Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет80/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   244
болмады, Ә.З.-ның нақақтан істі болуы бастапқы жоспарымды 
шұғыл өзгертіп, Мәскеуге жедел аттануыма мәжбүр етті. Сірә, 
Әбекем үшін қажет болса, Қызылордаға да бармақпын. Ол енді 
Мәскеудің мына мәселені шешуіне байланысты... Баянауылда 
өзіңнен алты хат алдым. Раxат қа баттым, рақмет! Менен 
қалғысы келмей сұрана берген соң немере інім, кіш 
кентай 
Ғалымтайчикті ертіп алдым, ол енді менімен бірге тұрмақ. 
Келесі хатты Мәскеуден күт».
Қ.И. Сәтбаев – Т.А. Кошкинаға, Мәскеу, 10 қазан, 1927 ж.
«Қымбаттым менің! Сені көрмегелі үш ай болды, осы үш айды 
өмірімнен сызып тастауға дайынмын.. Қазіргі көңіл күйімнің 
құлазыған жайы осындай, Жаным...
Ә.З.-ның жұмысына қозғау салып жа тыр мын. ВЦИК-тің жеке 
адамдарға ке ш і рім беретін комиссиясы бүгін Қызылордаға жедел-
хат жөнелтті. Жауап болмаса Қызылордаға бармақпын. Тіпті 
сол үшін жұ мыс тан кетсем де орта жолда тоқтамаймын. Өзім 
жайында, қысты қайда өткі зе ті нім жөнінде, сірә, Ә.З. жұ мысын 
бір жайлы етпей кесіп айту қиын...
Р.S. Сәулем, шақшам босауға айналды. Рақымшылық жасап, 
бір шиша жақ сы насыбайды поштамен жіберсең (Энгельс көшесі 
жағынан кіргенде 5-ші, әлде 6-шы дүңгіршектен аласың), соны 
жолаушылардың бірімен, мысалы, біздің Мәс 
кеудегі өкі 
ліміз 
Төреғожинмен жө нелт, ол кеше ғана Қызылордаға кетті. Оны 
Исламбек арқылы іздестір».
Көңіл-қошым келмейді деп, жұмысты ақсатудың жөні жоқ, 
Мәскеуге келісімен-ақ Атбасар тресінің басқармасында өзін 
күтулі кеңсе қағаздарының нөпіріне тап болды. Солардың көлемі 
өткен қыстағыдан да көбейе түскен тәрізді. Әлде өзінің тыным-
сыз қарекеті себеп болып, араласар жұмыс өрісі кеңейді ме?.. 
Еркіне салса, солардың бәрін қоя тұрып, жаз ғы жазбаларын 
қайыра саралауға отырар еді. Әсіресе жиған-терген материалда-
рын, тағ дыры даулы Жезқазған қойнындағы бұр ғылау, барлау 
нәтижелерін. «Петро» шахта сы ның төңірегіндегі шағын қолатта 
жаз бойы 17 ұңғыма бұрғыланды, жалғыз ста нок пен барлығы 
758 метр жер тесілген, бұр ғы ұшы жеткен орташа тереңдік – 
40 метр. Жыл аяғында Геолком зертханасынан зарыға күткен 
деректері де келіп жетті: күткеніндей-ақ мол құнарға кезіккен; 
13-0196


194
Медеу СӘРСЕКЕ
есептеп қараса – қуаты көп-көрім жаңа кен өзегіне ие болған. 
Оған «5-жүлге» деп ат қойып, картаға түсірді.
Бұл да қоңылтақсыған жүдеу күйіне сеп болды. Демек, жаз 
бойы шыр-пыр етіп дамыл көрмей жүргеніне лайық төлем алды. 
Енді соны көзір етіп, Геолкомның әсіре білгіштерімен тең деңгей-
де тілдесуге болады. Сол қуанышқа жыл құсындай алып-ұшып
Таисияның келгені қосылды. Бірақ ұзақ жата алмады, бір апта 
қасында болып, іле-шала Қызылордаға аттанды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет