қорлайтын сөз, әзіл-анекдот естімегенін, ал егер 
әңгімеге орыс иә басқа бір халықтың өкілі қатысса, тек қана 
орыс тілінде сөйлейтінін...» де арнайы ескертеді. 
Өзінен он үш жас кіші, геологиялық қызметке 1935 жылдары 
келген дарынды өзбек ғалымы Хабиб Мұхамедұлы Абдуллаев-
ты ол ерекше қадірлеп, кездескен сайын «О, Хабибжан!» деп 
құшақтап көріскен. Өйтуінің себебі – жас әріптесінің айрықша да-
рыны, бәлкім, геология іліміндегі мүдде бірлігі... Өзбек ғалымы 
1950 жылы Ташкентте жарияланған «Кен түзілуінің гранитті ин-
трузиялармен (баяу суынудан соң пайда болған силикат құрамды 
магмалық жыныстар – М.С.) генетикалық байланысы» атты 
монографиясын жолдап отырып, Қан-акасынан ғылыми қолдау 
күткен. Сол жылы 22 тамызда Алматыға жолдаған хатында 
ол: «Бұл мәселемен мен алдағы уақытта да шұғылданбақпын. 
Сондықтан Сіз сияқты үлкен ғалымдардың ақыл-кеңесі маған 
өте-мөте пайдалы болар еді... Бұл еңбекте сөз еткен мәселелерім, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет