Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


ТҰРҒЫН ҒИМАРАТТАРДЫ КҮРДЕЛІ ЖӚНДЕУ ЖӚНІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет2/31
Дата28.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#53286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1 03 16 2013

ТҰРҒЫН ҒИМАРАТТАРДЫ КҮРДЕЛІ ЖӚНДЕУ ЖӚНІНДЕГІ 
ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОБАЛАРЫ МЕН ЖҮРГІЗУ 
ЖОБАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӚНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ» 
«ИНСТРУКЦИЯ ПО РАЗРАБОТКЕ ПРОЕКТОВ ОРГАНИЗАЦИИ И ПРОЕКТОВ 
ПРОИЗВОДСТВА РАБОТ ПО КАПИТАЛЬНОМУ РЕМОНТУ ЖИЛЫХ 
ЗДАНИЙ» 
  
  
1 Қолдану шеңбері 
  
1.1 Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Сәулет, қала құрылысы және 
құрылыс қызметі саласындағы нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық 
құжаттардың талаптарына сәйкес әзірленді. 
1.2 Нұсқаулық тұрғын ғимараттарды күрделі жӛндеу жӛніндегі жұмыстарды 
ұйымдастыру жобалары (бұдан әрі –жұмыстарды ұйымдастыру жобалары деп 
аталатын) мен тұрғын ғимараттарды күрделі жӛндеу жӛніндегі жұмыстарды жүргізу 
жобаларын (бұдан әрі – құрылыс жұмыстарын жүргізу жобалары деп аталатын) 
әзірлеуге таратылады. 
1.3 Нұсқаулық жұмыстарды ұйымдастыру жобалары мен жұмыстарды жүргізу 
жобаларының құрамына, мазмұнына, әзірлену тәртібіне, келісілуі мен бекітілуіне 
қойылатын талаптарды белгілейді. 
1.4 Нұсқаулықтың талаптары мемлекеттік және жеке тұрғын үй қорына күрделі 
жӛндеу жӛніндегі жұмыстарды жобалау мен жүргізуді жүзеге асыратын барлық 
ұйымдар мен кәсіпорындар үшін міндетті болып табылады. 
1.5 Құжат сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жӛніндегі заңнамаға 
сәйкес құрылыс салу рұқсатынсыз салынған ғимараттар мен имараттарға, сондай-ақ 
тиесілі жер учаскелерінде құрылыс салушылар (жеке тұлғалар) ӛз күштерімен 
салынған жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне таратылмайды. 
2 Нормативтік сілтемелер 
Осы Нұсқаулықты қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар қажет: 
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 маусымдағы № 409-1 Азаматтық 
Кодексі (ерекше бӛлім). 
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 
туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ Заңы. 
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 
сәуірдегі № 94-I Заңы. 
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 
қарашадағы № 603- ІІ Заңы. 
«Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 
2006 жылғы 7 шілдедегі № 175-III Заңы. 
«Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау саласы туралы» Қазақстан 
Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексі. 


 «Тұрғын үй мен басқа жайларды, қоғамдық ғимараттарды ұстау мен 
пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық 
ережелер//. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1431 
қаулысымен бекітілген. 
«Ғимараттар мен имараттарға, құрылыс материалдары мен бұйымдарға 
қойылатын талаптар» техникалық регламент//. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2010 жылғы 17 қарашадағы №1202 қаулысымен бекітілген. 
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттар 
тізбесі//. Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық 
шаруашылық істері жӛніндегі агенттігі тӛрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 
108 бұйрығымен бекітілген.
Авторлық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу ережелері// ҚР АТМ 
20.10.2004ж. №406 бұйрығымен бекітілген 22.11.2004ж.бастап. 
ҚР 
ҚН 
1.01-01-2011 
Сәулет, 
қала 
құрылысы 
және 
құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелері. 
ҚР ҚН 1.03-00-2011 Құрылыс жүргізу. Кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттар 
құрылысын ұйымдастыру. 
ҚР ҚН 1.04-01-2002 Тұрғын ғимараттарын күрделі жӛндеудің жобалау-
сметалық құжаттарының құрамы, оларды әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы 
нұсқаулық. 
ҚР ҚНмЕ 1.03-05-2001 Құрылыстағы еңбекті қорғау және техникалық 
қауіпсіздік. 
ҚР ҚН 1.04-04-2002 Ғимараттар мен имараттардың техникалық ахуалын тексеру 
және бағалау. 
ЕСКЕРТПЕ. Құрылыс нормаларын пайдалану кезінде ағымдағы жылдағы 
жағдай бойынша жыл сайын шығарылатын «Стандарттау бойынша нормативтік 
құжаттар нұсқауы» ақпараттық нұсқауы және ағымдағы жылы жарияланған тиісті ай 
сайынғы 
шығарылатын 
ақпараттық 
нұсқаулар, 
сондай-ақ 
Қазақстан 
Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер және нормативтік-техникалық 
құжаттар тізбесі бойынша сілтемелік стандарттар мен жіктегіштердің қолданысын 
тексеру орынды. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (ӛзгертілсе), онда осы 
нормативтік құжатты пайдалану кезінде ауыстырылған (ӛзгертілген) құжат 
басшылыққа алынуы тиіс. Егер сілтемелік құжат ауыстырылмай жойылса, онда оған 
сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бӛлігінде қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет