Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет99/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«...Қарсақбайдағы өміріміздің екінші жылында бізге кеңірек 
үй тиді, үш бөлме. Поселкенің жел көбірек соғатын шетінде еді, 
қанша от жақсаң да жы лын байды. Оның үстіне боран да сол қыс-
та Байқоңырмен қатынасты жиі-жиі үзді... Боран үдей соққан 
түндері есік-тереземізді қар басып қа лады. Көршілеріміздің бірі 
келіп аршып алғанша сыртқа шыға алмай, қамалып отыр ған 
күндер де жиіледі. Бір күні отын тақа таусылып, тіпті шай 
қоятын ештеңе таппай, біржола дағдарып қал дық. Не іс теу ке-
рек? Қарсымыздағы үйде ағылшын инженері, Қарсақбайда кон-
тракт бойынша жұмыс істейтін Америка инженері Вильсон мыр-
за тұратын-ды. Оның пәтеріне күн сайын зауыттың қоймасынан 
бір тәшке көмір әкелінеді. Мен соған да, шетелдіктің есігінің 
алдындағы көмір үймесіне қызғана қарайтынмын. 
Байқоңырдағы барлау партиясының жас бастығы, инженер 
Журкин сол қарсаңда кен орнының қорын есептеуге келіп, біздің 
үйге қонып жүрген. Үй шаруасына бейім Владимир Михайлович 
менің ыңғайсыздан ған жайымды көрген соң, суық үйде тыпыр-
шып отыра алмай, әрлі-берлі жүрді де, Қаныш Имантайұлын 
қараңғы түскен кезде Вильсонның үлесінен екі шелек көмір 
әкелуге үгіттей бастады... Ерімнің ондай жымысқылыққа бас-
пасын жақсы білемін. Сөйтсе де, балалардың жаураған халі, 
солардың жайын ойлап мазам кеткен дамылсыз қың қылым әсер 
етіп, сыртқа шықты. Терезеден қарап тұрмын. Қарсы үйдің ал-
дына жетер-жетпесте ерім бері сүйреп, қонағымыз әрі тартып, 
ақыры шелектерін арттарына тығып тұрып қал ды. Жылағым 
келіп кетті... Сол кезде үйден Вильсонның қызметші әйелі 
Стюра жү гіріп шықты (біздің үйге келіп, оны-мұныға қолғабыс 
етіп жүретін қайырымды жан еді), еркектердің қолындағы екі 
шелекті алып, көмір салып берді.
...Көкөністің жоқтығы ақыры мені де шырмады, діңгенемен ауы-
рып қалдым. Кейбір мамандар табиғаты аса қатаң Ұлытаудан 
зытып жатқан-ды. Дирекция соларды қайткенде ұстап қал мақ 
болып, екі жылға келісімшарт қа отырып, келіскендерге қосымша 
ақы төлеуді ойлап тапқан. Бұл өңірдегі қиыншылықтардың ал-
уан түрін бастан кешкен, өзім ғана емес, балаларды да сан мәрте 
ауыртып, бейнетке белшеден батқан менің де төзімім жұқарып, 
комбинат басшылары ұсынған шартқа қол қою дан бас тарттым. 
Қаныш Имантайұлы бұл кезде Мәс кеуге жабдық сұрауға кеткен-


239
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ді. Қайтып келген соң мен оған келесі қысқа мұнда ешқандай 
шартпен қалмаймыз деген бекем байламымды естірттім.
Қаныш Имантайұлы сөзімді зейін қоя тыңдап, жайдары 
қалпымен бетіме тесіле қарады да:
– Дұрыс істегенсің, Тася келісімшартқа қол қоймағаның жөн 
болған... – деді ақы рын ғана. – Екеуміз бұл өңірге шат-шадыман 
тұрмыс тілеп келгеміз жоқ, солай емес пе? Баянды барлау жасау 
үшін келдік. Көр дің бе, бір жылда қаншама олжаға қолымыздың 
жеткенін?! Енді соның бәрін тастап, қаншама елді дүр лік тіріп, 
мәнді жұмысқа қызықтырып, жоғары жақты да мадақ қазына-
ға еліктіріп қойып, аяқастынан тайып бергеніміз қалай бола-
ды?.. Жо-жоқ, бұл туралы сен ойлама да, өзіңді босқа қажытпа. 
Биылғы қиыншылық келесі қыста болмайды. Үйді жылытамыз, 
көкөністі өзіміз өсіреміз, алыстан да әкелеміз. Әйтсе де, солардың 
орнына ауыртпалықтың өзге бір түрі кездесуі ықтимал. Оны да 
жеңеміз... Ұлытаудан мен сені «Жезқазған-Мәс кеу» пойызының
салон вагонымен әкетемін. Тек күте біл, әй, білмеймін, сол кезде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет