Әбдіғалиева Верстка indd


Өз-өзін бақылау үшін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата28.11.2022
өлшемі0,95 Mb.
#53247
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Өз-өзін бақылау үшін сұрақтар:
1. Қазіргі аксиологиялық ілімдердің негізгі бағыттары 
2. Қазіргі этикалық теорияларда зерттеудің қандай әдістері қол да-
нылады?
3. Қазіргі заманның құндылық бағыттары.


4. Қазіргі қоғамның дамуына дәстүрлі ұлттық мәдениеттің қандай 
құндылықтары әсер етеді?
5. Қазіргі қазақ мәдениетінің дамуының болашағы.
Өз бетінше жұмыс үшін сұрақтар:
1. Қазіргі заманның адамгершілік проблемалары.
2. ХХ ғасырдың аксиологиясындағы негізгі бағыттар.
3. Нормативтік этика және оның негізгі әдістері.
4. Құрылыстық этика және оның негізгі принциптері.
5. Әдептіліктің құндылық теориясы. 


114 
ҚОрЫТЫНДЫ
Адамзат тарихының бастамасында-ақ құндылықтардың 
қалыптасу мәселелері ежелгі ойшылдар мен даналардың көз 
қадайтын мәні болған. Сондықтан рухани құндылықтар жүйесі-
нің қалыптасуы, оның негіздері мен құрылысының анықтамасы, 
белгілі тарихи кезеңдегі қозғау күші ретінде ерекше көкейтесті 
болып келеді. мәдениеттің дамуы өзінің негізінде барлық қоғам-
дық қатынастардың өзара ықпалдарының және өзара тәуелділік-
тің күрделі үрдісі, біздің өміріміздің ғылыми, әлеуметтік, рухани, 
экономикалық, шығармашылық, этикалық, тарихи және басқа 
өзара әрекеттесудің күрделі үрдісі. мәдениет тарихының куәлігі 
бойынша бірде-бір қоғам әдепті-этикалық негізсіз, халықтың 
жоғары адамгершілік мәдениетінің қалыптасуынсыз табысты 
дами алмайды.
Адамзат тарихында, түрлі кезеңдер мен деңгейлерде әлде-
қандай болып жатқан заңды үрдістерге қарай, біз цивили зацияның 
өркендеуі мен өшуін бақыладық. Әрине, бұ үрдістер қоғамның 
дифференциациясына немесе интергативті үрдістеріне ықпал ет-
кен мәдениет құбылыстарының ішкі қайшылықтардың нәтижесі де 
болды, сондықтан оларды талдау себептерді анықтау уақытына ғана 
емес, бағыттар мен шешім жолдарын іздеу уақытына жасалды. 
мәдениет тоқырауы өзара әрекеттесу тізбегі үзілгенде, ішкі 
мен сыртқының байланыстарының ажырауы кезінде болады. 
Сондықтан бізге қоғамның бүтінділігін қалыптастыруға жағдай 
жасайтын, осы тізбектерді қоса алатын құндылықтар қажет
бұған біздің Президентіміз Н.Ә. Назарбаев та көңіл бөледі. 
Қазақстандық қоғамның әрі қарай дамуы және оның рухани баюы 
үрдісінде қоғамның адамгершілік мәдениетінің қалыптасуының 
мағынасы едәуір айқын көрінеді. Адамгершілік мәдениетінің 
құндылықтарының дамуында және талдауында қажеттілікке, ең 
алдымен біздің еліміздің экономикалық әлеуетінің үздіксіз өсуі, 
халықтың материалдық өмір жағдайының жақсаруы негіз бо-
лады. Сондықтан әлемнің бәсекеге қабілетті елдердің қатарына 
кіруге тырысып жатқан елімізге қандай құндылық бағдарлар 
қажет екенін анықтау керек.


115 
Қазақстан Республикасындағы мәдени, рухани, әлеуметтік-
экономикалық, саяси-құқықтық қайта құрылулар азаматтар 
санасында қайта түсінуді талап ететін өзгерістердің күрделі 
үрдістерімен қатар жүреді. Заманауи қазақстандық қоғамның 
өздік санасы құндылық бағдарларды жоғалтумен, қазақтың руха-
ни мәдениетінің көптеген позитивті құндылықтарды жоғалтумен 
сипатталады. Сондықтан қазір құндылықтар проблемасы, 
әсіресе, адамгершілік құндылықтарының проблемасы ешқашан 
болмағандай, алдымызда тұр. ол барлық уақытта көкейтесті 
болған және болуда, өйткені адам мәдениет әлемінде ғана өмір 
сүрмейді, оның өмір сүруінің өзі де құндылықтар жүйесінің 
қалыптасуы, оның құндылық бағдарлары және қажеттіліктері 
болмайынша мүмкін емес. 
Адамгершілік адамдардың қарым-қатынастарында нор ма-
тивтік-реттеу қызметін жүзеге асырады, қоғамның мүд делері 
мен қажеттіліктерін көрсетеді, мәдениетте гуманистік миссияны 
орындайды. Адамның рухани қайта тууы санада адамгершілік 
сезімдердің, адамның мінез-құлқында көрі нетін құнды дүние-
таным бағдарларының басымдығы орнауы арқылы мүмкін бо-
лады. Этномәдениеттің рухани-адамгер шілік құндылықтары 
қоғам үшін едәуір маңызды салт пен дәстүрлердің, норма-
лар мен мағыналардың қызметін өзіне тәуелді етіп, қоғамдық 
қарым-қатынастарды реттейді. Қоғамның құндылық бағыттарын 
анықтау және адамгершілік мәдениетін жетілдіру адамның 
жоғары саналылығын және шығармашылық белсенділігін 
дамытуға, ұжымда жағымды психологиялық микроклиматты, әр-
бір адамның сенімділік сезімін және рухани комфортын құруға 
жағдай жасайды. 
мәдениеттің теориялық-әдепті-этикалық негіздерін өңдей 
және халықтың адамгершілік мәдениетінің құндылықтарына 
бағдарлануды анықтаудың қажеттілігін негіздеу ұлтаралық 
келісімді және азаматтық бейбітшілікті қамтамасыз етуде 
консолидациялық рөл атқаруы керек. Сондай-ақ халықтың 
өздік санасының идентификациялық қызметін және қоғамның 
маңызды құнды өзгерістерінің заманында ерекше мәдениетті 
сақтау қызметін атқаруы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет