Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Құндылық мәселесін қарастыруда қандай ерекшеліктер бар?
2. мәдениет философиясында қандай негізгі құндылықтар жүйесі атап
көрсетіледі?
3. мәдениетте этикалық құндылықтардың рөлі қандай?
4. Құндылықтардың этикалық жүйесінің негізгі категориялары қандай?
5. Құндылықтардың классификациясы және иерархиясы қалай?
Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар:
1. мәдениет философиясының аксиологиялық концепциялары.
2. Құндылықтар типологиясы.
3. Құндылықтардың натуралистік концепциясы.
4. Құндылықтың теологиялық концепциясы.
5. Құндылықтардың гуманистикалық концепциясы.
1.4 Этикалық қарым-қатынас мәдениеттің
құнды өзегі ретінде
Этикалық қарым-қатынас мәдениеттің өзегі ретінде
Этикада өнегелі мәдениет мәселесіне обьект жағынан
келеміз, яғни өнегелік жағынан және этика оны түсіндіру үшін
методологиялық және басқа да ғылыми аппараттарды қоса алған-
да өзінің барлық ұғымдарын қолданады. мәдениеттануда өнегелік
– өнегелі мәдениет спецификасын көрсетеді және қоғамдағы адам
іс-әрекетінің құнды-нормативті реттеушісі қызметін атқара ды.
осыдан келе өнегелі мәдениет мәселесінің шешілу негізі белгілі
бір мөлшерде құндылықты түсіну, оның түрлерін және қоғам дық
өмірде белгілі бір атқаратын ерекше функциясына байланысты
болады.
Аксиологиялық ілім тарихында табиғатты және моральдық
құндылықтарды түсіндірудің көптеген жолдары бар – натуралис-
тік, обьективті-идеалистік, субьективті-идеалистік. Құндылықтар
қатары жайлы айтқанда үш негізгі принциті атап өту қажет.
Біріншісі – иерархизацияға немесе доминантты құндылықтар
ерекшеленуіне негізделеді. Бұл жағдайда қалған құндылықтар
екінші орынға жылжиды. Көптеген мәдени жүйелерде немесе
ортада осындай доминантты құндылықтар ретінде Құдай, билік,
байлық, адам, прогресс, демократия және басқалары көрінеді. Ал
36
екінші орындағы құндылықтар іскерліктің әр сферасына қарай
бөлінеді. мысалға кәсіби жұмыстың қатал рационалдылығы
рухани дүниемен алмаса алады. мысалы: музыка, дұға немесе
ойын-сауық арқылы. Үшіншісі – құндылықтардың әлеуметтік
жікке қарай бөлінуі. Егер саяси элиталар үшін басты құндылық
билік болса, діни адамдарға – моральды құндылықтар, интел-
лектуалды адамдар үшін – білім басты құндылық болып та-
былады. Сөзсіз үйлесімді қоғам қай құндылық қайсысынан
маңызды деген бәсекеден пайда болатын таласты жою үшін осы
құндылықтардың бәрін қажет етеді. Қазіргі кезде адамзаттың
жақсы өмір сүруі үшін құндылықтардың рөлі шынымен аса
маңызды. Р.У. Сперридің көрсетуі бойынша «біздің қазіргі
жаһандану аясындағы дағдарысымыз көп мөлшерде дұрыс емес
әлеуметтік құндылықтар мен көзқарастардың арқасында.... адам-
зат тағдыры, жалпы биосфера тағдыры келесі ұрпақ таңдайтын
көзқарас пен құндылықтарға тәуелді болып қалды... сәйкесінше
сол құндылық көзқарастармен өмір сүріп, басқаратын болады.
Сөз – адамзаттың жоғары жаңа құндылыққа рухани тұрғы-
дан мән беруі болып отыр. мәселе тек түсінуде ғана емес, осы
құндылықтардың адам сезімімен қабылданып көрінуінде.
мұндай көзқарас пен құндылықтар адамдар арасындағы ойлау
бейнесін, танымдылық қасиетін, іскерлікті адамның табиғатқа
деген қатынасын көрсетеді. Нақты осы дүниелер адамзаттың ары
қарай дамуына қажетті.
Расымен де, индивид өмірінде немесе қоғамда құндылық
қандай маңызға ие екенін, оның құндылық приоритеттерін білмей
жатып болашақты болжауға болмайды. мәдениетті құраушы
барлық элементтер мәдени қажеттіліктер деңгейіне, мәдениет
өркендеуіне әсер ететін белгілі бір «сапаға» ие.
Жақсылық пен жамандық та, мейірімділік пен зұлымдық та,
пайдалы мен пайдасыз да көрініс табатын құндылықты крите-
рий, идеалдар адамдардың мәдениетке деген қарым-қатынасын
көрсететін деңгейдегі іс-әрекетте көрінеді. осы дағдыға бай ла-
ныс ты аксиологоиялық принцип іске асады, яғни кейбір көрі-
ністерді адам табиғатына жат деп сырып тастайды, соның
арқасында жаңа дүниелерді жоспарлайды.
37
Адамның мәдениетке деген көзқарасы бір-бірімен үйлесімді
байланысқан, ол ғылыми және құндылықтар тұрғысынан тану
мен жаңғырту үдерісі арқылы көрінеді. Бұл үлгі адамзат дамуы-
ның кез келген деңгейіне жатуы керек. Құндылық жетістігі болған
кезде адам іс-әрекетіне сай қажеттіліктер мен қызығушылықтар
жағынан мәдени-тарихи үдерістің нақты жағдайлық анализі
керек. Өнегелік мәдени құндылықтың негізі болғандықтан
мәдениет, этика және аксиология теориясымен байланысады.
мәдениеттанулық танымда құндылықтар мәселесі жал-
пы алғанда, өнегелік құндылықтар жеке алғанда, адамзат
жаса ған материалды және рухани құндылықтар байланысы
ретінде, мәдениеттанулық анықтамада маңызды орынға ие.
Құндылық мәдениеттанулық анализ обьектісі болып табылады.
Құндылықтар сатысының өзгеруін, жаңару механизімін білуге
мүмкіндік береді. мәдениеттанулық білім өзіне аксиологиялық
білімді де алады, себебі құндылықтар норма, бейне және идеал-
дарымен қоса осы регулятивті системаның маңызды компоненті
болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы құндылық спецификасы және осыған бай-
ланысты көптеген мәселелердің зерттелуі тек этиканың ғана
еншісінде болатын. Бірақ қазіргі кезде бұл мәселенің ауқымды бо-
луы, оны шешуге жаңа жолдардың табылуы, ғылыми жетістіктер
нәтижесінде, өнегелік мәдениеттанудың мәселесі ретінде де
қарала бастады. Этикада өнегелі мәдениет мәселесіне оның
обьектісі – өнегелік жағынан келеміз және этика оны зерттеу
үшін өзінің барлық түсінігін қолданады. методологиялық және
басқада зерттеу аппараттарын қоса алғанда.
мәдениеттануда өнегелі мәдениет спецификасын көрсетеді
және қоғамдағы адам іс-әрекетінің құнды-нормативті регуляция-
сы ретінде көрінеді. осыдан келе өнегелі мәдениет мәселесінің
шешілу негізі белгілі бір мөлшерде құндылықты түсіну, оның
түрлерін және қоғамдық өмірде белгілі бір спецификалық
атқаратын функциясына байланысты болады.
Этикалық оқыту тарихында табиғатты және моральды
құндылықтарды түсіндірудің көптеген жолы бар – натуралистік,
обьективті – идеалистік, субьективті – идеалистік. моральдың
мейірімділіктің бастамасы бірде ләззатқа немесе бақытқа талпы-
38
натын «адамзат табиғатында» (натурализм, гедонизм, эвдонизм),
бірде құдайлық ерік-жігерде (неопротестатизм, неотомизм) кей-
же жер шарының заңдылығы мен сыйымдылығында, ал бірде
адамдардың сезімдік және эмоционалды реакцияларында (неопо-
зитивизм, сезімнің өнегелік системасы) көрінеді.
Этиканың негізгі толғандырушы сұрағы моральдың пайда
болу табиғаты болатын. моральдың тәуелді болған негізін қарай
отырып дробницкий о.Г. оны екі типке жатқызады. Біріншісі,
өнегелік қажеттіліктерді адамдың тұрмыс-тіршілігіндегі іс-
әрекеттен шығарады, «адамның табиғаты» өздігінен белгілі тари-
хиға жатпайтын моральдың негізі. Екінші тип моральдың негізі
сөзсіз кейбір тарихи емес бастаулар дейді, яғни табиғи көзқарасқа
жатпайтын қарапайым идеялар мен қарым-қатынастар жатады:
«табиғат заңы», «космостық теология», Құдай заңы және т.б.
Өнегелік қоғамдағы мәдениет көп жоспарлы рухани фено-
мен. Спецификалық функцияны атқарушы адамдар арасындаға
қарым-қатынасты қалыпқа келтіруші. Қоғамды оның өнегелік
мәдениетімен сипаттай отырып, автор өнегеліктің екі деңгейін
көрсетеді; шынайы және идеалды. Қоғамның өнегелігі – бұл адам-
дардың күнделікті өмірдегі құндылықтары, олардың күн делікті
іс-әрекеттері мен қарым-қатынастары, шынайы құндылықты
көрсететін олардың тілектері, мотив пен мақсаттары, мақсатқа
жетудің басқа да жолдары. Екінші жағынан қоғамның өнегелігін
жеке индивидке жалпы идеалды талаптар, дағдылы іс-әрекеттер
ретінде қатысты болатын нормалар мен принциптер, құндылықтар
идеалдардың тарихи қалыптасқан белгілі бір системасы ретінде
түсіндіреді. оның ойынша идаелды талаптар қоғамдық пікір
жағынан қолдау тауып отырады, олар арнайы мораль кодексінде
беріліп, шығармашылық іс-әрекеттерде көрініп тұрады дейді.
Бірақ шынайы және идеалды өнегеліктер бір-бірімен өзара
байланысты болғандықтан оларды нақты бір шекарамен бөлуге
болмайды. Бұл идеалды өнегелік тарихилықтан қалыптасуымен,
нақты қоғамдық қарым-қатынас және шынайы өмір жағдайымен
анықталуына байланысты. Бұл өнегелік белгілі бір мөлшерде
қоғамдық қатынас пен шарттардың спецификалық көрінісі болып
табылады. Сәйкесінше, шынайы құндылықтың, сонымен қатар
қоғамның белгілі бір қажеттіліктерінің идеалды көрінісі болып та-
39
былады. Өз кезегінде идеалды өнегелік әртүрлі жағдайда шынайы
құндылықты қалыптастырып, демеп тұрады. Өнегелік мәдениетте
қоғамның мейірімділік, зұлымдық, намыс, борыш және т.б. тура-
лы қалыптасқан түсініктері көрініс табады. осы түсініктер адам
іс-әрекетіндегі нормаларды қалыптастырып, әлеуметтік көріністі
сипаттайды. Көзқарас пен принциптерді өз бойына сіңіріп, инди-
вид оны бойындағы өнегелік сапаға айналдырады.
Этика және өнегелік мәдениет мәселесіне А. Гусейнов на-
зар аударған болатын. Этикалық теорияның ғылыми дамуы мен
өсуі автордың айтуынша, қоғамның моральдық және өнегелік
сипаттағы сұраныстарының тарихи жағдайына байланысты. яғни
этиканың тарихы мен мәселесі бұл сол өнегеліктің тарихы мен
мәселесінің көрінісі болып табылады. А. Гусейнов моральдық
санаға негізделген этикалық обьективтіліктен субьективті өне-
гелікке көшетін этикалық теория мен өнегеліктің байланысын
көрсетуге тырысады.
Гусейновтың пікірінше қоғамның өнегелі мәдениеті өнегелік
түсінігімен бір қатарда тұрады дейді. Өнегелік әлемді рухани-
тәжірибелік танудың бір түрі. Өзіне құнды дүниелерді орнату-
ды, іс-әрекет нормалары мен мотивтерін, адамдар арасындағы
қарым-қатынас формасын қосады. яғни ол іс-әрекетті қалай жа-
сау керек екенін айтып қана қоймай, ол не үшін жасалатынын
да түсіндіреді. осы жерже автордың айтуынша маңызды рөлді
моральды сана атқарады, ол өзіне ақылдылық, белгілі бір іс-
әрекеттің мақсаттылығын көрсететін функцияны қосады.
осыдан келіп шығатыны қоғамның басқада рухани мәдениеті
сияқты, өнегелікте тарихи өзгеріске ұшырап отырады. Қоғамдық
қарым-қатынас пен шарт өзгерген кезде адамдармен бірге
өнегелікте өзгереді. Әр тарихи кезеңде өзіндік ерекшілігі бар,
моральдық нормалар, құндылықтар мен идеалдар системасынан
құралған жаңа шынайы өнегелік пайда болады. мәдениет тари-
хы феодалды, буржуазды қоғам моралін білгендей әлеуметтік
қоғам мәдениеті туралы да біледі. Қоғамдағы мазмұны мен фор-
масы әртүрлі идеалды талаптар системасын білгендей, адамдар
іс-әрекеттерінің әртүрлі жолдарын білеміз.
Өнегелік мәдениет эмпирикалық деңгейде алдымен өнегелі
құндылықтар шекарасын көрсетеді, одан кейін күнделікті өмірде
40
қалыптасқан құндылықтардың «мәдени», «жоғары» деңгейін
көрсетеді. Р. Жибайтис өнегелік мәдениеттің бір формасы де-
ген көзқарасты ұстанады, сол себепті де «мәдениет» өнегелікте
де, жеке тұлғалар қарым-қатынасында да жаңа еш нәрсені
көрсетпейді. Өнегелікте өз алдына, мәдениетте абстрактілі
түсі ніктердей қоғамдық өмірдің шынайылығын көрсете ал-
майды. Сол себепті «өнегелік» және «мәдениет» түсініктерінің
байланысы ғана қоғамдық өмірдің шынайы жағын көрсете
алады. Бұл түсініктер көріністерді эмпирикалық танып және
теориялық түсіндіре алулары қажет. Бұл егер мәдениет өнегелік
түсінігін ерекше көрсетіп, түсіндіріп тұрса пайда болады,
яғни « өнегеліктің қоғам үшін маңызын көрсетіп қана қоймай,
құндылықтар қатарына «форманың» өзінде қояды» (Жибайтис Р.
Өнегелік мәдениет. Вильнюс, 1981).
Қоғамдағы қарым-қатынас прогресіне сәйкес келетін өне-
гелік прогресс – бұл дәстүрлі мәдениеттің ауысуының, тарихи
өзгерулердің нәтижесі. Қоғамдағы басқа да құрылымдардың
өзгеруі сияқты өнегеліктің тарихи формаларының ауысуы
қоғамдағы өнегелі мәдениет жаһандануына алғышарт болады. Әр
тарихи кезең қоғамның өнегелі мәдениетін құруға мүмкіндіктері
бар. Және әр кезеңде мәдениеттің рухани және материалды
құндылықтары трансформацияланады (экономика, саясат, ғылым
және т.б), толықтай алғанда қоғамның мәдени деңгейін көрсетеді.
осы қоғамның басқа компоненттеріндегі өнегелік жүйесінің
жағдайын анықтайды. Өнегеліктің жағдайы қоғамның әртүрлі
саласында қалыптасқан қажеттіліктер мен қызығушылықтарға
байланысты. мысалға, қазіргі кезде экономикалық қажеттілік
материалды байлыққа деген құлшыныс басты мақсат болып,
өнегеліктің байлылығы ме іскерлігі азайған кезде материал-
ды қызығушылықтар адамдар өмірінде пропорционалды емес
рөлді ойнайды. осындай жағдайда материалды байлық бірінші
қойылып, ар-намыс тазалығы, өзін-өзі сыйлау, борыш және т.б
өнегелік қасиеттер шетке ысырылып, сол арқылы өнегелікті жою
жолы пайда болады.
Өнегеліктің реттеуші функциясы әртүрлі саладағы адамдар
бір-бірімен қарым-қатынас ұстағанда және әріптес болғанда пай-
да болады. ортақ қажеттіліктер кезінде өнегелік бір адамның
41
қызығушылығы немесе ұжымның қызығушылығы бір-бірімен
сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Белгілі бір нормаларға сәйкес
(сөзінде тұру, алдамау, және т.б.) адамдар арасындағы құндылық
пен лайықтылық сақталу үшін адамдар іс-әрекетін тәртіпке
келтіреді.
Адамдардың бір-бірімен араласудағы іс-әрекет көріністері
өнегелік құндылыққа сүйенеді. Тек кез-келген адами қарым-
қатынаста емес, «мейірімділік» пен «зұлымдық» көрінетін іс-
әрекетте. А.И. Титаренко «.... өнегелік мейірімділік пен зұлымдық
дихотомиясы арқылы іске асатын жалпы іс-әрекеттің құнды бір
дағдысы» ( Титаренко А.И. Өнегелі сананың структурасы. – м.,
1974). мораль мен өнегелік сферасындағы қандай да болсын
іс-әрекетті, түсінікті алып қарасақ, олар адамды мейірімділік
пен зұлымдықтың аражігін ажыратуға көмектеседі. мораль
сферасындағы көптеген қарым-қатынас осы мейірімділік пен
зұлымдықтың нақты модификациясының көрінісі. Жақсылық-
мейірімділік, сәйкесінша жамандық – зұлымдық. Әділеттілік
пен әділетсіздік, нәзіктік пен қаталдықта және т.б тура сол
сияқты. Ұят, ар – егер адам мейірімділік сызығынан ауытқыған
кезде сезінетін сезімі. Зұлымдық құндылыққа жатпайды, ал
мейірімділік болса көп жағдайда өнегелі құндылықтың кілті бо-
лып табылады. мейірімділік абстракция сияқты емес, ол адам-
дар сезімі, ойындағы, іс-әрекетіндегі шынайы қарым-қатынас.
Адамдардың бір-біріне қажетті құндылығы.
Басты өнегелі құндылық – мейірімділік. Басқа өнегелік құн-
дылықтар тек мұнымен байланысты ғана емес, кейбіреулері
адамдар ара-қатынасындағы құндылықты көрсету үшін мейірім-
діліктің көшірмесі ғана болып келеді. Өнегелі болу, мейірімді
болу, мейірбандылыққа жақын болу. мейірбан адам жақсылыққа
құштар, жақсылықты жасаушы және соны өз ісімен көрсетуші.
мейірімділікті тазалық, әділеттілік, жауапкершілік, тәртіптілік
арқылы іске асыруға болады.
осылай әр қоғам өз дамуында осы не басқа да өнегелі
құндылықтарды туындатады, мейірімділікті туғыздырар адамдар
арасындағы қарым-қатынас нормасы мен формаларын жасайды.
Өнегеліктің болмауы адами мәдениеттің жойылуына алып келеді,
сол себепті де ол құнды.
42
Сонымен өнегелік мәдениеттің құнды бір формасы ретінде, әр
адамның іс-әрекетінде, дүниетанымдық көзқарастарында, өнегелі
саналарымен, ортақ қарым-қатынастарында жәе іс-әркеттерінда
қалыптасып қалады.
мәдениеттің маңызда бастауы руханилық болып табыла-
ды. Руханилық сферасында адам мәдениетті тасушысы, инди-
видуалдылық, өзінің құндылығымен қоса тұлға, субьект болып
қарастырылады. В.Ж.Келленің пікірінше: «Руханилықтың ең
дамыған сипаттамасы деп адамның өмірлік маңызы бар экзи-
стенционалды мәселелерін көрсететін сананың құнды форма-
сы десек болады. Руханилық өнегелікпен боялған және оның
мәселелері өнегелік бағаға жатады. Әлем оның сыйымдылығы
ол субьектіге қатысты болса ғана қызықты. Руханилық білімді,
рационалдылық пен интеллекті жоққа шығармайды. Біздің
уақытымызда руханилықты дінмен байланысты етіп қарастыруға
тырысады. Бірақ басқа да көзқарастар бар. Руханилық – адамдағы
адами бастаулар, а руханилық емес – оның қайта туылуы. Тек
діни ғана емес, зайырлы да руханилықтың болуы мүмкін. Бұл
руханилықтың әртүрлілігі.
Этиканың негізгі толғандырушы сұрағы моральдың пайда
болу табиғаты болатын. моральдың тәуелді болған негізін қарай
отырып, о.Г. дробницкий оны екі типке жатқызады. Біріншісі,
өнегелік қажеттіліктерді адамдың тұрмыс-тіршілігіндегі іс-
әрекеттен шығарады, «адамның табиғаты» өздігінен белгілі
тарихиға жатпайтын моральдың негізі. Екінші тип моральдың
негізі сөзсіз кейбір тарихи емес бастаулар дейді, яғни табиғи
көзқарасқа жатпайтын қарапайым идеялар мен қарым-қатынастар
жатады: « табиғат заңы», « космостық теология», Құдай заңы
және т.б.
моральды-этикалық құндылықтар санада өмір сүреді (тұлға
және қоғамдық), субьект аралық белгісі бар және адамдар ара-
сында қары-қатынаста көрінеді. мазмұнды қарым-қатынаста
моральды-эткалық сана біріншіден өзіне іс-әрекеттер бағасын,
мінез сипатын, өмір сүру дағдысын және т.б қосса, екінші жағынан
моральды императивтер мен нормалар арқылы қалыптасқан
моральды әрекет идеалын қосады. Сонымен қатар моральды-
этикалық сана өзіе аксиологиялық және деонтологиялық сананы
43
қосады. Егер ғылым индивидке кері әсерін тигізер қалыптасқан
байланыстар мен тәуелділіктерді көрсетсе, онды моральды-
этикалық білім адам табиғатындағы емес, адами тіршіліктің
мәдениет кеңістігінде қалыптасқан дүниелерді көрсетеді.
Л.Н. Столовичтің пікірінше, «құндылық – субьективті-
обьективті емес субьекті-обьектілі қарым-қатынас. осы субьек-
тілі-обьектілі қарым-қатынас өзі тудырған құндылығымен қоса
обьтективті болып келеді» ( Столович Л.Н. Сұлулық. мейірім-
ділік. Шындық. Эстетикалық аксиология тарихының очеркі. – м.,
1994). Бағаның негізінде субьективті-обьективті қатынас жатыр.
Адамның әлемге деген құндылық қарым-қатынасының обьективті
жағы – құндылық, ал субьективті жағы – баға болып табылады.
Құндылықтада, бағада да обьект те субьект те бір-бірімен бай-
ланысады, бірақ құндылық «обьективті шындық» ал баға «шы-
найы субьективтілік» болып көрінеді. Сонымен құнды қарым-
қатынастың субьективтілікпен қатар онтологиялық жағы да бар.
Г.П. Выжлецов көрсеткен құндылық структурасында бір-
бірімен байланысқан 3 басты элемент бар: мағыналылық, норма,
идеал. осыған сәйкес кез келген құндылық мағыналылықпен,
пайдалылығымен маңызды. мағыналы болған дүние ғана
құндылық бола алады. Құндылық өзіне міндетті де (қарым-
қатынас, іс-әрекет нормасын) және тілекті де (идеал) қосады.
мейірімділік мысалға алсақ, пайдалы болғаннан кейін ғана
құндылық болып саналмайды. мейірімділікті істеу талабы
егер ол істелсе де, мейірімділіктің құндылық ретіде толық іске
асқанын көрсетпейді. мәдениет адамдар қарым-қатынасындағы
құндылықтардың іске асуымен көрінеді. Бірақ мағыналылық
пен норма (міндеттілік) автор атап өткендей, мәдениеттілік
өркениеттілікпен бір қатарда тұрған төменгі мәдениет деңгейіне
де тән.
Г.П. Выжлецов құндылық пен құнды қарым-қатынастың бас-
ты сыйымдылықтарын атап көрсетеді:
– құнды қарым-қатынастың ерекшілігі сол ол өзіне қажетті,
жақсылықпен байланысты, еркін таңдаумен, жаны қалайтын
дүниемен байланыстыны қосады;
– құндылық адамды өзінен, басқалардан бөліп-жарып, алыс-
татпайды. Керісінше жанұя, ұжым, халық, ұлт болсын бәрін бір
44
етіп қосады. П.А. Флоренский айтпақшы бұл бірлікке барлық
адамзат бірлігін қосады.
– құндылық қарым-қатынас адамдар үшін сыртқы және
тәуелді дүние емес, ішкі және өз әсерімен жасалатын дүниелер;
– шынайы құндылықтарды, мысалға ұят, махаббат немес
батырлықты күштің, ақшаның немес алдаудың көмегімен тартып
алуға болмайды.
осылай құндылықтың спецификасы айта келе құндылықтар
субьекті-обьектілі және субьект аралық қарым-қатынстар нәти-
жесінде пайда болады деген тоқтамға келеміз. Субьектінің обьек-
тіге қарым-қатынасы бағаның спецификасын анықтайды.
Адамның құндылық санасы болса, ол бүкіл әлемді құндылық
жағынан қарастырады. Құндылықтар әртүрлі болады, бірақ негізгі
2 топқа бөлінеді: материалды және рухани. Құндылықтардың
мұндай дихотомиясы адамның екі түрлі табиғатына байланысты:
материалды (дене, биологиялық) және рухани (идеалды, саналы).
Адам биологиялық дене сияқты материалды өмірмен өмір сүреді,
өмірін сақтау үшін материалдық қажеттіліктері бар (биологиялық,
витальды). Нақты осы материалды қажеттіліктер материалды
құндылықтардың пайда болуына алып келеді. Әлемдегі заттар
мен көріністер адамға қаншалықты қажет екеніне байланысты
құнды болып саналады. Егер оның материалды дүние ретінде еш
қажеті болмаса онда оның адам үшін құндылығы болмағандығы.
Бірақ адам тек материалды өмір сүруші ғана емес; егер өзінің
биологиялық қажеттіліктері шектеп оны санаға бағындырған
кезінде ғана ол адам бола алады. Басқа жағынан адамның адам бо-
луы оның рухани өмірінің, рухани мәдениетінің қалыптасуымен
байланысты. Адамда: кітап оқуға, табиғатты тануға, музыка-
ны тыңдауға және т.б. деген рухани қажеттіліктер бар. Рухани
құндылықтар – адамның рухани өмірінің негізі және адам болып
қалыптасуындағы негізгі қозғаушы күш.
Этикадағы қарастырылатын мәселелердің қатарына катего-
рия системаларының тізбектелуі жатады. Қарапайым орында-
латын құндылық критериіне адамдағы ең бірінші құндылықтар
(бақыт, ләззат, құдай бұйрығын орындау және т.б.) және осындан
пайда болатын басқада категориялар, әркімнің өмірінде әрқалай
маңызды болатын (жақсылық пен жамандық, мотив пен іс және
т.б.) құндылықтар жатады.
45
Өнегелі сананың ішкі тарихи өркендеу логикасын өзінің этика
категориясында көрсетуге тырысқан Гегелден бастап, лингвист-
позитивистердің өнегелі сананың логикалық структурасын ашуға
деген талпыныстарының арқасында этика категориясының
теориялық түрінен басқа әдеттегі сананың критикалық емес фор-
масы жасалды.
о.Г. дробницкий өзінің «Өнегеліктің мәселелері» еңбегінде
этика мен өнегеліктің актуалды мәселелеріне назар аударғандай,
адам мәселесі мен қазіргі буржуазды этика критикасына да көңіл
қояды. Автор идеалистік этика қарастырған идеяларды қайта
қарай келе қойылған мәселелердің шешімін табуға тырысады.
мораль қоғамдық мәдениеттің спецификалық көрінісі. оның
пайда болуы әлеуметтік өмір қажеттіліктерімен, әртүрлі саладағы
адамдардың бір іске бірігулерімен байланысты.
Өнегелік о.Г. дробницкидің ойы бойынша қоғам және жеке
адамдардың дүниетанымдары, адамға деген көзқарас, қоғам
және тарих: «өнегелік – адам іс-әрекетінің қоғамда қалыптасуы,
қоғамдық сананың ерекше бір түрі және қоғамдық қарым-
қатынас түрі» (о.Г. дробницкий. Өнегелік мәселесі. – м., 1977).
Бұл терминердің кез келгенін қолдану «мораль» мен «өнегелік»
сияқты белгілі бір мағына береді. «мораль» түсінігінде өне-
геліктің нормативтілігі, оның әлеуметтік жағдайы көрінеді.
Этикалық категория жүйесіне о.Г. дробницкий жан-жақты
және көптеген қыры бар қоғамдық сананы қамтитын мораль
струк турасын қосады. осы система негізінде моральдың басты
көрінісі болатын моральдық іс-әрекет,өнегелік қарым-қатынас
Достарыңызбен бөлісу: |