Әбдіғалиева Верстка indd



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата28.11.2022
өлшемі0,95 Mb.
#53247
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Г.Қ. Әбдіғалиева, К.Ә. Бияздықова,
Н.Ж. Құдайбергенова 
мӘдЕНИЕТ 
АКСИоЛоГИяСЫ
Оқу-әдістемелік құрал
Алматы
«Қазақ университеті»
2014


ӘоЖ 008 (075.8)
КБЖ 71 я 73
Ә 14
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия
және саясаттану факультетінің Ғылыми кеңесі және
Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған
Пікір жазғандар:
философия ғылымдарының докторы, профессор А. Сағиқызы 
философия ғылымдарының докторы, профессор Т.Х. Ғабитов 
Әбдіғалиева Г.Қ. және т.б.
мәдениет аксиологиясы: оқу-әдістемелік құрал / Г.Қ. Әб ді -
ғалиева, К.Ә. Бияздықова, Н.Ж. Құдай бергенова. – Алматы: 
Қазақ университеті, 2014. – 118 б.
ISBN 978–601–04–0636–0
оқу-әдістемелік құралында мәдениеттегі аксиологиялық құндылық-
тар мәдениеттанулық білім тұрғысынан талданады. 
оқу-әдістемелік құралы 5В020400 – мәдениеттану мамандығының 
студенттеріне, жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық мамандықтар-
дың оқытушылары мен студенттеріне, «мәдениет аксиологиясы» атты 
арнайы курс оқу барысында пайдалануға, жаңа замандағы және қазақ 
мәдениетіндегі көне мәдени ескерткіштері мен мәдени мұраларын зерттеу-
ге қызығушылық танытатын барша оқырман қауымға арналған.
ӘОЖ 008 (075.8)
КБЖ 71 я 73
© Әбдіғалиева Г. және т.б., 2014
ISBN 978–601–04–0636–0 © әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2014
Ә 14



Кіріспе
Адам мәселелерін, оның мәдениеті мен құндылықтарын 
зерттеу адам тағдыры мен мәдениетіне әсер етуі тиіс. Бірақ 
адам және оның мәдениеті тағдыры белгілі бір мөлшерде 
біздің де еркіміз бен санамызға байланысты болса, онда адам 
мен мәдениет болмысын, олардың сақталуы мен өркендеуіне 
ненің ықпал етіп, ненің кедергі келтіретінін тереңінен түсінудің 
маңызы зор. Адамның белгілі бір құндылыққа талпынуы арқылы 
адамзаттың дамуына көмектесетінін, екінші жағынан, қандай 
құндылықтардың басым болуы оған өшіп, жойылу қаупін 
төндіретінін, кейбір дәстүрлі құндылықтарға қайта баға беруді 
түсіну – осының бәрі халық пен оның мәдениеті тағдырында 
ерекше рөл атқарады. Өнегелі мәдениетті зерттеудің өзектілігі 
cол, оның болмысы мен спецификалық ерекшеліктерін, жалпы 
адамзат мәдениетіндегі орны мен байланысын нақты ғылыми 
түсінусіз және құндылықты мағына құрушы өзегін анықтамай 
дәстүрлі мәдениеттің кейінгі дамуына және құндылықты 
басымдықтың қалыптасуына себептесу қиынға соғады. Құн-
ды лықтардың рухани-өнегелікті негіздерін қалыптастыру 
және өнегелі мәдениеттің құндылықтарына бағ дарлану ұлт-
аралық келісім мен азаматтық бейбітшілікті қамтамасыз етуде 
нығайтқыш рөлін атқарып, халықтың өзіндік санасында сәй-
кестендіргіш қызметін, қоғамның жаһандану дәуірінде ерекше 
мәдениетті сақтап қалу қызметін орындау қажет. 
Заманауи өмір қоғам алдында нақтылы жаңартуды және 
қалыптасқан құндылықтар жүйесін сыни қайта бағалауды талап 
ететін жаңа күрделі мәселелерді қояды. Жоғарғы білім жүйесін 
дамытуың басым бағыттарының бірі болып оның гуманизациясы 
мен гуманитаризациясы, қалыптасып жатқан мамандардың жал-
пы мәдениетін көтеру болып табылады. 



мәдениет тарихы мен философиясын білу адамға ата-
бабасының рухани тәжірибесімен алмасуға, оны өзінің жеке 
тәжіри бесімен салыстыруға, тұлғаның жан-жақты дамуына 
әлеуетті мүмкіндіктер жасап береді, оның жалпы адами мұрат-
тарға тарту мүмкіндігін береді.
осы саладағы субьект болып табылатын адамның еркін-
шығармашылық іс-әрекеті этикалық құндылықтармен тығыз бай-
ланысты. Сол себепті мәдениет философиясы дегеніміз – адам мен 
оның әлемін теориялық және құндылық көріністерін синтездеуші 
ғылым. Біз адамды жасаған мәдениеті және онда қалыптасқан 
құндылықтары арқылы түсінуге тырысамыз. Құндылықтан біз 
мақсат пен адамның мәдени шығармашылық іскерлігін көрсек, 
ал мәдениеттен белгілі бір құндылықтарға байланысты адамның 
өз-өзін және қоршаған әлемін жаңартуын көреміз. 
мәдениет философиясының мәселесімен этикалық құнды-
лықтар теориясы мәселесінің бір-бірімен байланыста болуы 
маңызды, себебі мәдениетте адами қажеттіліктер, мақсаттар мен 
құндылықтар біріктірілген. 
Адам, мәдениет және құндылықтар мәселесі – қиялдағы 
теориялық мәселе емес, қазіргі адамзат тұрмысындағы күнделікті 
шынайы мәселелер. Философия – дәуірдің, адами болмыстың 
және оның мәдениетінің өзін-өзі тануы болғандықтан, олар 
философияның ең өзекті мәселелерінің қатарына қосылады. 
Адам болмысының өзін өнегелік құндылықтар жүйесінсіз, 
құндылықты бағдарларсыз және қажеттіліктерсіз елестету мүм-
кін емес. мәдениеттанушы-мамандарды даярлау мәдениет 
философиясының өнегелік құндылықтарын білуді және игеруді 
қажет етеді. «мәдениеттің философиялық-этикалық мәселелері» 
пәні адам мен әлемнің ара-қатынасы туралы толық көрініс 
береді, адам мен қоғамның әлеуметтік-мәдени тәжірибенің сан 
алуан салаларындағы құндылықты нормалар, тәртіптерді таңдау 
қажеттілігімен байланысты тәжірибелік қосымшаға ие, ар-
найы этикалық қағидаларға негізделген өзіндік дүниетанымдық 
бағдарлары бар жеке тұлғаның қалыптасуына көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет