Әбдіғалиева Верстка indd


Мәдениет құндылықтарының жүйесі мен



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата28.11.2022
өлшемі0,95 Mb.
#53247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
 
1.2 Мәдениет құндылықтарының жүйесі мен 
олардың классификациясы
 
Әрбір жеке адамның, әлеуметтік топтың, ұлттың, халықтың, 
әлеуметтік жүйелердің әртүрлі құндылықтар иерархиясы бола-
ды. Сонымен қатар, бұл иерархиялар, құндылықтар жүйелері өз 
тасымалдаушыларының дамуы барысында әрдайым өзгеріп, яғни, 
тарихи сипатқа ие бола отырып, өзара күрделі және өзгермелі 
байланыс құрап, субъектімен біріге болмыс құрып, дамып, өзара 
әрекеттесіп жатады. Бұл өзара әрекеттесу тек қана бірін-бірі ба-
йыту, өзара кірігу мен бірігуге ғана емес, сонымен қатар, олардың 
қарсы тұруына, мәдениеттің бір-біріне жалғанған өрістердің 
қарама-қарсы белілері секілді қатынастағы түрлі құндылықтық 
жүйелерінің қарама-қарсы келуіне де жиі алып келеді. 
Құндылық теориясын құру үшін, танымдық іскерліктің за-
манауи деңгейінен бет алу қажет. Жаңа гносеологиялық пара-
дигма екі – классикалық және классикалық емес әдістемелік 
ұстанымдардың синтезделуі негізінде қалыптасады. 
Зерттеушілер құндылықтық мәселесінің жасақталуы бары-
сында екі негізгі әдісті бөліп көрсетеді: біріншісі – руханилық 
мәселесі шеңберінде, яғни этика, эстетика, әлеуметтік фило-
софия мен психология ғылымдарының тоғысу нүктесінде бол-
са, ал екіншісі – аксиологияның өзінің негізінде болып табыла-
ды. Екінші жағдайда, негізгі сауал келесідей болады: құндылық 
дегеніміз не, оның мәні неде: мәндер, мұраттар немесе бір бойда 
екеуі де ме? Әлі күнге дейін бұл мәселеге нақты және даусыз жа-
уап алынбаған болатын. оның ізденіс арнасын нақтылау, анықтау 
және әрі қарай құндылық теориясының жеке қырларын дамыту-
да деп есептеледі. Сонымен қатар, құндылықтың онтологиялық 
мәртебесінің мәселелерін, құндылықтық (аксиологиялық) сана-
ның ерекшеліктерін және оның бір жағынан, ғылыми, ал екінші 
жағынан, моральді-этикалық, эстетикалық, эстетикалық-діни 
тұрғыдан қарастыру және талқылау қажет. 
Өзінің барлық саналы болмысында адамзат құндылықтың 
төрт негізгі жүйесін жасап шығарды: эстетикалық, діни, ғылыми 
және этикалық жүйелер. Философия, ең алдымен, әр кезде 
өзіндік мінсіз тұтастықты қалыптастыра отырып, осы жүйелердің 


15 
бірігуінің тәсіліне жауап қайыру ретінде қызмет атқарады. осы-
лайша, ойлаудың кез келген парадигмасы эстетикалық, діни, 
ғылыми және этикалық күйлердің ерекше үйлесуімен сипаттала-
ды. Әрбір жеке алынған парадигмада ойлау стилінің сапасы онда 
құндылықтардың тек бір жүйесі басым орын алатын, берілген 
дискурсты қалыптастыратын және берілген кезеңнің мета орнала-
суы, мета қағидасы бола алатын өзінің негізгі қағидаларын жасап 
шығаратын өзіндік дискурсын қалыптастырады. ол барлық басқа 
күйлердің сипатын тек берілген құндылық жүйесінің шең берінде 
ғана анықтап қана қоймай, сонымен қатар, өзге жүйелерді, олардың 
тәртібін, басымдықтарын, мәнділігі мен оның таңдаған күйлерінің 
салмағын да анықтайды. осылайша, белгілі бір парадигманың ой-
лау стилі ретінде орын алуы – мәдениет пен ғылыми білім тари-
хында объективті және заңды құбылыс болып табылады.
объект және субъект ұғымдары құқықтанудан бастап линг-
вистикаға дейін – бірқатар ғылымдарда және ауызекі тілде 
қолданылса да, өзінің категориялық мәртебесінде олар ерекше 
философиялық категория болып табылады. осыдан-ақ адамның 
(жануарлар секілді) шынайы әлем заттарымен немесе өзіндік 
дене қалпынан өмірлік сезінулері («виталды құндылықтар») 
арқылы сезімдік байланыс үдерісінде алынатын ләззаттардағы 
қандай да бір құндылық түрлерін анықтаудың, сол секілді ма-
териалды құндылықтарды, экономикалық құндылықтарды, пай-
далы құндылықтарды мойындаудың жөнсіздігі туындайды. Бұл 
аталған теңеулердің бәрін өзінің бойына адамның табиғатпен, 
қоғаммен және өзге адамдармен байланысын қамтитын субъект-
объектілі қарым-қатынастарына қатысты қолдануға келмейді, 
себебі адам белгілі бір жағдайларда субъект емес, объект рөлінде 
көрініс тауып жатады. 
м. Бахтин айтып өткендей, мән дегеніміз – біз қойған сұраққа 
белгілі бір жауап болып табылады: «Ешқандай сұраққа жауап 
бермейтін нәрсе, біз үшін мағынадан айырылған». дәл осы ойды 
Ж.П. Сартр келесідей түсіндірген болатын: «...Өмір априорлы 
мәнге ие емес. Сіз өзіңіздің өміріңізбен өмір сүрмегенше, оның өз 
алдына ешқандай мәні болмайды, сіз оған өзіңіз мән-мағына беру-
ге тиіссіз, ал құндылық дегеніміз, сіз таңдайтын мән-мағынаның 
нақ өзі болып табылады». 


16 
Адамды, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқын субъектілі-
объектілі қарым-қатынастардың тұжырымдамалық кеңістікте 
қарас тыратын кең философиялық көзқарас, мәнді нақ осы 
кеңістіктегі субъектімен өзінің субъектілі болмысы үшін объек-
тінің мәнін анықтаудың тәсілі ретінде қарастырылады, басқаша 
айтқанда – мәдениет кеңістігіне табиғат әлемінен кіретіннің 
бәріне және одан бұрын мәдениеттің өзінің «екінші табиғат» 
ретінде, табиғаттан тыс, имматериалды, сағымды, болмыстың 
жоқтығының қиялымен жасалатынның түрлі формалары ретінде 
барлығына мән-мағына беру деп қарастырылады.
м. Каган аксиоморфологиялық теорияны жасап шығару қажет 
деп есептейді. Жүйелі талдау мәдениеттің құндылықты саласын 
нақты қандай құндылықтар және неліктен нақ солар құрайтынын 
анықтау үшін қажеттілік және жеткіліктіліктің өлшемін қол-
дануды талап етеді. Бұл сұрақтар, әдетте, қойылмайтын да, 
сондықтан да теориямен айналысатын ғалым құндылықтың 
мәнін өзінің құндылық түріне қатысты ғылыми мүдделеріне ең 
жақынының ерекшеліктеріне – көбіне этикалық-эстетикалық, не-
месе діни құндылықтарға қарай анықтайды.
Сонымен, м. Шелер құндылық теориясын этикамен, С. Алек-
сандр – эстетикамен, ал Ж. мариен – теологиямен байланысты-
рады. Егер де философ құндылықтың шынайы көптүрлілігін 
басшылыққа алса, ол әдетте құндылықтарды өзгеше топтасты-
рады. Р. Перри атағандай, «канондық құндылықтардың үштігі» 
немесе В. Розанов ұсынғандай, «ақиқат, жақсылық, бостандық» 
үштігіне алып келді. мәселен, Риккерт бойынша, құндылықтың 
алты классы бөлінеді – ғылымда орын алатын «логикалық», 
өнерде орын алатын «эстетикалық», пұтқа табынушылықта орын 
алатын «мистикалық», «ар ұятты» және «әлеуметтік-этикалық», 
«жеке» және «діни», алайда бұл классификацияны философтың 
өзі «құндылықтар жүйесі» деп есептеді. 
Шелердің құндылықтар классификациясында, аксиос-
фера адамның денелік өміріне «мәдениеттің рухани құнды-
лықтарынан», «жоғары рухани құндылықтарына» өтуіне қатысты 
«төмен» гедонистикалық және виталды құндылықтардың дамуы 
мен өркендеуі деп есептейді. Н. Гартман аксиосферадан діни 
құндылықтарды шегеріп тастады, себебі зерттеуші олар ерек-


17 
ше жоғары күшке ие жаратушының өмір сүруін дәлелді деп 
есептемеді. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ең ірі француздық 
философ және эстетиктердің бірі, м. дюрфен, өзінің априор-
лы категорияларды сипаттауында, құндылықтың үш класын 
бөлген болатын: иеленетінге бағытталған – жағымды жақсылық; 
сыйластыққа бағытталған – қасиетті; гумандық, әділетті. Ал за-
манауи американдық философ Н. Решер әрқайсысының бірнеше 
ерекшелігін көрсетіп, құндылықтардың алты класын бөледі; 
біреуінде «зат құндылығы», «орта құндылығы», «индивидуал-
ды құндылықтар», «топтық құндылықтар» және «социеалды 
құндылықтар (экономикалық және құқықтық)», ал келесісінде: 
құндылықтар «материалды немесе физикалық», «моральды», 
«діни», «экономикалық», «әлеуметтік», «эстетикалық, «интелек-
туалды», «сезімдік» деп бөлсе, үшінші бөлігінде «эгоцентристік» 
құндылықтар мен «альтруистік» болады. 
Француздық философ И. Гобри төрт құндылықты бөліп 
көрсетеді, олардың әрқайсысы екі жақты көрінеді, себебі 
құндылықтар «аяқ астынан пайда болған» және «тұрақты» фор-
мада болуы мүмкін. Бұл сияқты аксиологиялық құрылымдар 
көптеген формаларда кездеседі. 
мәдениет философиясы мен құндылықтар теориясының 
тоғысқан тұсында жатқан мәдениет пен құндылық қарым-
қатынасындағы мәселелер жайында Н. З. Чачавадзенің «Құндылық 
және мәдениет» еңбегінде айтылған. ол өзінің көңілін адамның, 
мәдениет пен құндылықтың тарихты шынайы секілді, адамның, 
оның мәдениеті мен құндылығының қалыптасу тарихында орын 
алатын өзара диалектикалық анықтауына үлкен көңіл аударады. 
Н.З. Чачавадзе өзінің еңбегінде мәдениеттің ішкі мазмұнын 
қарастыруды өзектендіріп, оның ішкі мазмұнын қарауға тыры-
сып, оның субъективті мәні мен мақсатын ұғынып, яғни мәнін 
түсініп, Адам үшін мәдениеттің қалыптасуының бағалығы мен 
құндылығын түсінуге тырысады. мұндай ішкі байланыс ең ал-
дымен адамның өзіменен жасалған, қалыптасатын оның бойын-
да орын алған және таралған құндылықтар арқылы түсініледі. 
«Құндылықта біз адамзат іскерлігінің мәдени шығармашылық 
мақсаттары мен құралдарын көретін болсақ, ал мәдениетте – 
адамның сәйкес құндылықтарға байланысты өз-өзін және барлық 


18 
әлемді өзгертуі болып табылады» (Чавчавадзе Н.З. Культура и 
ценности. – Тбилиси. 1984).
Құндылықтарды дәстүрлі түсінуді ағылшын филосо-
фы, метаэтиканың негізін қалаушы дж. мур сынға алады.
дж.Э. мур нағыз мейірімділік пен шынайы бақыттың мәні ту-
ралы пайымдаулар сәтсіз болатынын дәлелдеген, себебі бұл 
этикалық терминдер мазмұнын құнды деп саналатын объективті 
құбылыстардың қасиетіне теңеуге негізделген. мур бұл қателікті 
«натуралистік» деп атады: «жалпы «жаратылыс заты» болып 
табылмайтын жақсылықты жаратылыс затымен араластыра-
тын болсақ, бұл қателікті натуралистік деп айтуға негіз бар». 
Сонымен қатар, дж. мур одан басқа, жақсылықтың не екенін 
анықтайтын «қателіксіз» жолдар болуы мүмкін емес деп есептеді.
дж. мурдың өзі, жақсылықты танудың интуитивті мүмкін-
діктеріне бас соққанымен, оның логикалық позитивистер 
арасындағы жолын жалғастырушылар (Р. Карнап, А. дж. Айер, 
Ч. Стивенсон) этикалық терминдер өзіндік жеке мәнге ие бол-
май, тек қана эмоцияның көрінісі мен тілде одағай секілді 
қызметті атқарады деген бір ауызды шешімге келген болатын. 
ол құндылықтарды (жақсылық пен әдемілік) жаратылыстықпен 
қатар, метафизикалық секілді де объективті шынайылықпен 
сәйкестендіруге қарсы шығып: «Өсіп-өну құндылықтары қандай 
болмағанымен, ол құрамына құндылық кіретін толық, пропор-
ционалды құндылық сомасына және даму пәнінің құндылығына 
алып келе алмайды» деген болатын. 
Натуралистік этиканы ол жақсылық түсінігінің мәнін қара-
пайым әлем қасиеттерімен сәйкестендіретінін, ал метафизика-
лық этиканы жақсылық және өзге де құндылықтардың жоғары 
сезімтал табиғатын анықтағандығы үшін сынға алады. дж. мур, 
жақсылық табиғат әлемінде өмір сүре алмайды және эмпирика лық 
және логикалық әдістер нәтижесінде анықталынбайды, себебі ол 
алғашқы, қарапайым және бөлінбес түсінік болуымен қатар, тек 
интуитивті түрде ғана (олар құрамына кіретін сезім толықтыққа 
беріліп, құндылық олардан әлбетте үлкен мәнге иеленеді) табыла-
ды, бақыланады. Бұл өз кезегінде, бір жағынан оның анықтығына 
және анықсыздығына сілтеу жасаса, келесі жағынан, оның біре-
гей табиғатына сілтеме жасайды (себебі интуиция барлық адам-


19 
дар үшін бірегей және ортақ болып келеді). осылаша, бұл әдіс 
субъектіге өзіндік жеке, дәстүрлі нормалар мен авторитеттерден 
тәуелді емес, кез келген құндылықтарға деген қатынасқа ие бо-
лып, сонымен қатар, аксиологиялық теориядағы субъективизм 
мен интуитизмнің әрі қарай белсенді дамуына жаңа мүмкіндіктер 
ашты деп көрсеткен. 
Құндылықтардың логикалық аспектімен қатар, тарихи-
фило софиялық аспектідегі талдануына Э. Фромм «Үміт рево-
лю циясы» еңбегінде ерекше мән берген. Өзінің талдауларын-
да ғалым құндылықтарды екі топқа бөлген болатын «адам 
жеке өмірін саналы түрде бағалауы арқылы өзі құндылық деп 
танығандары» және «ол бейсаналы түрде басшылыққа алатын 
объективті құндылықтар» деп құндылықтарды топтастырған 
болатын. Философтың пікірінше негізгі қайшылықтарды туды-
ратын мәселе, бейсаналы құндылықтар, индивидтің әлеуметтік 
өмірінен пайда болып, оның тұрмысы мен жағдайын анықтайды 
дейді, ал саналы құндылықтар, «қолданыссыз» болып қала 
береді деп көрсеткен болатын. Индивид қалай жасау қажет және 
қалауымен қатар, ресми түрде қабылданған стандарттар мен 
нормаларға сәйкес әрекет етуі қажет. Ал саналы немесе жоғары 
құндылықтар табиғаты мәселесі саласында Фромм оны ашылу-
лар және жаңалықтармен байланыстырып, сонымен қатар, батыс 
адамы үшін бұндай болып Құдай ашуы болса, ал осы орайда буд-
дизмде жоғары құндылықтар Жоғары Жаратушының ашулары-
мен мүлдем байланыстырылмайтынын да ерекшелейді. Бұл діни 
жүйеде, деп көрсетеді зерттеуші, құндылықтар иерархиясы «са-
налы ойлау мен адамзаттық сезімдерге байланысты, кез келгенге 
белгілі бір тырысуларсыз-ақ қолжетімді болып» әрі ол медитация 
арқылы орындалды деді. 
Фроммның пікірінше, тұлға таңдаған құндылықтар оның 
өмірімен тығыз байланысты (өмір сүру тек материалды тұрмысқа 
сәйкес емес, сонымен қатар рухани өмірді де қамтиды). Аль-
тернативтер өте көп және индивид көп жағдайда оның мінез-
құлқына жауап беретіндей құрылымды таңдайды. осылай-
ша, Фромм құндылықтар табиғатын объективті факторлармен 
байланыстырады (жаңалықтар, әлеуметтілік, экономикалық 
өмір), ал олардың таңдауын субъективтілік, ішкі ең алдымен 


20 
меннің психологиялық ерекшеліктерімен байланыстырады. 
Алайда біздің таңдауымызды не қалыптастырады деген сау-
ал жайлы ойлансақ, біздің генетикалық бағдарламамыз, ары-
мыз, бейсаналық ол немесе сана ма десек, Фромм теориясы 
бізге белгілі бір нақты жауап бере алмайды. Толықтай алғанда, 
оның әдістерін гуманистік дәстүрдегі дамып жатқан, құндылық 
құрылымынындағы объективті және субъективті факторларды 
қосу мен байланыстырудың тағы бір жолы деп бағалауымызға 
болады. Ескеретін жайт, дәл осы Фромм заманауи индустриалды 
қоғамның құндылықтарын зеттеуге үлкен көңіл бөлуін тек сы-
наушы тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, олардың сапалы 
өзгеруіне үміт позициясынан да қарауында.
Аксиологияның дамуының келесі сатысы макс Шеллердің 
персоналды-феноменологиялық құндылықтар теориясымен 
бай ланысты. Құндылықтар, м. Шеллер бойынша, мән неме-
се қарым-қатынас емес, ал олар ерекше қасиет әрі ол заттың 
емес, жақсылықтың сапасы деді. Жақсылық та «құндылықты 
сапалардың бірегейлігінің сипаты секілді затпен сәйкес 
бірегейлікпен қол жеткізуге сай, дейді». м. Шеллер бойын-
ша құндылықтар мысалы болып, «парасатты, зұлым және тағы 
басқа» сөздерімен көрінетін құндылықтар дейді. Құндылықты са-
палар берілгеннің ерекше объективтілігімен сипатталатын ерек-
ше жиынтықты құрады. Сонымен қатар, құндылықтың тұлғадан 
тәуелсіздігі абсолютті емес, керісінше, сәйкес, себебі барлық 
құндылықтар ең алдымен тұлғаның айналасында негізделіп, олар 
оның биологиялық, әлеуметтік және рухани табиғатымен байла-
нысты болады. Тұлға мен анық өмірлік әлеммен, анық ситуация 
мен белгілі бір құндылықтың арасында бөлінбес ішкі байланысы 
болып, ол осы анық бірлікте берілген анық тұлға типіне қызмет 
етеді, яғни, құндылық әрдайым интенционалды болып келеді. Бұл 
талқылау м. Шеллердің интенционалды құндылықтар заңының 
негізгі мәні болып табылады.
м. Шеллердің концепция жетіспеушілігі құндылық пен са-
паны сәйкестендіруден көрінеді, себебі бұл жағдайда тек бұл 
сапалардың субстанционалды алып жүрушілері ғана емес, оны-
мен қатар, мән мен қатынас толығымен бағалаусыз қалады. 
Құндылықтар, соның ішінде моральді де, тұлғаға бағынып, 


21 
тек субъективті интенционалдылықпен байланыстырылып, 
бұл өз кезегінде мәнді түрде сәйкес аксиология мен этиканың 
қасиет тілігін шектейді. Шеллер бір жағынан алып жүруші 
пән дерден абсолютті тәуелсіз құндылықтар мен ал екінші 
жағынан, субъектіден, оның қажеттіліктері мен мүдделерінен 
құндылықтардың онтологиялық мәнін негіздейді. Құндылықтар 
критерииі деп Шеллер келесі көрсеткіштерді атап өтеді: 
1) «ұзақ ғұмырлылық» («өзінің бойында «уақыт сабақтас-
тығы» қасиетіне ие құндылық ұзақ ғұмырлы бола алады, бұл 
шарт, оның заттық бөлігі қанша уақыт өмір сүруіне байланысты 
емес»);
2) «біртұтастық» (бұл тұтас және бөлінуге түспейтін рухани 
және діни құндылықтарға байланысты)
3) «негізділік» (бұл құндылықтар жүйесіндегі әрбір құндылық 
өзіне қатысты едәуір жоғары құндылықпен негізделген – витал-
ды құндылықтар, негізінен өмірдің позитивті құндылығымен 
негізделеген, ал өмір, сәйкесінше рухани құндылықтармен негіз-
делген, себебі ол тек виталды құндылықтар сапасы ішінде диф-
ференцациядан көңілі ауып, «виталды құндылықтар ішінде тек 
саралаудан қол үзгенде ғана» ол белгілі бір құндылықтарға ие 
болады);
4) «қанағаттандырылу тереңдігі» (берілген жағдайда қана-
ғат тандыру деп «орындалуды бастан кешіру» жатады, ол құн-
дылықтың тек кейбір интенциясы оның пайда болуы нәтижесінде 
орындалады);
5) құндылықтар тізбегінің «сәйкестілігі». Құндылықтың міндетті 
сәйкес сезімі орын алып, және ол кінәлаудан тәуелсіз болып, осы 
сезім үшін сәйкес құндылықтың көпнұсқалығы сезімің бірегей 
тұрақтылықта сәйкес болуы оның дәлелі бола алады. Шеллер атап 
өткендей, «жоғары құндылықтың» мәнді сипаты – сәйкестігінің 
төменділігі, ал жоғары құндылықтың негізгі сипаты – оның 
«абсолюттілігі». Шелердің құндылықтар иерархиясы олардың өсу 
тізімінде орын алып, дәлірек айтқанда, жағымды және жағымсыз 
құндылықтары (пайдалылының гедонистикалық құндылығы); ви-
талды құндылықтар; рухани құндылықтар (эти калық, эстетикалық, 
таза тану құндылықтары); қасиетті құн дылықтар (олардың 
жоғарысы болып Құдайдың абсолютті құндылығы).


22 
Берілген классификацияның негізі адамды жоғары эмоцио-
налды актілердің ортасы, Ғаламдағы мәні сана немесе ерік 
емес, «жанның эмоционалдылығы», сезіну, қалау, махаббат пен 
«жүрек логикасына» еру болып келетін «құндылықтар билігінің» 
шақыруларына көңілі қалт емес жалғыз жан деп танитын, 
«эмоционалды априоризмнан» бас тартады. осылайша, жал-
пы алғанда Шелер аксиологиясы өзінің бойына Гуссерлдің фе-
номенологиясын, Канттың априоризмін, Августиннен, Паскаль 
мен Ницшеден шыққан философиялану дәстүрлерін сіңіріп, 
өз алдына теориетикалық мәнінің масштабы мен тереңдігі бо-
йынша аса үлкен көлемдегі концептуалды оқуды ұсынып, оның 
базасында көптеген кейінгі құндылықтар теориясы дамыды. 
осылайша, этиканың дамуын келесі түрде елестетуге болады: 
құндылықтық объективизм сынауы мораль автономиясы мен ар-
ұяттық релятивизмге алып келеді. Артынша, автономиялы мораль 
шеңберінде теоретикалық шынайылықтың қасиетіне ие болған 
(жалпылық және қажеттілік) нормалар табылуға тырысады. Ал 
ар-ұяттық норма, теоретикалық шынайылық деп сипатталып, 
оны объективті шындықта өмір сүретін белгілі бір мәннің елесі 
ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Этикалық идея әрқашан 
«өз орнына» қайтып келіп отырады. 
Құндылықтар, мәдени-тарихи стандарттарға қарағанда 
өзгер мелі әрі құбылмалы болады. Бір мәдениет шеңберінде 
үлкен құндылықтық бағдарлардың ауысуы орын алуы мүм кін. 
Американдық мәдениеттанушы даниэль Белл өзінің «Капи-
тализмнің мәдени қарсылықтары» еңбегінде капиталистік 
реформацияның тарихи тағдыры кезеңінде құндылықтық бағыт-
бағдарлар протестанттық этикадан модернизмға дейін радикалды 
түрде өзгеріп, яғни, өмірлік-тәжірібиелік ұстанымдардың жаңа 
жиынтығы пайда болып отырды деді. 
Аксиология үшін базалы болып, құндылықтардың тұрмыс 
құрылымында жалпы өмір сүруінің негізделу мүмкіндігі және 
олардың пәндік шынайылықпен байланысының мәселелері бо-
лып табылады. Бұл көзқарас тұрғысынан, құндылық барлық ру-
хани көп түрлілікті санаға, сезімге және адам еркіне тартады. ол 
қоғамдық сананның адамзаттық өлшеуін сипаттайды, себебі ол 
тұлға арқылы, оның ішкі әлемі арқылы өткен. Егер идея, мәселен, 


23 
тұрмыстың екі жағының, индивидуалды және қоғамдық өмірге 
жетудің ұмтылысы болса, ал құндылық бұл тек білім мен ақпарат 
негізінде пайда болатын ғана емес, сонымен қатар, адамның жеке 
өмірлік тәжібиесі негізінде қалыптасқан әлемге деген тұлғалық 
сипатталған қатынас болып табылады. 
Адам өзінің тәртібі мен іс-әрекетін нормамен, идеалмен, 
және үлгі, эталон сипатына енетін мақсатпен теңдестіреді. «Ке-
ремет» және «орынсыз», «жақсылық» пен «жамандық», «дұрыс» 
және «дұрыс емес» түсініктері құндылық деп аталауы мүмкін. 
Өз кезегінде, олармен байланысты көзқарастар, адамдардың 
пікірлері орынды немесе орынсыз, оптимистік немесе писси-
мистік, белсенді-шығармашылық немесе пассивті-ашулық деп 
бағаланатын құндылықты идеялар деп те қабылдануы мүмкін. 
Адам тек қана өзі үшін тұрмыстың құндылығын ашып қана 
қоймай, оны жасап та шығарады. Бұл тек шығармашылық зат-
тар қоршауындағы әлемде ғана емес, сонымен қатар, мәдениетте, 
саясатта, идеологияда, өмірдің жаңа формалары мен шартта-
рын құруда да көрініс табады. И.И. Кравченко есептегендей, 
құндылықтар объективті және әмбебап болып келеді. олар ин-
диивдуалды немесе ұжымдық сананың фактісі немесе құрамы 
болып тек субъективизация процесі нәтижесінде ғана емес, со-
нымен қатар қабылдау, мәнін ұғыну, мойындау секілді актілердің 
нәтижесінде де қалыптасып отырады. 
Құндылықтардың объективтілігі адамға сәйкестігімен емес, 
сонымен қатар, идеялар, заттар әлемі, жағдай тізбегі адамға 
берілмегендігімен де анықталады. ол басқа, қарама-қарсы бас-
таудан шығады. оның мәні барлық категориялар құндылығы тек 
объекивті ғана емес, сонымен қатар, субъективті де, олардың 
қабылдауы субъективті болып, әрі өзінің мәніне сәйкес индиви-
дуалды болып табылады. 
осылайша, аксиология үшін «құндылық» түсінігін талдаудың 
сан алуандығы онтологиялық, гносеологиялық, әлеуметтік, 
объективті-субъективті, материалды, идеалды, индивидуалды 
және қоғамдық қарым-қатынастар шеңберіндегі мәселелерді ше-
шуге негізделген. Сондықтан да, құндылықтар жүйесіне сипатта-
ма бергенде, ол мәдениет әлемінің аксиологиялық талқылауын, 
құрылымды талдауды, әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі құнды-


24 
лықтың рөлі мен орынын талдау және анықтаудың көптүрлі лігін 
туындатады. 
мәдениеттің аксиологиялық анализінде кейбір әмбебап, жал-
пы адамзаттық құндылықтар шегерілмей, керісінше құндылықтар 
жүйесінің дамуының динамикалық сипатын ұсынып, оның нақты 
тарихи негізделуін қамтамасыз ететіндігін еске сақтаған жөн. 
Қоғамдық өмір өз алдына аса күрделі түрлі құндылықтар мен 
қажеттіліктерді туындататын сәйкес автономды үдерістердің 
күрделі иерархиясын ұсынады. Алайда, берілген процестер бел-
гілі бір формада қоғамның толық жүйе ретіндегі өзін-өзі сақтауы 
қызметімен байланысты екендігін еске сақтаған жөн. 
Аксиологиялық мәселеде философия мен мәдениет тари-
хындағы негізгі әдістерді талдай отырып, құндылық мәселесі 
мәдениет философиясында аса маңызды орын алатындығын 
айтуға болады. Әр кезең өзіндік ойлау стилі, материалды және 
рухани саладағы ерекшеліктері бар белгілі бір мәдениетті 
дүниеге алып келіп, дамытады. Сондықтан, мәдениетке қатынас 
арқасында сол кезеңнің ойлау стилін қайта құрылымдап, олар өз 
кезегінде тұлғаның қоршаған шынайылықпен қарым-қатынасын 
реттейді. мәдениеттің аксиологиялық дамуы мәдени-тарихи 
үдерістің сәйкес адами қызметтің субъектісінің қажеттілігі мен 
қызығушылығын нақты талдауын қажет етеді. Қоғамдық өмір 
түрлі қажеттіліктер мен құндылықтарды дүниеге алып келеді, 
сондықтан құндылықтар даму жүйесі динамикалық сипатта бо-
лып, осымен қатар, оның кейбір әмбебап жалпы адамзаттық 
құндылықтардың бар болуы да есептен шығарылмайды. Клас-
сикалық түсінуде құндылықтар мәселесі марксистік методоло-
гия пікірі тұрғысынан қарастырылды. Құндылықтар мәселесі 
адамның қоғамдық қызметімен байланыстырылып, сондықтан 
да құндылық субъектілі-объектілі қарым-қатынас ретінде қабыл-
данды. Құндылық бағалау, қажеттілік пен қызығушылық, идея-
лар мен идеалдар секілді категориялармен тең дәрежеде қаралды. 
марксистік әдісте бірінші орында объективтілік пен субъек-
тивтілікті құндылықты анықтауда дұрыс түсіну, яғни құн-
дылықтар, объектвті әрі субъективті кезеңдерге ие бола алуын 
жете түсіну. 


25 
объективті әрі субъективті – диалектикалық бірліктегі, алай-
да түрліліктің өзгеше кезеңдерінде және арасындағы қарым-
қатынастың байланысындағы қарама-қайшылықтар болып та-
былады. Құндылық пен құндылықтық қатынастар генетикалық 
түрде сол заттан кейін пайда болады. Заттар немесе пән 
құндылық болып олар тек ең алдымен практикалық қызмет сала-
сына араласып, құндылық пәндердің тұрмыста болуынан пайда 
болып, ал құндылықтық қасиеттер заттың жеке қасиетіне қарай 
бағытталуы орын алады. Құндылық ұғымында оның іскерлік си-
паты ерекшеленіп, және оның қоғамдағы белсенді қызмет етуі де 
қажет болады. 
мәдениетке қатынас, ең алдымен кезеңдермен сипатталына-
тын және философиялық шығармашылықтың нәтежиесіне мәнді 
орын қалдыратын ойлау стилін құрылымдап, өзгертуге мүмкіндік 
береді. Әрбір мәдени кезең өзінің мәнді немесе кездейсоқ түрде 
ол мәселені таңдауды, оларды шешу жолдарын, түсіндіру сипа-
тын, аргументация және тағы басқа үдерістерді таңдап, жүргізіп 
отыратындығын анықтайды. 
Өзінің жиынтығында бұл ойлау стилінің компоненттері әр 
мәдениетке нормативті-құндылықтық құрылыммен сай болып, 
тұлғаның қоршаған шынайылықпен қарым-қатынасын реттейді. 
Бұнымен шеңбердің өзіндік философиялық мәдениеттің қабатын 
тудыратын философиялық мәнді мәселелермен толықтырылуы 
қажет. олар философияның әлемтанулық мәнімен анықталады, 
себебі әлемтану сипаты арқылы философия мәдениетке араласа-
ды. Философия мәдениетте әлемді рухани-практикалық тану мен 
қабылдаудың жолы, әдісі ретінде қабылданады. 
Философия мәдениеттің негізгі бөлігі ретінде оның барлық 
кеңістігін қамтып, мәдениеттің негізінде жатқан әлемді танудың 
теоретикалық ядросын қалыптастырады. 
Адамның табиғатқа, қоғамға, өзге адамдарға деген ең жал-
пылық бағыттарын анықтап, идеялы негізді қалыптастырып, 
соның негізінде адамның өмірлік іскерлігінің ұстанымына негіз-
деліп, философия, В.С. Горский есептегендей, мәдениетте үш 
негізгі қызметті атқарады:
«Біріншіден, адамзаттық мәдениеттің түрлі салалары мәселе-
лерінің тоғысында жаңа мәселелердің құрылуына әсер етіп, ол 
интеграциялаушы, синтездеуші қызметті атқарады».


26 
«Екіншіден, гуманистік идеялар мен әлеуметтік-этникалық 
бағалаудың критерилерін негіздеудің саласы бола отырып, фи-
лософия, онымен негізделген идеалдармен шартталған тану 
мен іскерліктің жолы арқылы құндылықтық-реттеуші қызметті 
атқарады». 
«Үшіншіден, сынаушы қызметті атқарып, ол мәдениеттің 
өзін-өзі тануы мен өзін-өзі сынауына мүмкіндік береді» (История 
философии и культура. Киев. – Наукова думка. – 1991. – 284 с).
Философия мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде, адам 
тұрмысының шекті түсінуінің шартталуы негізінде орын алады. 
Адамзаттың ұғынуының кілті болып, әлемнің толықтық бейнесі 
болады. осыған орай, мәдениет философияның өрісін зерттеуші 
тарихшы көңілінде сенім, махаббат, үміт, өмір, жақсылық, 
шынайы лық секілді тағы да басқа категорияларды зерттеу жа-
тады. Бұл мәдениет философиясының мәселелерінің барлық 
шегінің құндылықтық сипатталуын көрсетеді. 
мәдениет философиясының тарихы қоғамдық тұрмыстың 
қаны мен теріне енген философиялық мағынамен қатынасы 
бар. Бұнда философиялық мәдениеттің тарихы адамның әлемге 
қатынасын анықтап, тәртіптің нормалары мен үлгілері, жеке 
бағалау, құндылықтық таңдау деңгейінде орын алатын аксология-
мен байланысты болып келеді. 
Кез-келген кезеңнің философиясын ұғыну оның негізін салған 
мәдениетті алдын ала зерттеусіз мүмкін емес. Философиялық 
әдебиетте мәдениет адами құндылықтардың жүзеге асыру сала-
сы, адамның қарым-қатынасының кеңестігі ретінде ұғынылады. 
Бұл пікір тұрғысынан, мәдениет философиясы тарихын зерт-
теу философиялық шығармашылық үдерісінің өзін тұлғаның 
өзін-өзі еркін көрсету мен дамытуды талдауды ұсынады. Әрине, 
мәдениет философиясы анализінің мақсаты, философия тари-
хын тек философиялық жүйелер, оқытулар мен теориялардың 
жиынтығы ретінде емес, жаңалық ашушылардың субъективті 
әлемінде қайталанбас ізі бар, философиялық жүйелер мен 
оқулардың шығарушыларының тарихы ретінде зерттеуді қажет 
етеді. мәдениеттің жалпы құрамында мәдени іскерліктің түрлі 
өнімдерінде терең мәнге ие, философиялық мәнді идеяларды 
анықтау маңызды. Философия тарихы, өткеннің құбылыстарына 
өз уақытының мәдениет позициясынан қарай отырып, сол кезең-


27 
нің менталдығының тарихын, оның құндылықтық ұстаным-
дарын қайта құруы қажет. мәдениеттегі философиялық идеяла-
ры қызметтерінің нәтежиелері тек қана философиялық трактат-
тарда жазылып қоймай, сонымен қатар, материалды және рухани 
мәдениет саласының шығармашылық өнімдерінде де өзіндік ор-
нын қалдырады. 
мәдениетті түсінуінің генетикалық нәтежелері аталған 
түсінікті қолданудың дәстүрімен тікелей байланысты. Құнды-
лықтық әдіс білімнің гуманистік бағытталған салаларында 
айтарлықтай орын алды. Жалпы мәдениеттің аксиологиялық ин-
терпретациясы оған әлемге деген қатынаста белсенді-таңдаулы, 
эмоционалды-сипатталған, тұрмыстық салаға қарағанда, ра-
ционалды мәнделген таңдаумен сипатталатын, құндылықтар 
жүесінің, гуманистік идеалдардың шартталуы мен таратылуының 
қоғамдық сананың кең саласына сәйкес келеді. 
осылайша, мәдениет философиясының пәні болып, мәде-
ниеттің әмбебап, жалпылық феномен ретіндегі философиялық 
дамуы болып табылады. мәдениетті классикалық түсіну тарих 
философиясына негізделді. осымен қатар, Ю.Н. давыдов атап 
көрсеткендей: «мәдениет философиясын тарих философиясынан 
да бөліп қарастыру қажет, себебі мәдени шығармашылық үдерісі 
өз жиілігімен тарихи эволюциямен сай келмейді, осыған орай, 
мәдениет әлеуметтануынан да одан көңілі ауып, берілген жүйеге 
сәйкес келмейтіндігін көреміз» (давыдов Ю.Н. Философия 
культуры – Культурфилософия // Философская энциклопедия. 
– м., 1970. – Т.5). адамдардың мәдениетке деген практикалық 
қатынасы белгілі бір құндылықтық бағыттар мен критерийлерді 
тудырады. мәдениет – адамның саналы іс-әрекетінің өнімі. Егер 
адам құндылықты санаға ие болмаса, материалды да, рухани да 
мәдениет болмас еді. Бұл дегеніміз, адам да болмас еді деген сөз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет