599
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Қа шанғы жүреміз, даусын бір естіп қа лайық» дейді саған. Әніңді
сағындық, жарқыным, бала күннен бізге мә лім кәусар үніңді тағы
бір мәрте тыңдасақ деп күтіп отырмыз түгел. Сұрайтынымыз – ән!
– Ән?
– Дұрыс-ақ! Жөн сөз!
– Мұқыш аға тауып айтты. Бәріміздің тілеуіміз сол!
Қаныш жымиған қалпы өзін қаумалаған топ қа аңыра қарады.
Жүзі албырап, күлімдеген көз
дері жайраң қағады. Бөпежан
да Мұқыш шал ға қуана көз тастап: «Айналдым сендей ақылды
қарттан!» – дегендей сүйсінуді ішінен білдірді.
– Қай әнді айтайын? Тек біреуін ғана атаңдар.
– «Қанапияны» сұраңдар.
– «Ырғақтыны» айт.
– Жоқ, «Бүркітбайды» айтсын!
– «Бүркітбайды» айт. Сұрайтынымыз – «Бүркітбай!» – деді
Мұқыш қарт.
«Бүркітбай» – Қаныш Имантайұлының бала жастан сүйіп са-
латын іңкәр әні. Сонау жиырмасыншы жылдары, осы елде халық
соты болып қызмет істеп жүрген шағында, жиын-тойда, ойын
қойғанда, әрбір сауық кешін осы елдің ынтық әні – «Бүркітбайды»
айтқызбай тар қамайтын. Мына егделер соны ұмытпапты.
Қолына тиген ескі домбыраны әуелі күй леп алды. Содан соң ән
сазын бір қайтара тартып өтті. Тек содан кейін, «А-а!» деп тамағын
кеней дауыстап алып, әнді бастады.
Достарыңызбен бөлісу: